Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері

Әрбір жеке адамның денсаулығы — ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фак-тор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланыс-ты адам денсаулығын қорғау мэселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, эрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен эрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу ту-ралы мэселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мэселесінің шешілуі-не белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кез- де мемлекетімізде Қазақстан Ресггубликасының Конституциясына сэйкес денсаулықты сақтау мэселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар эзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жү_мыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам жэне Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен бел-гіленген тегін әрі кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы. «Мемлекеттік жэне жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен ай-налысушы адамдардан ақылы медициналық жэрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі» делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, эсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сэйкес ақылы түрде не тегін медициналық жэрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының дұрыс эрі калыпты жұ_мыс істеуі. Яғни, адам ағзасының эрбір органы, эрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс эрі қалыпты түрде бел-гілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыкқа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бү_л қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана не-месе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінэлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті эскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ эскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды эсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жэбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жэбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туыскандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және баска да коғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде катысуына көбінесе мүмкіндік бере бермей-ді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Енді адам денсаулығына қарсы кылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Респуб-ликасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыс-тарға мыналар жатады:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); 2) денсаулыққа қасақана ор-таша ауырлықта зиян келтіру (107-бап); 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап); 4) үрып-соғу (109-бап); 5) қинау (110-бап); 6) денсаулыққа аффект жағдайында зиян келтіру (111-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-бап); 10) корқыту (115-бап); 11) адамның органдары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз алу (116-бап); 13) соз ауруын жұқтыру (117-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жүқтыруы (118-бап); 15) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап). Енді адам денсаулығына қарсы кылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъ-ектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі-бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы-басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы эрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтіру-мен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты эрекет арқылы жасалынады. Кінэлі адам жэбірленушінің денсаулығына эр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық эсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен үру), термикалық эсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық эсер ету арқылы (гипноз) жэне басқа да тэсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты кел-тірілуі мүмкін, егер белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға не-гіз болып табылады, егер Бұл жарақат мэжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, жэбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жэбірленуші хирургиялық операциялар-дан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне кдтысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінэлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның эрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тіке-лей жэне жанама), 2) абайсызда (менмендік жэне немқұрайдылык). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінэлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінэлі өзінің эрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетге болады, немқүрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мэселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көр-сетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); 2) ауырлататын мэн-жайлар кезінде денсаулыкқа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (107-баптың 2-тармағы).

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дүрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа жеңілдететін жағдайда қасақана орташа зиян келтіру 107-баптың 1, 2-тармашалары жэне денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап); 2) ү_рып-соғу (109-бап); қинау (110-бап); 3) денсаулыққа жан аффект жағдайында зиян келтіру (111-бап); 4) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап); 5) қылмыс жасаған адамды ү_стау кезінде денсаулыққа ауыр зиян кел-тіру (113-бап); 6) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-бап); 7) қорқыту (115-бап); 8) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 9) адамның иммун тапшылығы вирусын жүқтыру (118-бап); 10) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап). Енді ауыр дене жаракатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайиқ. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі үлпалардың анатомиялык тұтастығын Бұлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дүрыс жұмыс істеуін бұзу аркылы зиян келтіруді айтамыз.