Бап. Жаңа туған баланы анасының өлтіруі

ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

Жалпы сипаттамасы

Адамның жэне азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорға-лады. Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімі осы мэселеге тіке-лей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам жэне адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құкық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адам-ды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды корғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға эр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге белінеді: өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа; адам өлтіру (99-б.); жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (100-б.); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (101-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (102-б.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (103-б.); абайсызда кісі өлтіру (104-б.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-б.).Денсаулыққа қарсы қылмыстар:денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-б.); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107-б.); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап), ұрып-соғу (109-бап), қинау (110-бап); денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (111-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезін-де денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-б.); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-б.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-б.); қорқыту (115-б.); адамдардың ағзалары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз алу (116-б.); соз ауруларын жұқтыру (117-б.); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ ЖИТС) жұқтыру (118-б.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-б.).Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: адамды ұрлау (125-б.); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-б.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-б.); адамды саудаға салу (128-б.).Жеке адамның ар-намысына жэне адамгершілігіне қарсы қылмыстар: жала жабу (130-б.); қорлау (131-б.).Жыныстық қылмыстар: зорлау (120-б.); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық эрекеттер (121-б.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу жэне сексуалдық сипаттағы өзге де іс-эрекеттер (122-б.); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, эйел мен эйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-эрекеттерге мәжбүр ету (123-б.); жас бала-ларды азғындату (124-б.).

2. Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы

Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің зандылық түсінігі берілген. «Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза ұшырату» деп Қылмыстық кодестің 99-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық жэне тікелей объект белгісіне сэйкес бү_л қьшмыстық құқық бұзушылық құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына жэне денсаулық жағдайына қарамастан, кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нэрестенің туған сэтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш ты-ныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нэрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық жэне биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-б минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сэті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-эрекеттің жэне соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың бо-луын айқындау қажет.

Адам өлтіру негізінен эрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінэлінің оқпен атылатын жэне суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге жэбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру эдебиеттерде мы-сал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне эсер ету нысандары мен эдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық эсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан эрі кеңейе түсуде.

Адам өлтіру сондай-ақ эрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мына-дай жағдайда болуы мүмкін. Кінэлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра жэне осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады жэне өлімге жол береді.

Кінэлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі эрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінін жаңа туған нэрестелерін немесе жас ба-лаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын жэне өздерінің табиғи қажеттерш қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ере-сек балалары олардан қүлылу мақсатында осындай эрекеттер жасауы мүмкін.

Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісіқылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы жэбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық қүкык бүзушылықтың зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінэлінің эрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға не-гіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім эрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінэ деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған эрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кіңәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).

Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыстық құқық бұзушылық.

Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей жэне сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінэлі өзінің басқа адамның өміріне қол сүғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі жэне өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасаканалықпен адам өлтіру кезінде кінэлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне катер төндіретіндігін мойындайды, осы эрекеттің нэтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқүрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұлдай кез-де белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінэлі белгілі бір қүрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты - жанама ниетте эрекет етеді.

Тікелей жэне жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жузінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқгалу, яғни кінэлінің эрекеті ол өлімнің бо-латынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойын-ша ол болмай калғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Кінэлінің ниетінің түрі туралы мэселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың барлык жағдайларына сүйенуі жэне атап айтқанда: қылмыстық құқық бүзушылықтың тэсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінэлінің қылмыстық қүқық бұзушылык эрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінэлінің қылмыстық қүқық бүзушылық істеу алдындағы жэне одан кейінгі мінез-қүлқын (тэртібін), оның жэбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.

Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінэлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінэлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғактайды жэне басқа жағдайлармен қатар кінэлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дэлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, эдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінэлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінэлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі жэне осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нэтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.

Адамды өлтірумен алдын ала қоркыту басқа мэн-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дэлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде жэне төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай үдсас кейбір эрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінэлінің шын мэніндегі анық тілегін білдірмейді.

Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға эрекет етумен жасалатын бұзақылық эрекеттермен байланысты болатындығын тэжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған эрекеттерден бөлу керек.

Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінэлі өз әрекетінің нэтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінэлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 20-бабының 2-тармағы). Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырма-шылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінэлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінэлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды. «Тілемейді» деген терминді «өлтіргісі келмейді» деген мағынада емес, «тікелей тілемейді» деген мағынада түсіну керек. «Саналы түрде жол береді» деген - кінэлі өлімді өз іс-эрекетінің нэтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.

Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке түлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстің 100-105-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.

3. Жеке адамға қарсы қылмыстық кұқық бүзушылықтар

Бап. Адам өлтіру

1. Адам өлтіру, ягни басқа адамды қуқыққа қарсы қасақана қазага ұшырату-

2. Адам өлтіру:

1) екі немесе одан көп адамды;

2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қогамдық бо-рышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын;

3) кінәлі адамға дәрменсіз күпде екені көрінеу белгілі адамды, сол сияқты адамды үрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

4) кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелді;

5) аса қатыгездікпен жасалган;

6) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалган;

7) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаган;

8) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен уштасқан;

9) бұзақылық ниетпен;

10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалган, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттагы зорлық-зомбылық әрекеттерімен уштасқан;

11) әлеуметтік, ұлттық, нөсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не ңанды кек уәжі бойынша;

12) жәбірленушінің агзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалган;

13) бірнеше рет жасалган;

14) көрінеу кәмелетке толмаган адамды;

15) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалган адам өлтіру -

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (99-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жэбірленушінің заңсыз эрекеттеріне байланысты, жеке қарым-қатынас не-гізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.

Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру-Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі эр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.

2014 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тэртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге жэне объективті жавда қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.

1)екі немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «1» тармақшасы)

Адам өлтірудің бұл түрі кінэлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінэлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жэбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінэлі эуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, эдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дэлелдеудің маңызы бар. Мұндайда эр адамды өлтіру се-бептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін - кек алу мақсатында, ал екін-шісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге - екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жағдайларда кінэлінің әрекеті осы «а» тармақшасымен сараланады.

Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тңэа бір адам өлтірілсе жэне екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінэлінің эрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы жэне 96-бабының 2-тармағының «а» тармақшасы бойынша саралануы тиіс.

2) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағыньщ «2» тармақшасы).

Мұндай адам өлтіру кінэлінің жэбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсатгарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 маусымдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы № 1 нормативтік қаулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жүмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп - арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орын-далуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдары-на хабарлау жэне т.б.) жасалған баска эрекеттер де қоғамдық міндеттер болып таны-лады. Қылмысты саралау үшін жэбірленушінің кызметтік немесе қоғамдық іс-эрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы, кінэлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.

Адам өлтірудің осы түрі бойынша жэбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарында берілген. Олар - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы, эжесі, немерелері.

Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін не-месе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңца арнаулы бап көзделген болса, онда кінэлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жатады (ҚК-тің 408-бабы).

3) кінәлі адамға дәрменсіз күнде екені көрінеу белгілі адамды, сол сияқты адамды үрлаумен не кепілге алумен үштаскан кісі өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының 3-тармақшасы)

Жас шамасының өте кішілігіне немесе кэрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл-есінің элсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінэліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған эрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жэбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мүлдай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың жэне жүйкеге қатты эсер ететін дэрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жэбірленушіні мүлдай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бүған қандай себеп болғандығының ешбір мэні жоқ.

Адамды ұрлаумен үштасқан адам өлтіру үрлау процесінде жэбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру максатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау (ҚК-тің 125-бабында) жэне кепілдікке алу (261-бапта) түсінігі берілген.

Адамды ұрлау қасақана өлтірумен үлггасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істе-ген қылмыстарды жасыру эдісі, болса мүлдай әрекеттер дербес қылмыс құрамын қү_райтындықтан, кінәлінің эрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 99-бабы, 3-тармағының «в» тармақшасы, 261, 99-бабы, 2-тармағының «3» тармақшасы).

4) кінәліге жүкті екендігі белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «4» тармақшасы)

Адам өлтірудің Бұл түрі жэбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы қүрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жэбірленуші кез келген ұзактықтағы жүктілік жағдайында болуы жэне ол туралы айыпкердің білуі керек. «Белгілі» деген термин айыпкер жэбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмэнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жэбірленушінің жүкті екендігі туралы жэбірленушінің өзінен немесе бү_л туралы басқалар арқылы хабар-дар болады. Бұл жерде жүктілік мерзімі, үрықгың өміршең еместігі, эйелдің жүкті екен-дігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ ().

Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес эйелді жүкті эйел екен деп өлтірсе, онда оның эрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы, 3-тармағы, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).

5) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «5» тармақшасы)

Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша эрекетті саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру эдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жэбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланыс-ты эдіспен жасалады: көптеген жаракат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты эсер ететін уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.

Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жэбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының жэне т.б. көзінше, кінэлінің өз эрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-қасіретке экелетінін біле түрып, өлтіруі де жатқызылады.

Жэбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сый-лас адамдар да (завды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін2.

6) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «6» тармақшасы)

Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінэлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мүлдай тэсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.

Көп адамдардың өміріне қауіпті тэсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол түрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішініде түрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бүрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мүлдай регге кінэлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағының «е» тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінэлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-эрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тэсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіптға: әсілді қолдану нэтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінэлінің эрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойын-ша сараланады.

7) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «7» тармақшасы)

Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе қылмыстық топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген Қылмыстық кодекстің 31-бабын қарау керек.

Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын уэделеспей бір-лесіп қатысқан болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жэбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе эрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда түлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың күні бұрын уэделеспесе де ашықтан-ашық, өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған эрекет жасағандығын айқындау қажет.

Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.

Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру деп таныла-ды.

Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, қылмыстык топтың адам өлтіруі орын алады.

8) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сияқты қарақшылықпен, коркытып алу немесе бандитизммен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағынын «8» тармақшасы)

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағының «8» тармақшасы бойынша кінэлі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдық шығындардан қүлылу мақсатында жасалған қасақана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол ақша, мүлік немесе мүлікке, түрғын үйге, үшінші адамнан сыйақы алуға қүдықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдық шығыннан кұтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді.

Адам өлтірудің осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен қарақшылықпен қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан жағдайлар да жатады. Қасақана адам өлтіру қарақшылық, шабуыл жасау, қорқытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген эрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.

Іс-эрекетті пайда табу мақсатында жасалған адам өлтіру ретінде саралау үшін кінэлінің мүлдай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау қажет. Егер Бұл жағдай бол-маса, (мысалы, адам өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу мақсаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлық құрамын құрайды. Жэбірленушіні қарақшылықпен шабуыл, қорқытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін өмірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Мүлдай жағдайда адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «10» тармақшасы бойынша са-раланады.

Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінэлінің материалдық пайда алу не-месе материалдық шығыннан қүлылу ниетінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды.

Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін ақыға жэбірленушіні «алып тастауды» қалаған адамның шақырған («жалдаған») адамы жүзеге асырғандықтан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады.

9) бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «9» тармақшасы)

Бүзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды жэне жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде жасалады, кінэлінің мінез-құлқы қоғамдық тэртіпке ашық кдрсы шыққан жэне өзін төңірегіндегілерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе Бұл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нэрсені адам өлтіруге ілік ретінде пайдаланумен жасалады.

Бұзақылық ниет - барынша күрделі түсінік. Оның өзге эр түрлі түрлі ниеттері бола-ды, солардың эсер етуімен кінэлінің адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан-ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің Ү-ятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тэртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің эсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінэліда ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінэлінің мінез-қүлқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінэлінің ниетінде қоғамдық пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық қалыптасады. Мүлдай бүзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге экеліп соғады. Егер мүлдай ниеттер анықталмаса, ал кінәлінің қьшмыстық мінез-қүлқы жәбірленушімен өзара жеке қарым-қатынасы бойынша ғана пайда болса, онда Бұл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бүзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Мүлдай эрекет өзара ерегістен кісі өлтіруге жатады (99-баптың 1-тармағы). Көбінесе бұзақылық ниетге адам өлтіру ұрыс-керіс пен төбелестің нэтижесінде болады. Бірақ Бұл ұрыс-керіс немесе тебелесте болған кез келген адам өлтіру өзінен-өзі бұзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді.

10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы, сол сияқты зорлау немесе сексуалдық сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «10» тармақшасы)

Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жағдай көзделген (зорлауды және жыныстық қатынас сипатындағы эрекетті олардың ұқсастығына орай бір жағдай ретінде біріктіруге болады).

Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмүлы бойынша бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланы-сып тұрады. Негізінде кінэлі жасалып болған қылмысты жасыру үшін немесе оны жа-сауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жасағанға дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қорғау органдарына белгісіз өзі жасаған қылмысты жасырады.

Зорлаумен үлітасқан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасы-ру мақсатында, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылык көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалған адам өлтіру деп түсіну керек. Бұл жағдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «10» тармақшасы бойынша жэне Қылмыстық кодекстің 120-бабының тиісті тарм&ғы бойын-ша жүргізіледі. Егер Бұл қылмыстардың біреуі аяқталмаған болса, онда саралау кезінде Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады.

Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес жэне сексуалдық сипатындағы күш көрсету эрекетімен де үштасуы мүмкін. Мүлдай эрекетке еркек пен еркектің, эйел мен эйелдің жыныстық қатынасы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жэбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып күш қолданумен немесе оны қолданумен қорқытып жасалған жыныстық қатынас сипатындағы өзге де эрекеттер жатқызылады. Егер мүлдай эрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін немесе оларды жасау кезін-де қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі сияқты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі белгілі (ҚК-тің 121-бабы жэне 99-бабының «10» тармақшасы).

11) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек уәжі бойынша адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «11» тармақшасы)

Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, эсіресе бұ_л ұлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлтгық саясат итермелейді. Барған сайын ұлттың өзін-өзі дэріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады жэне ултаралық араздық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды (эрине, егер олар эсіре ұлтшылдық пен экстремизмге айналмаған жағдайда). Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алауыздықты түтандыруға мүдделі күштер бар. Егер мұндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мүлдай жағдайдағы адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «11» тармақшасы бойын-ша сараланады. Мұнда адам өлтіру үшін сылтау барынша эр түрлі болуы мүмкін: жэбірленушінің немесе өзге адамдардың қүқыққа қарсы эрекеттері (мұндай эрекеттер заңды да болуы мүмкін), діни жеккөрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нэсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады.

Осы тармақта көзделген қанды кек себебі бойынша адам өлтірудің бірнеше ерекшелік-тері бар. Қанды кек, эдетте, кінэлінің туысқандарын өлтірген адамдарға жарияланады. Ъ 1ү_ндайда қанды кектің қүрбандары осы қанды кек жарияланған адамның өзі, сол сияқты оның туысқандары, сондай-ақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бұл қылмыстың субъектісі қанды кек әдет-ғұрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау үшін қылмыс жасалған жер маңызды рөл атқармайды.

12) жәбірленушінің ағзаларын немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «12» тармақшасы)

«Жэбірленушініңағзаларыннемесетінінпайдаланумақсатындажасалғанадамөлтіру» туралы белгі қылмыстық заңда бірінші рет көзделді. Бұл қазіргі өмір шындықтарынан туындап отыр. Егер адамның ағзаларын немесе тінін пайдалану мақсатында адам өлтірілсе, ол Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «12» тармақшасы бойын-ша сараланады.

13) бірнеше рет жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «13» тармақшасы

«13» тармақшаға сэйкес бұрын қасақана кісі өлтірген адамның алғашқы қылмысы бойынша сотталған сотталмағанына қарамастан қасақана адам өлтіру (абайсызда, қажетті қорғану шегінен асу жағдайында немесе қатты жан күйзелісі үстінде ашумен өлтіруден басқасы) сараланады. Бүрын жасаған қылмысы үшін қудалау мерзімі өтіп кетсе немесе сотталғандығы жойылса, иэ болмаса одан арылған болса, онда бүрын кісі өлтіргендігі есепке алынбайды.

Егер айыпты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сэйкес келетін, бұрын кісі өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін сотталмаса, онда Бұл эрекет жеке саралануға жатады (ҚК-тің 24-бабы жэне 99-баптың 1 немесе 2-тармақтары), тиісті тармақтары көрсетіледі. Ал соңғы адам өлтіруі ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «н» тармақшасы бойынша саралануға жатады. Әр мезгілде жауаптылықты ауырлататын екі рет адам өлтіруге оқталған (ҚК-тің 24, 99-баптары) немесе жауаптылықты ауырлата-тын жағдайда екі рет қасақана адам өлтірген (ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары) жэне олардың бірде біреуі үшін сотталмаған адамның эрекеттері тиісін-ше Қылмыстық кодекстің 24-бабы жэне 99-бабының 2-тармағының «н» тармақшасы бойынша, осылармен қатар кінәлінің қылмыстарын ауырлататын жағдайларды белгілей-тін тиісті тармақтар бойынша саралануға1 жатады.

14) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «14» тармақшасы)

Кінәлі адам жэбірленушінің көрінеу кэмелетке толмағанын біле тұра оны тіке-лей қасақаналықпен өлтірсе, өмірін жойса ол ҚК-тің 99-бабы екінші бөлігінің «14» тармағына сэйкес жауапқа тартылады. Қылмыс объктивтік жағынан көрінеу кэмелетке толған баланың өмірін жоюға бағытталған, қылмыс кэмелетке толмаған баланың өмірін жойған сэттен аяқталған деп саналады.

Төтенше ахуал (жер сілкінісі, су тасқыны, басқадай зілзалар туындауы) немесе заңсыз жаппай ұйымдастырылған тәртіпсіздік кезінде адам да қасақана өлтіру ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының,15-тармақшасы бойынша саралануға жатады.

2014 жылғы жаңа Қылмыстық Кодексте мұндай іс-эрекетпен адам елтіргені үшін жеке дара жауаптылық тұңғыш рет көрсетіліп отыр.

бап. Жаңа туған баланы анасының өлтіруі

Анасының өзінің жаңа туган баласын босану кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын күйзелтетін ахуал болган жағдайларда немесе есінің дүрыстығы жоқңа шыгарылмайтын психикасының бұзылуы жағдаиында өлтіруі -

Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылық бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрінің өзіндік ерек-шелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бү_л құрам үшін ба-ланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа, жаңа туған баланы өлтіру біраз уақыттан кейін жүйкені зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бүзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 100-бабының санкциясына қарағанда, заң шығарушы мұндай адам өлтіруді эйелдердің туу кезіндегі және туғаннан кейінгі ерекше психикалық жай-күйлерін ескере отырып, жеңілдету жағдайлары кезінде жасалған қылмыс деп санайды. Сонымен бірге, эйелдің аддын ала жаңа туған баланы өлтіру ниеті болғандығы жэне бүған оның дэрменсіз жай-күйін пайдаланған оқиғалардың да болуы мүмкін. Мүны адам өлтірген кезде жеңілдету жағдайы деп санауға бола қояр ма екен? Оның үстіне заң шығарушы осындай оқиғаларды да Қылмыстық кодекстің 99-бабында көзделген адам өлтіру деп санайды. Мұндай жағдайларда кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «в» тармақшасы, яғни дэрменсіз жай-күйін пайдалана оты-рып адам өлтіру деп емес, керісінше Қылмыстык кодекстің 100-бабы бойынша сарала-нады.

Психиканы зақымдайтын жағдай үстінде немесе психика бүзылуы жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мұндай адам өлтіру туғаннан кейін біршама уақыт өткен соң, бірақ бала жаңа туған деп саналатын кезең ішінде ғана орын алады. Психиканы зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бұзылу жағдайының болуын осы мэселеге байланысты сарапшылық қорытынды беретін психиатр айқындайды.

Жаңа туған бала түсінігі оның мазмұнын айқындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. Заң эдебиеттерінде олар эр түрлі айтылады. Осыған байланысты түрлі мерзім-дер көрсетіледі: бір тэулік, бір апта және бір ай. Кейбір авторлар жағдайға байланысты эр түрлі мерзімдерді пайдалануды үсынады1. Бүған келісу қиын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің жағдайына емес, баланың өзінің өсуіне байланысты ғой. Жаңа туған кезең деп — баланың туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы сатысы - оның ағзасының сыртқы орта жағдайларына бейімделетін уақыт ішіндегі бірінші кезеңі болып табылады. Бү_л кезеңге ішкі органдар функциясының түраксыздығы тэн болады. Жаңа туған кезеңнің үзақтығы эркімде эр түрлі жэне бірнеше аптаның мөлшерінде, көбінесе үш-төрт апта бойына ауытқып тұрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бұл мерзім шала туғандарға қарағанда қысқарақ.

Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сэтінде немесе туғаннан кейін бірден болуы мүмкін. Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың психикалық жай-күйінің шешуші маңызы болмайды. Ең бастысы, Бұл адам өлтірудің көрсетілген уақыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам елтіру — туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру. Туу - ұзаққа созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, қайталап босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ү_рыкты өмірінен айыру орын алса, Бұл жағдайда адам өлтіру болмайды.

Есінің дүрыстығын жоққа шығармайтын психиканың зақымдалуы немесе психиканың бұзылуы жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мүлдай эрекет Қылмыстық кодекстің 97-бабы бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс.

Бұл қылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана қасақаналықпен сипатталады.

Осы қылмыстың субъектісі - арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың он алтыға толған анасы ғана болуы мүмкін. Егер мүлдай жағдайда қылмысты бірігіп орындаушы түріндегі қатысушылар болса, онда олар ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «в» тармақшасы бойынша жауапқа тартылады, ҚК-тің 100-бабында көрсетілген жеңілдету жағдайлары оларға қолданылмайды. Егер өзге қатысушылар қоса орындаушы болмай, үішмдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау күрделірек болады. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген қылмысқа қатысушылар үшін ҚК-тің жауапкершілікті жеңілдететін 53 жэне 100-бабында көрсетілген жағдайлар (жеке, сипатта болғандықтан жэне жаңа туған баланың анасына ғана қатысты болуына байланысты) коланылмайды. Сондықган олар ҚК-тің 29-бабының тармақтары жэне 99-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары бойынша жауапкер-шілікке тартылады.