Тақырып 4. Банктік активті басқару және қалыптастыру тәсілі

 

Мақсаты: банк активін басқару және қалыптастыру мазмұнын білу

Есебі:

¨ Берілген тақырып терминімен және негізгі түсініктерін білу;

¨ Банк активінің құрылымы жөнінде түсініктеме алу;

¨ Теоретикалық материалдарды практикада пайдалана білу.

 

Сұрақтар:

1.Актив құрылымы және құрамы

2.Өтімділік, қауіп-қатер, кірістілік көзқарасынан банк активінің сапасы

3.Банк активін басқару

Активтік операция. Кіріс алу мақсатымен және өтімділікті қамтамасыз ету мақстаымен банкінің жұмылдырылған ресурстарын орналастыру оның активтік операциясының мазмұнын анықтайды.

Коммерциялық банкінің активтік операциялары арасынан ссудалық операцияны, бағалы қағаздарға инвестицияны және т.б. бөліп көрсетеді.

Ссудалық операциялар банкінің белсенді қызметінің негізін құрайды, олар банкіге кіріс әкеледі.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі ссуда береді, олар әр белгісі бойынша топтастыруға болады:

- қарыз алушының нысаны бойынша – кәсіпорынға, халыққа, мемлекет органдарына ссуда;

- пайдалану мерзімі бойынша – қысқамерзімді (1 жылға дейін), орташамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақмерзімді (5жылдан жоғары);

- қалыптастыру сферасына байланысты - өндіріс сферасы мен айналыс сферасына ссуда.

Банк және қарыз алушы арасындағы несиелік қатынастар несиелік келісім шартымен жүйеге келтіріледі және толтырылады.

Карыз алушы банкіге несиелеу тәртібімен қарастырылған құжаттарын береді. Несиелік келісім шарт жасауға олардың несие – қабілеттілігі ықпалын тигізеді.

Клиент несиеқабілеттілігін талдау есебі мен мақсаты қарыз алушының уақтылы және толық сомада берешегін жабу талабын анықтаудан, қауіп-қатер дәрежесінен тұрады.

Қамтамасыз етудің ең маңызды түрі болып кепілдеме, кепілдік, кепілгер, несиелік қауіп қатерді сақтандыру табылады.

Ссуданы қамтамасыз ету формасын банк үшін әр несиелік операцияның қауіп-қатері анықтайды.

Берілген ссуданың топтасуымен несиелік қауіп – қатерге баға беру нақты қамтамасыз етудің бар болуымен, мерзімі асып кету күнінің санымен жүргізіледі.

Ссуда бес топқа бөлінеді: стандарттық, стандарттық емес, күдікті, қауіпті, сенімсіз.

Ссудалық операцияның тиімділігі оның несиелік саясатымен анықталады. Несиелік саясат ссуданың негізгі бағытын қалыптастырады.

Несиелік жұмсау банк үшін сенімді және тиімді болуы қажет. Несиелік қауіп-қатер дәрежесі бір қарыз алушыға қауіп – қатердің жіберілетін максимальды мөлшерімен анықталады.

Несиелік саясаттың маңызды бағыты болып берілетін ссуда түрінің, клиент – қарыз алушы мүмкіншілігін таңдау, несиелеуді үйлесімді ұйымдастыру, банкінің проценттік тактикасы табылады.

Коммерциялық банкінің басқалай маңызды активтік операциясына олардың инвестициялық қызметі жатады, процессінде банктер бағалы қағаздарға ресурстарды жұмсай отырып, инвестор ретінде болады.

Бұл бағалы қағаздарға артықшылығы бар акциялар, қаржылай инструменттер жатады.

Мысалы, банктердің активтік операциясы вексельмен бекітеді есептік (дисконттық) және қайта есептеу операциясын, акцепт бойынша несиелік операцияны және т.б. қор қағаздарымен операцияны, бағалы қағаздар операциясын бекітеді.

Бағалы қағаздарымен инвестиция жүргізе отырып, банктер кіріс алу мақсатымен жетекшілік етеді. Банктің негізгі активтік инвестициялық саясатының мазмұнын бағалы қағаз ортасын анықтау, әр нақты мерзімге инвестициялық портфель құрылымының үйлесімділігі құрайды. Коммерциялық банкінің актив құрылымында жоғары өтімді активтер бөлінеді: кассадағы бар ақша қалдығы, шоттағы төлем қаражатының қалдығы.

Банктер кассалық операцияны орындай, нақты және уақтылы кассалық операцияны қамтамасыз етуге міндетті.

Кассалық операция мазмұны: ақшалай қаражатты сақтау және беру тәсілі.

Кассалық операцияны жүргізу орталық банкімен орнатылатын ережемен жүйеге келтіріледі.

Банкіде ақшаны беру және қабылдау үшін, арнайы бөлімше құрылады, олар кіріс, шығыс, кешкі кассалар.

Клиенттерге кассалық қызметті жүзеге асыра отырып, банктер олармен келісім шартқа отырады.

Кассалық операцияны жүргізуді тексеру кезінде, кассалық кітабының дұрыс толтырылуына, қолма-қол ақшаның мақсатты пайдалануына, кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қолма-қол ақша эмиссиясын орталық банкінің жүзеге асыру құқығы коммерциялық банкінің онымен кассалық қызметін ұйымдастыруды шамалайды.

Ол есептеу – кассалық орталығы арқылы өткізіледі.

Басқалай активтік операция өз формасына байланысты әр түрлі және олардың дамуы банкіге кіріс әкеледі. Олардың қатарына шетел валютасымен операцияны, агенттік, трасталық, есептеу операцияларын жатқызады.

Қаржылай қызмет көрсету. Банкаралық бәсекелестіктің күшею ықпалымен коммерциялық банкінің операциясын ұлғайту тенденциясы байқалады. Олардың ішінде факторингтік, лизингтік және трасталық операцияларды бөлуге болады. Алғашқы екі түрі активтік ссудалық операция тобына бекітіледі.

Факторинг қызмет көрсету, жұмысты орындауда, өнімді жүзеге асыру барысында, контрагенттер арасында пайда болатын қарыз талабы төленбеген банкінің келісімге баруын білдіреді.

Банк кәсіпорыннан дебиторлық берешекті инкассолау құқығын алады.

Біруақытта банк клиенттің айналым капиталын несиелейді және өзіне оның несиелік қауіп – қатерін алады.

Факторинг кәсіпорын – клиент үшін пайдалы.

Біріншіден, кәсіпорын ақшалай түсімнің негізгі бөлігін алады, өз жабдықтаушыларымен есептесуде үнемдейді.

Екіншіден, банк – делдалымен шот – фактураны сатып алу клиент үшін төлемсіз қауіптілігін алып тастайды.

Факторингтік операция банкімен клиенттерімен келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Коммерциялық банктің активтік операциясына анықтама беріңдер.

2. Банк активінің құрамын атаңдар

3. Банк активінің сапасы қалай анықталады?

4. Ұзақмерзімді өтімділік актиіне не жатады?

 

Әдебиет: 1(с.416-424), 2(с.94-114), 3(с.431-432), 4(с.182-109,668-670), 7,23(с.25-29),25(с.50-56), 46(с.20-25)