Анықтылық, тәуекел және белгісіздік жағдайдағы шешімдерін қабылдануы.

Мәселені ұтымды (рационалды) шешу кезеңдері.

Мәселені шешу, басқару сияқты-процесс,яғни шексіз, бір-бірімен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы. Жетекші тек қана шешім қабылдаумен шектелмей сол шешімнен шығатын барлық нәтижелермен байланыстырып қарастырады. Яғни, мәселені шешуде тек бірлік шешім емес, олардың жиынтығы қарастылады. Сондықтан шешім қабылдауды біз 5 этапты қарастырсақ, көбіне ол(этаптар) сол шешімге тәуелді. 1- мәселенің диагнозы,2- шешімді қабылдауға арналған критерийлер мен шектеулердің формулировкасы,3-альтернативаларды шығару,4-альтернативаларды бағалау, 5-соңғы қалауды жасау.

1. Мәселенің диагнозы. Мәселені қарастыру,яғни диагнозын жасау, ең бірінші қадам болып есептелінеді. Мәселені қарастырудың 2 жолы бар. Біріншісі болып қойылған мақсаттар жеміссіз болған кезді айтады. Яғни мәселенің пайда болуын мақсаттар жеміссіз болған кезде білесіз. Келесі жағдайда жетекшілер болашақта бір жағдай болатын ситуацияларды ғана мәселе ретінде қарастырады. Басқару ісінің маманы Питер Друкер айтады « мәселені шешуде барлық мүмкіншіліктер қолданылуы керек». Диагностиканы жасаудың бірінші фазасы-симтомдарды жасау. Ұйымдардың ауыру симптомдары- табыстың төмендігі, өнімділік,сапа және т.б.

2. көбінесе көптеген ұйымдардың мәселені шешу жолдары реалды болмайды,себебі осы мәселені шешуге қажетті ресурстар жеткіліксіз болады. Кейде мәселені шешудегі факторлар ұйымнан тыс:заңдарға байланысты болады. Шектеулер: ресурстардың жеткіліксіздігі, жұмысшылардың аздығы қажетті технологиялардың аздығы. Альтернативтік варианттарды шешудегі стандарттарды анықтау шешімді қабылдау критерийлеріне байланысты,яғни олар мәселені шешудегі рекомендациялар ретінде сипатталынады. Мысалы машинаны сатып алуда 10мын доллардан жоғары емес деген критерийге сүйенесіз.

3. адамдар альтернативаларды таңдауды минималды стандартты қанағаттандыратын альтернативаны таппағанша жүргізеді. әрекетсіздіктен гөрі белгілі бір шешімге келу үшін іс-әрекет жасау керек. Тек әрекет жасау кезде ғана әлі белгісіз шешімді көруге болады. Мысалы, маминалардың жаңа модельдерін таңдау критерийлері.

4. егер сіз барлық жасауға мүмкін болатын идеялардың тізімін жасаған кезде ғана әр альтернативаны бағалау этапына көше аласыз. Яғн шешім қабылдауда барлық мүмкіншіліктер мен кемшіліктерді айқындау керек, яғни жетекші компромисстерге бару керек.

5. егер мәселе дұрыс айқындалып, альтернативалар дұрыс өлшенсе шешім қабылдау оңай қабылданады. Яғни жетекші ең тиімді альтернативаны таңдайды, бірақ кейбір жағдайларда ешбір альтернатива дұрыс баолмай қалады, мұндай жағдайда үлкен жұмыс тәжіребие мен ойлау қабілеттілікке байланысты.

 

Анықтылық, тәуекел және белгісіздік жағдайдағы шешімдерін қабылдануы.

Шешім қабылдау кезде біз әрдайым тәуекелмен соқтығысамыз. Тәукел түсінігі бұл жерде қауып деп түсінуге болмайды. Тәуекел-шешім қабылдауда болжанатын результаттың анықтылық деңгейін анықтайды. Шешім қабылдау тәуекел деңгейіне байланысты әртүрлі қатынаста анықталады. Оны анықтылық, тәуекел және белгісіздік жағдайы деп боледі.

Аңықтылық- шешім анықтылық жағдайында қабылданады, яғни жетекші альтернативаның дұрыс қабылдануында нақты біліктілігі. Анықтылық жағдайында шешім қабалдау барлық ұйымдарда қолдана бермейді

Тәуекел- шешім тәуекел жағдайында қабылданады, мұндай жағдайда мүмкіндік деңгейі анықталыды 0-1аралығында және барлық альтернативалардың сомасы 1ге тең болуы керек. Объективтіліктің болуы үлкен маңызды орын алады,себебі мүмкіндіктің объективтілігі математикалық методтар мен статистикалық анализ арқылы жасалынады.

Белгісіздік- шешім белгісіздік жағдайда қабылданады, яғни бұл жағдайда жаңа белгісіз,тез өзгеретің әлеуметтану,саясатта және ғылымда қабылданатын шешімдерді жатқызуға болады. Бұл жағдайда жетекші шешімді екі жолмен қабылдай алады. Бар информацияны толықтыратын мәліміттерді талап етіп, анализ жасау. Немесе бұрыңғы тәжіребиеге сүйеніп,интуициа арқылы шешім қабылдау.