Салықтық бақылауды жетілдіру жолдары

Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.

Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ.

Салық жүйесінде әлі күнге дейін нашар жиналатын салықтар көлемі өте үлкен көлемде, ол кәсіпорындағы шаруашылық қызметін нашарлатады, бұл өз кезегінде бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.

Мемлекеттік мүлікті түгендеу процесі өте баяу жүруде, дегенмен бюджеттік ұйымдардан жасырынатын, яғни салық төлеуден жалтарынатын қарапайым коммерциялық ұйымдар жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру мақсаттары қандай? Бұл өте маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Орта мерзімді дамуда – бұл экономикадағы салық жүктемесін төмендету, мемлекеттік міндеттемелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешуде қаржы ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәуелділігін төмендету, мемлекеттік қаржыларды басқаруды құру және бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Салық реформасы салық төлеушілерге салық ауыртпашылығын төмендетуге, салық жүйесін жеңілдетуге, салық салу шарттарын реттеуге және салық әкімшілігінің сапасын жоғарлатуға бағытталған. Салық төлеушілер тиімді сот механизмдерінің көмегімен салық және кеден инспекторларының озбырлығынан қорғануы тиіс. Сонымен қатар салық төлеушілер салықтарды уақытында төлемегенде, жауапкершілігі қатаң түрде болуы керек.

Соңғы жылдары нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тікелей салықтарға өте үлкен көңіл бөлінеді, ал жанама салықтарға бағдарлану мынаны куәландырады: яғни әкімшілігінің тікелей салықтарды жинаудаға тиімді салықтық бақылауды ұйымдастырудың қабілетсіздігі. Сонымен бірге айта кету керек, көп мөлшердегі негізгі сомалар салық салудан және салық төлеушілердің әр түрлі банктерде көптеген шоттарды ашу кезіндегі салық органдарының бақылауынан шығады. Қазақстанда салық қызметін дамыту, ұйымдастыру мақсатында көптеген қиындықтарға, атап айтсақ, ете қиын жауапты, бір-бірімен байланысты мәселерді шешу үшін мамандарды іріктеу және қайта дайындау, қазіргі жаңа техникамен танысу, салық төлеушілерді оқыту, жаңа салықтық заңдылықтарды әзірлеу сияқты қиыншылықтарға төзуге тура келді.

Салықтық саясатты жетілдіру мақсатында Қазақстандағы салық органдары бюджетке түсетін салықтардың дұрыс есептелуіне бақылау жасауға көңіл белген. Салық қызметін ұйымдастыру барысында мына негізгі қызметтер жүзеге асырылады: заңдардың жобасын жасау, жүргізіліп жатқан салық саясатына талдау жасау, салықтарды басқару жүйесінің жобасын жасау, салық заңдылығын қолдану үшін нормативтік актілерді әзірлеу, тексерудің әдістері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жасап шығару, жүргізілген реформалардың нәтижесіне баға беру, салық органдарын қызметкерлерінің міндеттерін түсіндіру, салық жинау бойынша мәліметтерге талдау жасау, жұмыстардың сапалылығына жалпы бақылау жасау.

Қазіргі кезде салық органдары қызметін автоматтандыру жүзеге асырылуда. Осы арқылы салық қызметкерлерінің жұмыстарының сапасы, олардың біліктілігі, салық органдары жұмысының тимділігі артады, тексерістердің саны азаяды. Салық қызметкері үшін қай жерде проблема бар екенін бірден айқындауға мүмкіндік туады. Бұл жаңаша қызмет декларацияға алгоритмдерді есептеу, орташа көрсеткіштер мен салыстыру сияқты электрондық талдау жасау негізінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда әрбір салық тексерісі тиімді болады.

Қорыта айтқанда, салық органдарының өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарап ізденсе, өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырса, атқарған істерді сапалы болады және де алдына қойған барлық міндеттерді ойдағыдай орындау жолында аянбай еңбек ете береді. Өйткені, салық ісі - халық үшін екені салықшылар жақсы біледі.