Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: « Сандарды салыстыру. <, > белгілері»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдардықалыптастыру

Күні, айы, жылы: 12 . 04. 2016 жыл

Мақсаты

Білімділік: «тең», «артық», «кем» қатынастарды қоя білу; «сан» және «цифр» терминдері туралы білімдерін бекіту; заттарды санау дағдыларын жетілдіру;

Дамытушылық: талдау, қорытындылау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Жинақылыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер: Белгі – знак, артық- больше, кем - меньше

Көрнекілік құралдар: Сандар, артық кем белгілері

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық - Ойыншықтар дүкеніне барғыларың келе ме? Қане, онда не бар екенін көрейік? Ұсынысқа қызығушылық танытып, ойынға араласады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   - Ойыншыөтар сөресіне қараңдар. Сол жақтағы және оң жақтағы ойыншықтарды салыстырыңдар. Не артық? Не кем? Қалай теңестіруге болады? Артық ойыншықтың ба – жоғын білу үшін ойыншықтарды бір – бірінің астына қоямыз немесе жұптап сызық жүргіеміз. Педагог тақтаға шыққан балаға бір сөренің екі жағында орналасқан заттар арасындағы өзара мағыналы сәйкестікті қоюға көмектеседі. - Олар тең болу үшін не істеу керек? - Дұрыс. Бір жағынан артық ойыншықты алу керек немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керек. Педагог балалардан ойыншықтарды қолымен ұстап, дауыстап санауларын сұрайды. 4 ойыншық болды ( масыл, ойыншық саптаяқтар) . - 4 цифр жазылған карточканы қоямыз. Тәрелкелерді санаймыз. Олар неше? - Не артық? Не кем? «>» таңбасын қоюға болады, бұл 4 – тің 3 – тен артық екендігін білдіреді. 4>3. Педагог жазудағы 4,3 сандарының және «>» таңбасының нені білдіретінін айтуды сұрайды. - Біз, керісінше, 3<4 деп те айта аламыз. Тәрелкер саптаяққа қарағанды кем. Енді басқа сөредегі ойыншықтарды санаймыз. Неше шырша? (5). Неше саңырауқұлақ? (4). Бұл былай жазылады: 5>4. Былай да болады: 4<5. Енді осы жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін айтыңдар. Осы сабақта таңбаларды міндетті түрде есте сақтауды талап етудің қажеті жоқ, өйткені бұл – келесі оқу жылының міндетті. Ары қарай педагог заттардың екі түрінің де санының тең болғандағы жағдайы салыстыруды ұйымдастырады. - Алманың нешеу екенін санаңдар? (5) - Алмұртты санаңдар. (5). Не артық? Не кем? Олар тең. Олар тең екендігін (сонша) жазу үшін қандай таңба қолданмыз? Дұрыс, бұл – «=» Таңбасы. «5 =5» жазуын оқыңдар. Балалар өзара мәндес сәйкестікті қойғаннан кейін, сандарды салыстыра алса немесе сандар кесіндісі негізінде салыстыруды жүргізе алса жеткілікті. Онда мынадай жұмыс жүргізіледі. Заттарды санап болғаннан кейін педагог сандар кесіндісінде осы сандарды белгілеп көрсетіп, содан соң салыстырады. Егер сан сол жаққа қарай болса, онда кем. Жаңа тақырыпты бекіту үшін. Салыстыру және теңстіру тәсілдерін ұсынады. Теңстіру үшін, бір жағынан артық затты алу немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керектігі туралы қорытынды жасайды. Балалар ойыншықтың әрқайсысын ұстай отырып санайды. Цифр жазылған карточканы алады. Бұл карточкаларды ойыншықтардың астына қояды. Педагог таңбаны көрсеткеннен кейін, карточкаға жазылған таңбаны тауып, сандардың арасына қояды. Алынған жазуды әр цифр мен таңбаның нені білдіретін айта отырып, оқиды. Саны бірдей ойыншықтарды салыстырып, теңдік құрастырады. 5 = 5.Оны оқиды. 1 – дан 10 – ға дейінгі сандар кесіндісімен жұмыс кезінде сандарды сандарды кесіндіде белгілейді және қай санның артық – кем екеін анықтайды.    
  Рефлексивті- түзетушілік   Сандар арасындағы қатынас түсініктерін тексеру мақсатында №2 тапсырма орындалады. - Пілдері артық машинаны қызыл түспен, пілдері кем машинаны көк түспен боя. Пілдері тең машиналарды қызыл да, көк те емес, бірақ бір түспен боя. Тапсырма логикалық ойлау қабілетінің артуына мүмкіндік туғызады. Өйткені тапсырма терістеуді және логикалық пайымдауды қажет етеді.Содан соң педагог қандай жаңа таңбалармен танысқаны, олардың нені білдіретінін сұрай отырып, балалар іс – әрекетін қорытындылайды. Бұрынғы өтілгендерді бекіту үшін, №3 тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар орындау кезінде көлемді фигуралардың атауын қайталап, оларды санайды. Педагог жаңа сабақпен байланыстыра отырып, осы фигураларды саны бойынша салыстыруды сұрауына болады. Іс – әрекет соңында балаларды мадақтап, олардың жұмысын ауызша бағалайды. Өз іс – әрекетін түсіндіре отырып, 2 – тапсырманы орындайды. Пілдерді неге осы түспен бояғанын түсіндіреді. Көлемді фигураларды атайды. Олардың санын салыстырады. Іс – әрекеттерін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сандарды салыстыруға болатындығын, «артық, кем, тең» қатынастарын.

Қандай түсініктерді игерді: таңбалардың көмегімен сандарды салыстыру нәтижесін (теңдік, теңсіздік) жазу туралы түсінік.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өзара мәндес сәйкестік қою, санды кесінді арқылы заттар санын салыстыруды.