Азақстан Республикасындағы даму институттары

Қазақстанда индустриялды- инновациялық даму стратегиясы негізінде Мемлекеттік Даму Инситуттары құрылды:

1.Ұлттық Инновациялық Қор

2.Қазақстанның Инвестициялық Қоры

3.Қазақстанның Даму Банкі

4.Маркетингтік зерттеу және талдау орталығы

5.Экпорттық операцияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру компаниясы

Аталған даму инситуттары жеке сектордағы инновациялық бизнестің өркендеуіне және инновациялық қызметтің негізін құруға септігін тигізулері керек.Даму институттары төменде көрсетілген анықталған схемада келісе отырып бірлескен түрде және бір бағытта жұмыс істеулері керек.

1.«Ұлттық Инновациялық Қор» - жарғылық капиталы мемлекеттің 100% қатысуымен 2003 жылдың 30 мамырындағы «Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ құру туралы Үкіметтің шешімімен құрылған.Қор қызметінің мақсаты- мемлекеттегі инновациялық белсенділікті көтеру үшін жағымды климатты құру,сонымен бірге ғылыми сыйымды және жоғарғы технологиялық өндірістің дамуына қолдау көрсету, жаңа инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды ынталандыру болып табылады.

2.«Маркетингтік зерттеу және талдау орталығы»- нарықта 2003 жылдың тамызынан бері кеңес беру қызметі бойынша жұмыс істеп береді.Орталық салаға кешенді талдау мен саланың бәсекелістік ортасына және болашақтағы дамуына болжау жасайды.Бағаны анықтап, сұраныс пен ұсынысқа зерттеулер жүргізеді.

3.«Қазақстанның Даму Банкі»- ҚР Президентінің жарлығы бойынша 2001 жылдың 25 сәуірінде құрылған.Жарғылық капиталы мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған.Акционерлері ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар. Даму Банкінің қызметінің мақсаты- мемлекеттегі инвестициялық қызметтің тиімділігін көтеру және жетілдіру,мемлекет экономикасы үшін сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту, оларға қолдау көрсету және өңдеуші өнеркәсіптер мен өндірістік инфрақұрылымды дамыту.

4.« Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы»Орталық миссиясы – ҚР- ң технологиялық дамуына сервистік қолдау көрсету.Мақсаты- ҚР инновациялық қызметтің тиімділігін және инновациялық белсенділігін көтеру болып табылады.

5. «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» ҚР – ң мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың мақсаты – экономикалық шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бағыттамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету.

6.«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы Қор қызметінің негізгі мақсаты болып жаңа өндіріс және жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау.

2006 жылы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы аясында Ұлттық Даму Институттарының қызметін координациялау жолымен Қазақстанның экономикасын диверсификациялау мақсатымен «Қазына» тұрақты даму Қоры АҚ құрылды. Қазына құрамына бес Даму Институты және екі мемлекеттік орган кіреді-«Инвестицияларды қолдаудың қазақстандық орталығы» ЖШС және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ. «Қазына» акционерлік қоғам қызметі транспоренттілік және кешендік қағидаларына негізделген.

17. Жобаларды басқару менеджментінің даму эволюциясы. Жобаларды басқару –жоғарыдағы деңгейлермен, қасиеттермен сипатталатын жобаларды басқару. Даму эволоюциясы:

1930-1950 жж. Жобаларды басқару менеджменті батыста дами бастады. 1937 жылы Гулик деген ғалыммен күрделі жобаларды басқару мен дамыту үшін бірінші жобаны жасап шығарды. Ал Генри Гант, аменрикандық инжинер, жобаларды басқару менеджментінің негізін салушы болып табылады. Сонымен бірге, Тейлор мен Анри Файоль да жобаны басқару менеджментін дамытуға көп үлес қосқан. 50 жылдары менеджмент жеке ғылым саласы ретінде тұрақтанғандықтан, осы жылдары да жобаны басқаруда 2 негізгі математикалық модельдер – критикалық жол әдісі және PERT бағдарламасын бағалау мен сараптау әдісі пайда болды. Критикалық жол әдісі «Дюпон» және «Ремингтон Рэнд» корпорацияларының менеджерлерінің арқасында пайда болды. Ал PERT бағдарламасын бағалау мен сараптау әдісі қырғи қабақ соғыс кезінде АҚШ-тың Теңіз әскери флотының «Локхид» компаниясы мен «Буз, Аллен энд Гамильтон» консалтинг фирмасының баллистикалық ракета жасап шығару мақсатында өткізілетін процестің логикалық схемасы жасалып, жобаларды басқаруды дамытуға көп үлес қосқан.

1969 ж. АҚШ-та жобаларды басқаруға дамыту мақсатында Жобаларды басқару институты құрылды. 1981 жылы “A Guide to the Project Management Body of Knowledge” (PMBOK Guide) , яғни жобаларды басқарудың

әдіснамалық негіздерін басқаратын құжат дайындала бастады. Оның толық нұсқасы 1987 жылы аяқталаып, 1996 жылы басылып шығарды. Осы РМВОК бүкіл әлемде кеңінен қолданылады.

1967 жылы Еуропада International Project Management Association (IPMA) , яғни Жобаларды басқаруда халықаралық ассоциация құрылып, жобаларды басқару менеджментін дамыту мақсатында білікті мамандар дайындаумен айналыса бастады. Қазіргі кезде жобаларды басқару заман талабына сай өте қарқынды дамуда. Сондықтан Жобаларды басқару институты мен Жобаларды басқаруда халықаралық ассоциациясы ауқымды жұмыс жасап, оны әрі қарай дамытуда.

18)Жобаларды басқару негізгі дүниежүзілік стандарттары – менеджменттің даму кезеңіндегі жаңа бағыты, сондықтан бірыңғай ережелер мен тәсілдерді – халықаралық өзара әрекет пен осы саладағы кәсіпқойларды сертификациялау үшін қажетті бірыңғай ақпараттық кеңістікті жасау мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан менеджменттің «жобаларды басқару» секілді бағытын қалыптастыру жағдайында осы пән бойынша барлық жаңа білімдерді жинақтау, жүйелеу қажет. Жобаларды басқару бойынша мұндай стандарттардың бірі болып «Жобаларды басқару» бойынша білімдер Жинағы (Project Management Body Of Knowledge) – Жобаларды басқару институтымен (АҚШ) құрастырылған «Жобаларды басқару» сияқты жаңа кәсіби тұрғыда жинақталған білімнің жүйеленген көлемі табылады. Жобаларды басқару бойынша білімнің толық Жинағы жобалармен жұмыс жасағанда қолданбалы білім мен дағдылардың кең көлемдегі тізімін құрайтын дәлелденген дәстүрлі әдістердің білімдерді енгізеді. Жобаларды басқару бойынша білімнің Жинағының алғашқы мақсаты (PMBOK) жобалық ортада жалпымен қабылданған стандарттарды теңестіру мен сипаттаудан тұрады. Бұл білім мен көрсетілген әдістердің көптеген жобаларға сәйкес келетіндігін және осы саладағы кәсіпқойлар арасында олардың құндылығы мен толықтығы жөнінде қарама-қайшы көзқарас жоқтығын білдіреді. Басқа жағынан алғанда, PMBOK стандарты – бұл тек ұсыныстар ғана. Бұл құжат сондай-ақ осы кәсіп шегінде жалпы категориялық аппарат пен сөздік қалыптастыру үшін мақсатталған.