Тақырыбы: Мезодерманың пайда болуы

Жоспары

1. Ұрық жапырақшасы

2. Мезадерма құрылысы

 

Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструляциямен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында пайда болады. Бұл –эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Жоғары сатыдағы омыртқалыларда үш қабатты құрылысты ұрық гаструляция процесі кезінде пайда болады, ал төменгі хордалыларда және басқа типтерде гаструляция нәтижесінде екі қабатты эмбрион түзіледі.Омыртқасызжануарлардың көпшілігінде мезодерма бөлшектену стадиясында оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластылар деп аталған екі үлкен клеткадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы клеткалар ұрықтың артқы ұшында орналасқандықтан телобластылар деп аталған.

Тікенектілер мен ланцетниктерде мезодерма гаструляция аяқталғаннан кейін ішкі ұрықтық жапырақшадан пайда болады. Бұл жағдайда мезодерма алғашқы ішектің екі бүйірінде энтодерманың қалта тәрізді өсіндісі түрінде дамиды. Мезодермалық өсіндінің қуысы дененің екінші қусы немесе целом болып саналады.Мезодерма түзілуінің бұл әдісі энтероцельдік деп аталған.

Омыртқалы жануарларда мезодерма гаструляция процесі кезінде экто және энтодермамен қатар түзіледі. Мезодарманың бұл әдісі омыртқалыларға тән . Алғашқы ауыздыларда мезодерма телобластылық әдіспен пайда болады,ал екінші ауыздыларда энтероцельдік әдіспен.

Мезодерма эктодерма және энтодерма сияқты клеткалардың тұтас қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және мезенхима деп аталатын құрылымды құрайды. Мезенхимадан басқа құрылымдар мен тіректік дәнекер ұлпалары шеміршек пен сүйек, кейбір жағдайда бұлшықетте пайда болады. Сонымен, гаструляция аяқталғаннан кейін хордалыларға тән дене құрылысының жалпы жоспары анықталады.

Ең алдымен алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан энтобластың материалы ішке қарай жылжиды. Энтобласттың материалынан энтодерма, яғни ұрықтың ішегі пайда болады. Одан кейін гензен түйінінің және алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан мезобластың клеткалары жылжып, өрмелеп эпибластпен энтодерманың арасына орналасады. Мезобластың орта жағында тығыз жатқан клеткалардын хорда бөлініп шығады. Ал оның екі бүйірінен бір мезгілде сегментті мезодермада бөлініп шығады. Бастапқы жылғаның екі шетінен қайырылып, сегментсіз мезодерманың материалы ішке қарай жылжиды. Құстардың гаструляциясын қосмекенділермен салыстырғанда бастапқы шұңқырдың алдыңғы жағы бластопордың дорсалды ерні болып табылады. Алғашқы жылғаның екі жиегін бластопордың екі бүйіріндегі ерні десек те болады.

Сол процестермен бір мезгілде ұрық қалқаншасынан тысқары жатқан гипобласт пен эпибласт сарыуызды қоршап өсіп, сарыуыз қапшығын құрайды. Гипобласт пен эпибластың ортасында тысқары мезодерманың клеткалары орналасып, қан тамырларын құрайды. Сонымен, сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алу, қоректену қызметтерін атқарады. Гаструляциядан кейін нейруляция басталады. Нейрулада нерв түтігі, хорда және мезодерма түзіледі. Инкубацияның бірінші тәулігінің соңында блатодисктің үстінде нерв қатпарлары пайд болады. Ол екі қатпардың арасындағы нерв пластинкасы жатады. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп, тұтасып нерв түтігін құрайды. Мезодерма сегменті, яғни эписоммит, сегментсіз, яғни гипосоммит деп екіге бөлінеді. Эписоммит ұрықтың дорсалды жағында, ал гипосоммит вентралды жағында орналасады. Гипосоммитті кейде спланхнотом не бүйір пластикалары дейді. Кейін бүйір пластикалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындағысын висцеральды, ал сыртқы энтодерма полилетальды жапырақша деп атайды. Сол екі жапырақшаның арасындағы целом қуыс пайда болады.

Нейруляциямен бір мезгілде ұрықтың бас жағы бластодисктің үстінен ұрықтың дене жағы да көтеріле бастайды. Ұрық пен бластодисктің арасында дене қатпарлары пайда болады. Ол тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың паристалды жапырақшасынан құралады. Бұдан кейін ұрықтың астындағы жатқан дене қатпары қысқарады да ұрық сарыуыз қапшығынан бөліктене бастайды. Сонда ұрықтың ішегі де сарыуыз қапшығынан бөлектене бастайды. Бөлінген соң ұрықтың ішегі сарыуыз қапшығы мен кіндік жібімен ғана бірігіп тұратын болады.

Дене қатпары мен бірмезгілде амнион қатпарлары пайда болады. Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өседі. Ол ұрықтан тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың паристалды жапырағынан тұрады. Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өсіп, қосылғанның нәтижесінде екі қабықша пайда болады. Амнион қабықшасы және серозды қабықша. Амнион қапшығы үлкейеді де, сұйықпен толады. Сонда ұрық сол сұйықтың ішінде кіндік жіпшесінде ілулі тұрады. Серозды қабықша ең сыртқы қабықша, ол қабықшаның астында ұрықтың өзі де, одан тысқары жатқан амнион мен сарыуыз қапшықтары да орналасқан. Ұрық пен амнион қабықшасы арасындағы қуыс амнион қуысы деп аталады. Амнион және серозды қабықшалары арасындағы қуысын экзоцелом дейміз. Сол процестермен бір мезгілде артқы ішектің ішкі қабырғасынан қапшық тәрізді болып, өсіп аллантоис құралады. Аллантоис уақытша тыныс алу мен зәр боллып шығару қызметтерін атқарады. Жұмыртқадан балапан шыққанда ұрықтың денесінде тұрған аллантоистың кішкене бөлігі қуыққа айналады. Ұрық дамыған сайын сарыуыз қапшығы кішірейе береді де, инкубацияның ең соңғы кезеңінде оның қалдықтары ұрықтың ішіне қарай тартылып, еніп кетеді. Ұрықтық дамудың соңында амнион, серозы және аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқаның ауа камерасынан ауа жұтып, тұмсығымен жұмыртқаның ізбес қабығын тесіп, сыртқа шығады.

 

Дәріс