Азақстандағы венчурлық бизнестің дамуы. Қазақстандық венчурлық қорлардың жобалары.

Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Оны дамытудың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. 2004 жылдан бері осы даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: “Әрекет” Жоғары технологиялар қоры, “Сентрас вен­чур­лық қоры”, “Glotur Technology Fund”, “Ад­вант венчурлық қоры” мен “Almaty Venture Capіtal”, “Logycom Perspectіve Іn­novatіons”. қазақстандық вен­чурлық қорлардағы ҰИҚ-тың үлесі 49 пайыз.

Осылайша, қорлар инновациялық жо­ба­лар­ды қаржыландыруға жеке капиталды тар­тып отыр. Қазір қазақстандық венчурлық ин­дустрия, сөзсіз, бастапқы даму кезеңінде тұр. Соңғы екі жылда республикамыздағы жаңа қар­жы құралын іске қосуда үлкен ұмтылыс бол­ды деп айтуымызға болады. Қазір әрекет етіп жатқан қорлардың қоржынында вен­чуршылар тарапынан 2,8 миллиард теңге салынған, 15 жоба жүзеге асу үстінде. Мына нәрсені атап өткім келеді, жеке инвестор­лармен жаңа венчурлық қорларды ашуда әріп­тестікті жалғастыра беру жоспарда бар. Сондықтан қазіргі қолда бар алты қор біткен жұмыстың шегі емес.

Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ – “тәуекелді кәсіпорын” болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуе­келді жобаларға салынған инвес­ти­ция­лар есебінен ақша табады. Бұл арада тәуе­келге салынған істің негізгі салмағы венчур­лық қорлардың “иығына” түседі. Сонд­ық­тан, қоржындық компаниялардың жеткілікті ста­тистикалық саны, жобаларды әрта­рап­тан­дыру мен рынок пен технологияларға нақты баға беруге қабілетті сарапшылар легі аса ма­ңызды рөл ойнайды. Мысалы, кәдуілгі жағдайда 10 компанияның тек 1-2-уі ғана салынған қаржыны он есе қайтарып ала ала­ды. Осы компаниялар табыссыз шыққан бас­қа компаниялардың шығынын жабады, олар­дың ішінде 6-8 компания нөлдік та­быспен, 2-3-уі шығынмен жобаны аяқтайды.

Құрылған венчурлық қорларда коммерциялық сипатқа көшіруге келешек әлеуеті бар 251 жоба қарастырылуда. Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, отандық венчурлық қорлар жалпы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жобаны қаржыландыру жөніндегі шешімді мақұлдады. Бұлар жаңа материалдар жасау, ақпараттық технологиялар, жартылай өткізгіштерді өндіру, биотехнологиялар, тұтыным тауарлары және фармакология салаларындағы жобалар.

Сонымен бірге Қазақстанда мониторлар мен телевизорлар өндіру, сондай-ақ, "Glotur DS Multimedia" АҚ-ның жанында ғылыми-зерттеу зертханасын құру жобалары жүзеге асырылуда.

15) Иновациялық менеджменттің дүниежүзілік тәжірибесі.Иновациялық менеджмент- жаңа идеялардың өндіріске енгізу процесін басқару және ұтымдыландыру әдістерінің жиынтығы.Экономикалық дамудың инновация­лық жолы – экономикадағы технология­лардың жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көңілінен шыққан, ғылыми білімді қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Жапония­ның “Сони” фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның ұлттық инновациялық қабі­летін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала келіп былай дейді: “Жапонияның экономикалық қуаттылығының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес... Оған Жапония үлкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. Амери­када техно­логияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды ком­­мерциялық тұрғыда қолдануға ба­ғытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Менің ойымша, бұл Амери­кадағы ең ірі проблема. Ал Жапо­ниядағы шығармашылық белсенділік – оның ең мықты жағы”.

Бұл мемлекеттің экономикалық басым­дылығы формуласының нәтижесі, негізгі білімнің, патенттер мен технологиялардың коммерциялық өнімге айналуының көрсеткіші. Мұның барлығын адамдардың инновациялық қызметі мен жоғары шы­ғармашылық белсенділігі қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, бай мемлекет дегеніміз – дамыған инновациялық жүйенің жоғары сапасын қамтамасыз еткен мемлекет, яғни ұлттық инновациялық қабілет деңгейі жоғары ел, ұлттық инновациялық мента­литетті қалыптастырған мемлекет деген сөз