Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Қайталау. Логикалық есептер. Геометриялық денелер мен фигуралар. Геометриялық пішіндегі заттар»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Күні, айы, жылы: 26. 04. 2016 жыл

Мақсаты

Білімділік: Салыстыру, қорытындылау, жіктеу сияқты логикалық амалдарды ғана емес, терістеу негізінде пайымдауды қажет ететін логикалық есептер шығаруды қарастыру; заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру;

Дамытушылық: логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту; геометриялық денелер атауларын қайталау қоршаған ортадан осы пішіндегі заттарды таба білу дағдыларын арттыру;

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер: Геометриялық денелер – геометрические тела

Көрнекілік құралдар: денелер мен пішіндер

\

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Біз сендермен көп нәрсе үйрендік және көп нәрсе білдік.Кімнің ең ақылды,зейінді екенін анықтау үшін,жарыс өткізейік. Жарысқа деген қызығушылықтары пайда болады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Сурет бойынша жұмыс. -Суретке қараңдар.Мұнда бейнеленген заттарды атаңдар.Бұл жерде бейнеленген заттың біреуі «артық» .Оны тауып атаңдар (гүл). -Бұл заттың неге артық екенін түсіндіріңдер. -Сөздерді мұқият тыңдап, «артық» сөзді анықтаңдар:дүйсенбі,сейсенбі,ақпан,бейсенбі,жексенбі. -Оның неге артық екенін түсіндіріңдер.(Ақпан-айдың аты,ал қалған сөздер –апта күндкрінің атауы). Зейіндері,есте сақтауларын,логикалық ойлауларын,геометриялық фигураларды бейнелеу,ажырата алу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындату. Әр қатардағы нүктелердің орнына ретін сақтай отырып,жетпей тұрған фигураларды қоыңдар.Әр қатардағы фигураларды олардың көп бейнеленген жағынан карастыру керек. 3-6кестелерді пайдалану.   -Карточкаларды салыстырыңдар. -Олардың ұқсастығы қанда? -Қандай айырмашылығы бар?   Фигуралардың қандай ретпен орналасқанын қараңдар.Орналасу заңдылықтарын бұзбай бос торкөзгежетпей тұрған фигураны қойыңдар.
Конус Текше Шар
Шар Конус Текше
Текше ? Конус

-Мына фигуралар неге ұқсас?

Тақтаға суреттер ілуге болады:

 

 

Сергіту минуты.Ең кіші емес,дөңгелектері жоқ бантикті боя.

 

 

Егер топтағы балалардың деңгейі жоғары болса,оларға басқа тапсырмалар да ұсыныңыз.*

Сурет бойынша «артық» затты тауып,неге артық екенін түсіндіреді.Артық сөзді дауыстап айтады.     Берілген тапсырма бойынша фигуралар қатарындағы заңдылықты анықтады және қатарға фигураны анықтайды. Тапсырма бойынша ненің өзгергенін түсіндіреді(фигуралардың орындарын ауыстырып,аударып қояды).   Геометриялық денелерді атайды,жетпей тұрғанын тауып,қоршаған ортадағы заттармен салыстырады.   Алма ,апельсин,жіп шумағы шардың дөңгелек фигураға ұқсайтынын айтады.Басқа да геометриялық денелерге талдау жасалынады.   Балалар жолағы бар бантикті таңдайды.    
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: Материалды қала түсінгендерін тексеру үшін,дәптердегі тапсырмаларды орындайды.Орындау жылдамдығы осындай,пайымдай алу дағдыларына байланысты реттеледі. Сабақтың қорытындысы шығарылады. -Біз жарысымызды қорытындылайтын болсақ,барлықтарың да өте зейінді болыңдар және тапсырманы жақсы орындадыңдар. Дәптердегі жұмысты орындады.Педагогпен бірге сабақтың қорытындысын шығарады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: геометриялық денелердің атауын,заттардың белгілерін;

Қандай түсініктерді игерді: логикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі талдау туралы түсінікті ;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қоршаған ортадан геометриялық пішіндегі заттарды табу,есепті шығару кезіндегі талдау,әртүрлі белгілері бойынша салыстыруды.

 

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Ө» дыбысы мен әрпімен таныстыру

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу

Күні, айы, жылы: 22. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: «Ө» дыбысымен және әріпімен таныстыру; балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту;

Дамытушылық: буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабылдау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: алғырлыққа шығармашылыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық -Кәне,балалар,шаттық шеңберін құрайық.Бір-бірімізге алғыс сөз,тілек айтайық. Балалар шеңбер құрып бір-біріне тілек атады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   -Балалар,сендер мынау не екенін білесіңдер ме? -Ия,дұрыс айтасыңдар.Осы қоржынның ішінде тағы да жаңа бір әріп бар екен.Педагог әріпті көрсетеді.   -Сендер әріпті көресіңдер,ал дыбысты ше?   -«Ө»әрпінің таңбасы қандай пішінге ұқсайды? -«Ө»-деп қайталайық.   «Ө»дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай. Ерін алға созылып,ауыз домалақ болып жай ғана ашылады.Дыбыс ұзақ айтылады. -Созылып айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс деп атаймыз? -Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? - «Ө»дыбысынан басталатын сөздерді ойлап айтыңдаршы.   -Енді осы өздерің айтқан сөздерге сөйлем құрыңдаршы. Педагог өткел сөзі судың таяз жері екенін түсіндіріп кетеді. -Енді әріп қималарымен сөздер жазғызу. Өр,өс,өркен,өмір,өн,өрт. Енді осы қысқа сөздері оқыту.   -Осы сөздердің ішіндегі өмір сөзіне дыбыстық талдау жасайық. -Ө қандай дыбыс? -М қандай дыбыс? -І қандай дыбыс? -Р қандай дыбыс? Билингвальды компонент:өмір- жизнь,өрмекші- паук,өзен- речка. Сергіту сәті. Жаңбыр жауса- Тырс-тырс. Айтады гүл: -Дұрыс –дұрыс. Жаңбыр жауса- Тырс-тырс. Айтады кыр: -Ырыс-Ырыс.   -Балалар,мен бір өлең оқимын,сендер «ө» дыбысы қай жерде кездесетінін айтып отырысыңдар. Жазда барып өзеннің, Жағасына бөгелдім. Айтыңдаршы балалар, Мен ол жерден не көрдім?   Дидактикалық ойын: «Орнын тап!». Ойын шарты:әріп қимасымен ойнатылады. Мысалы:с....л,к....л т.б.   Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №31 тапсырма боынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі. -Ия,білеміз.Ол-қоржын.     Балалар таңдана назар аударады.   -Құлағымызбен естиміз.   -Домалаққа ұқсайды. «Ө»деп қайталайды.Әуенмен айтады.Ө-ө-ө-ө   -Дауысты дыбыс дейміз. -Қызыл текшемен белгілейміз. -Өрмекші,өмір,өркен,өзен,өжет,өрмек.   -Апам өрмек тоқыды. -Өзеннің арғы жағасына әткелмен өтеміз.   Балалар әріп қимылдарымен жазады.   Балалар хормен оқиды.   Ө- дауысты дыбыс. М-дауыссыз дыбыс. І-дауысты дыбыс. Р-дауыссыз дыбыс. Қайталайды.   Қимылмен жасайды.   «Ө» дыбысы өзен,бөгелдім,көрдім сөзінің басында,ортасында кездесіп тұр.     Балалар «ө» әрпін ортасына қойып,сөзді оқиды.   Балалар тапсырманы орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: -Балалар,бүгін қандай дыбыспен таныстық? -Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық. -«Ө»дыбысымен таныстық.   -Өмір сөзіне дыбыстық талдау жасадық.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өмір сөзіне дыбыстық талдау жасауды,сөздерді қосуды.

Қандай түсініктерді игерді: «ө»дыбысының дауысты дыбыс екенін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «ө»дыбысын өлең сөздерінің арасынан таба білу дағдыларын.