Йымды басқарудың бюрократиялық құрылымы

 

Ұйымның міндетіндегі, стратегиялық және жедел жоспарындағы түрлі ерекшеліктерді ескеру үшін басшы департаменттеудің түрлі жүйелерін пайдаланады. Департаменттеу- бұл ұйымды бөлім, бөлімше немесе сектор деп аталуы мүмкін жекелеген бөліктерге бөлу процесі. Департаменттеу көмегімен ұйым шексіз дерлік кеңейе алады. Оған General Motors, ІВМ және т.б. сияқты алпауыт корпорациялар мысал бола алады.

Менеджменттің қазіргі теориясында ұйымдарды басқарудың екі түрлі құрылымы бар: бюрократиялық және органикалық.

Тарихи түрде бірінші болып қалыптасқан басқарудың бюрократиялыққұрылымы. Бұл туралы тұжырымдаманы XX ғасырдың басында әлеуметтанушы Макс Вебер жасады. Еңбекті бөлудің жоғары деңгейімен, басқарудың дамыған иерархиясымен, бұйрықтар тізбегімен, көптеген ережелер мен қызметшілердің мінез-құлық нормаларының бар болуымен, іскерлік және кәсіби қасиеттері бойынша іріктелген кадрларымен сипатталатын бюрократиялық ұйым құрылымын Макс Вебер ұтымды деп атады, өйткені бюрократия объективті шешімдер қабылдайды деп ұйғарылады.

Ұтымды бюрократияның мынадай ерекшеліктері бар:

1) әрбір лауазымда біліктілігі жоғары мамандардың пайда болуына әкелетін еңбекті айқын бөлу;

2) әрбір төменгі тұрған деңгей жоғары деңгеймен бақыланылатын әрі оған бағынышты болатын, басқару деңгейінің иерархиясы;

3) қызметшілердің өз міндеттерін біртекті орындауы мен түрлі міндеттердің үйлесімділігін қамтамасыз ететін, өзара байланысқан ережелер мен үлгілердің болуы;

4) ресми адамдардың өз міндеттерін орындауына тән формалдық дербестігін жоғалту рухы;

5) жұмысшыларды жұмысқа қабылдауды біліктілік талаптарына қатаң сәйкестікпен жүзеге асыру.

Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымының мынадай негізгі түрлері бар:

1) сызықтық;

2) функционалдық;

3) сызықтық-функционалдық;

4) сызықтық-штабтық;

5) дивизионалдық.

Сызықтық құрылымбойынша әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) бағыныштыларды басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару қызметтерін дербес атқаратын жоғары тұрған органның біреуіне ғана бағынып, содан ғана нұсқаулар алады. Бұл құрылым алғаш пайда болды.

Ұйымдағы ресурстарды алу және бөлумен байланысты жұмыстар мамандануының дамуына қарай қызметтiк департаменттеу пайда болды. Өндірісте департаменттеудің бұл тұрпаты ірі фабрикалар мен заводтарды құрған кезде өнеркәсіптік революция кезеңінде дами бастады.

Сурет 11.1. Сызықтық құрылымның схемасы


Функционалдық құрылым - бұл ұйымды олардың әрқайсысы дәл белгіленген, нақты міндеті мен тапсырмалары бар жекелеген элементтерге бөлу процесі. Ұйымды қызметтiк бөліктерге бөлгенде маманданған жұмыстар басым түрде ресурстар төңірегіне топтастырылады. Өйткені функционалдық қызметтің әрбір тұрпаты арнайы, ұйымдық міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын ресурстарға қатысты. Мәселен, кадрлар бөлімі - адамдарды, қаржы бөлімі - ақшаны және т.с.с. басқарады.

Сурет 11.2. Функционалдық құрылымның схемасы

 
 

Функционалдық құрылымның ұйымдарда кеңінен пайдаланылуы оның бірқатар айқын артықшылықтарына байланысты:

1) ресурстарды тиімді пайдалану;

2) даму және маманданудың тереңдеуі;

3) функционалдық бөлімдер ішіндегі мансаптық өсу;

4) жоғарғы басшылық тарапынан басқару және бақылау;

5) қызмет ішіндегі әрекеттестікті үйлестірудің жоғары дәрежесі;

6) мәселені техникалық шешудің жоғары дәрежесі.

Сонымен қатар оның келесі кемшіліктері де бар:

1) функционалдық бөлімдер арасындағы өзара байланыстың әлсіздігі;

2) сыртқы өзгерістерге баяу жауап қату, инновациялық қызметтегі мәселелер;

3) шешімдер жоғарғы деңгейде қабылданатындықтан, басшыдан тікелей орындаушыға дейінгі бұйрықтар тізбегі тым ұзарып кетіп, процестің баяулауына себепші болады;

4) кемшіліктерді жою үшін жауапкершілікті бөлумен байланысты мәселелер;

5) қызметкерлердің ұйымдық міндеттерді шектеулі түйсінуі;

6) қызметкерлерді жалпы үйретуді басқару мәселелері;

7) бөлімдердің жалпы ұйымның мақсатына қарағанда, өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға деген қызығушылығы артып кетуі мүмкін.

Сондықтан да функционалдық құрылымды өнімнің біршама шектелген номенклатурасын өндіретін, тұрақты сыртқы жағдайларда әрекет ететін және өзінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қалыпты басқарушылық міндеттерді шешуді талап ететін ұйымдарда пайдаланған лайықты.

Сызықтық-функционалдық құрылымныңнегізін басқару персоналын функционалдық жүйелер бойынша мамандандыру құрайды. Басқару аппараты бөлімдерінің жұмыс нәтижелері олардың қойылған мақсаттары мен мәселелерін жүзеге асыруына байланысты бағаланады. Бұл құрылымды басқару аппаратының жұмысы күрделі және жиі қайталатын рәсімдерден құралған жағдайда пайдаланған тиімді болады.

Сызықтық-штабтық құрылым да басқарушылық еңбектің функционалдық мамандану қағидасымен байланысты. Мұндағы менеджерлердің басты міндеті түрлі деңгейлі штабтардағы функционалдық қызметтердің әрекеттерін үйлестіру және сөйтіп осы әрекеттерді ұйымның жалпы мүдделеріне сәйкес бағыттау болып табылады.

Сурет 11.3. Сызықтық-штабтық құрылымның схемасы