Негізгі ұғымдар: адам ұрығы

Әйелдердің жұмыртқа клеткасында сарыуыз болмайды. Аналық жыныс безінен шығар мезгілінде жұмыртқа клет­касы үш қабықпен қапталады. Бірінші цитоплазманың беткі қабаты болып есептелетін сарыуыздық қабық екінші фолликулалық эпителийдің дамуы кезінде ооцитті айнала қоршаушы жылтырауық қабық, үшінші фолликулалық клеткалардан түратын клеткалық қабық. Ұрықтануы жұмыртқа өзегінің жоғарғы бөліктерінде жүреді.

 
 

Адамның жұмыртка клеткасы толық бөлшектенеді, бірақта бластомерлердің ірі күңгірт және ұсақ ақшыл бластомерлерге ерте бөлінуіне байланысты бөлшектену асинх-ронды жүреді. Бетіндегі "ақшыл" бластомерлерден ұрықты ана организмімен байланыстыратын трофобласт пайда бо­лады. Ішкі "күңгірт" бластомерлер эмбриобластыны құрайды. Эмбриобластыдан ұрықтың өз денесі мен бірнеше ұрықтан тыс бөліктен дамиды. Бөлшектену баяу жүреді. Жұмыртқа өзегінде ұрық бластоцистігі айналады. Клеткалардың бір қабатынан тұратын трофобласт сұйыққа толы құсты қоршап алады. Осы шар тәрізді ұрықтың бір полюсіне ұрықтық түйін деп аталатын эмбриобластының клеткалар тобы трофобластының ішкі бетіне жабысады. Құрсақтық дамудың бірінші аптасынын аяқ кезінде үрык, жүмыртка өзегімен жылжып жатырга келіп жетеді де, жа­тырдың қабырғасына бекіп, оның кілегей қабықшасының ұлпасына енеді (42-сурет). Трофобластымен жанасқан жердегі эпителий мен дәнекер ұлпасы ғана емес, тамырлардың қабырғасы да жойылады. Ұрық жатырдың кілегей қабықшасының ұлпасына тереңдеп батады. Ал оның трофобластының бүрлері тармакталып өсіп кілегей қабықшасының қыздыраған ұлпаларымен қосылып ана қанына батып тұрады. Осы бүрлер арқылы ұрық өзіне керек қоректік заттармен оттегін ана қанынан алады. Сонымен бірге ұрық алмасу өнімдерін ана қанына бөледі. Адамның гаструлалануы екі кезеңнен тұрады. Жоғары сатыдагы омыртқалылардағыдай адамның

 
 

гаструлалануының бірінші кезеңі деляминация аркылы жүреді. Бұнда эмбриобласты — эпибласты мен энтодермаға екі жапырақшага жарылады (эктодерманың, ме-зодерманың және хорданың материаддарынан тұрады). Осы екі кезекнің арасында ұрықты қажет жағдайлармен қамтамасыз ететін ұрықтан тыс органдар қалыптасады. Адамда үш ұрықтық жапырақтың бәрі ерте түзіледі. Ұрық денесі қалыптаса бастаганға дейін амниондық көпіршіктің қабырғасын құраушы ұрықтан тыс эктодерма, сарыуыз капшығы қабырғасының ұрықтан тыс энтодермасы және төл көпіршігінің қуысында, ұрықтан тыс мезодерма пайда болады. Амниондық және сарыуыз көпіршіктерінің жанасқан жерінде ұрық қалқаншасы пайда болады. Ұрық қалқаншасы ұрықтын денесін құрайтын ма­териал. Амниондық кепіршіктің негізіндегі биік цилиндр тәрізді клеткалар ұрықтың эктодермасын, ал онын астындағы клеткалар оның энтодермасын құрайды

 
 

Плацентаның құрылысы. А,Б-үлгілер.В-жүктіліктің бірінші жартынсындағы плацента.

Г-нәресте бөлігі

 

Трофобластымен жанасқан жердегі эпителий мен дәнекер ұлпасы ғана емес, тамырлардың қабырғасы да жойылады. Ұрық жатырдың кілегей қабықшасының ұлпасына тереңдеп батады. Ал оның трофобластының бүрлері тармакталып өсіп кілегей қабықшасының қыздыраған ұлпаларымен қосылып ана қанына батып тұрады. Осы бүрлер арқылы ұрық өзіне керек қоректік заттармен оттегін ана қанынан алады. Сонымен бірге ұрық алмасу өнімдерін ана қанына бөледі. Адамның гаструлалануы екі кезеңнен тұрады. Жоғары сатыдагы омыртқалылардағыдай адамның гаструлалануының бірінші кезеңі деляминация аркылы жүреді.

 

Бұнда эмбриобласты — эпибласты мен энтодермаға екі жапырақшага жарылады (эктодерманың, ме-зодерманың және хорданың материаддарынан тұрады). Осы екі кезекнің арасында ұрықты қажет жағдайлармен қамтамасыз ететін ұрықтан тыс органдар қалыптасады. Адамда үш ұрықтық жапырақтың бәрі ерте түзіледі. Ұрық денесі қалыптаса бастаганға дейін амниондық көпіршіктің қабырғасын құраушы ұрықтан тыс эктодерма, сарыуыз капшығы қабырғасының ұрықтан тыс энтодермасы және төл көпіршігінің қуысында, ұрықтан тыс мезодерма пайда болады. Амниондық және сарыуыз көпіршіктерінің жанасқан жерінде ұрық қалқаншасы пайда болады. Ұрық қалқаншасы ұрықтын денесін құрайтын ма­териал. Амниондық кепіршіктің негізіндегі биік цилиндр тәрізді клеткалар ұрықтың эктодермасын, ал онын астындағы клеткалар оның энтодермасын құрайды.

 

Ұрықтың дамуының 15—16-шы тәулігінде гаструлаланудың екінші кезеңі басталады. Ұрық қалқаншасының сыртқы қабаты клеткаларының иммиграциясының нәтижесінде алғашқы жолақ пен Гензен түйіні пайда бола­ды. Сонымен қатар алғашқы жылға мен алғашқы шұнқыр қалыптасады. Алғашқы түйінінің алдыңғы жағында болашақ хорданың материалы (хордалық пластинка), ал оны алдыңғы жағынан келешек нерв жүйесінін (нерв пластинкасы) материалы қоршайды. Алғашқы жолақ келешек ме-зодерманын материалы. Сонымен, хордалыларға тән жота комплексінің бастамалары қалыптасады.

Трофобласт пен ұрықтан тыс мезенхима қабаты қосылып хорионды құрайды. Амиондық көпіршіктін төбесімен бүйір қабырғаларының эктодермасы және оған жанаса орналасқан ұрықтан тыс мезенхиманын материалы бірігіп амнионды құрайды. Сарыуыздың энтодермасы мен оған жабыса біткен ұрықтан тыс мезенхиманын қабаты сарыуыз қапшығынын қабырғасын түзеді. Адамның сарыуыз қапшығында басқа плаценталы сүтқоректілердікі сияқты сарыуыз болмайды, құрамыңца белоктар мен түз бар сүйыққа толы болады. Ол ұрықтың бірінші қан жасаушы органы оның қабырғасында қан аралшықтары мен алғашқы қан тамырлары түзіледі.

Адам мен жоғары сатыдагы маймылдардың дамуында аллантоис елеулі рөл атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған хорионның бөлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей қабықшасының ұлпаларымен қосылып плацевтаны құрауга қатысады. Мезодерма сомиттер мен спланхнотомдарга ("бүйір пластинкаларыва") жіктеледі. Сомиттердің материалы сег-менттерге бөлінеді, спланхнотомның материалы сегменттелмеген күйінде қалады. Спланхнотомдар екі жапырақшаға бөлінеді, висцеральдық және париетальдық жапырақшаларға. Сомиттерге жанасқан спланхнотомдардың кішкене участоктары оқшауланып және сегменттерге бөлініп алғашқы бүйректің каналшықтарьшың бастамалары болып саналатын нефротомдарды (сегменттер аяқшаларын) құрайды. Спланхнотомдардыя висцеральдық және париетальдық жапырақшалары целомдық эпителийді (мезоте-лийді), ал осы жапырақшалардың арасындағы қуыс дененің екінші қуысын (целомды) құрайды. Сомиттер дерматомға, склеротомға және миотомдарға жіктеледі. Сары-уыз қапшыгы мен онын тамырлары толықтай жайылып кетеді. Амнион сабакшасы кіндік тамырларымен бірге аллантоиспен қосылып амниондық эктодермамен қапталып кіндік бауына айналады.

Нерв түтігінің алдыңғы үшында ми көпіршіктері түзіледі. Бастапқы кезде үш (алдыңғы, орта және артқы), кейін бес алдыңғы және арткы көпіршіктердің әрқайсысы екіге бөлініп, ми көпіршіктері пайда болады. Ми көпіршіктерінін түзілуімен бірге бас қалыптасады. Үшінші аптаның аяғында — төртінші аптаның басында көздің, қүлақтың бастамалары, төртінші аптада ауыз тесігі, мойын бөлімінде желбезек саңылаулары пайда болады. Бет бөлімдері екінші айда тез қалыптасады, аяқ пен қолдың да бастамалары өсе бастайды. Екінші айдың соңында ішкі органдар да жедел дамиды.

Адам ұрығына тән сыртқы пішіні дамудың осы екінші айында пайда болады.