Тақырып 9. Несиелік портфель және несиелік мәселелерді басқару

 

Мақсаты: банктің несиелік портфелімен танысу

Есебі:

¨ Берілген тақырып терминімен негізгі мәнін білу;

¨ Теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;

Сұрақтар:

1. Коммерциялық банктің несиелік портфелі.

2. Несиелік қауіп – қатер түсінігі және оның минимизациялық тәсілі.

 

Банк несиелiк қауiп-қатерге барады, яғни қаржылық инструментi бойынша бiр жақ өз мiндеттемесiн орындамаудан, екiншi жағы қаржылық зиян шегуiнен.

Өз компетенциясы шегiнде несиелiк қауiп-қатердi басқару және бақылауды несиелiк комитет жүзеге асырады.

Несиелiк комитетке несиелеу бойынша барлық ұсыныстарды жiбергенге дейiн қарастырылады және қауiп-қатердi басқару Департаментi немесе филиалдың қауiп-қатер – менеджерi қорытындысын алады.

Күнделiктi несиелiк қауiп-қатер мониторингiн бас банкiнiң несиелеу Департаментi өткiзедi.

Әр қарыз алушы бойынша қауiп-қатер, банк және брокердi бекiте, қосымша баланстық және баланстан тыс қауiп-қатердi қамтатын сублимитiмен шектеледi.

Қажеттiлiгi кезiнде банк кепiлдеме, ұйым кепiлгерiн алады. Бұндай қауiп-қатер мерзiмдiлiгiмен жылына бiр рет талданады.

Несиенi беру бойынша мiндеттеме қарыз, кепiлдеме және аккредитив формасында пайдаланылмаған несие бөлiгiн бiлдiредi.

Баланстан тыс қаржылық инструменттерi бойынша несиелiк қауiп-қатер келiсiм шарт жағдайын орындамаған жағына байланысты зиян ықтималдығы ретiнде анықталған.

Қауiп-қатердi басқару жүйесi стратегиялық басқару деңгейiнде жүзеге асырылатын нақты шараларымен ретке келтiрiледi.

Қауiп-қатердiң минимизациясына бағытталған банк қызметiнiң қауiп-қатерiн басқарудың бiрнеше тәсiлдерiн қарастырамыз.

Оларға жатады:

1) Банк қызметi жөнiнде статистикалық және динамикалық жеткiлiктi ақпараты бар талдаудың жобалық әдiстерi көмегiмен мүмкiншiлiк шығынына алдын-ала баға беру. Осы мақсат үшiн банкте қауiп-қатер деңгейiн талдаумен айналысатын және оларды маркетинг жүйесiнде басқару бойынша шараларды өңдеу бөлiмдерi құрылуы қажет;

2) қауiп-қатер дәрежесiн көбейту кезiнде пайыздық мөлшерлемесiнiң динамикасы да көбейедi, яғни еркiн инструменттерiмен айналасу бойынша мөлшерлеме шектелген айналым инструментi бойынша мөлшерлемеден төмен; пассивтiк операция және банкаралық нарықтағы операция бойынша мөлшерлеме активтiк операция және клиентурамен несиелiк операциясы бойынша мөлшерлемеден төмен; қысқамерзiмдi операция және қамтамасыз етумен несие бойынша мөлшерлеме, қысқамерзiмдi операция бойынша және қамтамасыз етiлмеген мөлшерлемеге қарағанда төмен;

3) қолайсыз жағдай кепiлдемесi ретiнде несиенi сақтандыру;

4) хеджирлеу;

5) үлкен қауiп-қатер кезiнде қарыз алушы ұсынысынан бас тарту;

6) қауiп-қатер диверсификациясы, ол әр түрiнде пайда болуы мүмкiн:

а) жалпы несиелеу көлемiн сақтау кезiнде клиенттердiң үлкен санына шағын соммада несие беру;

б) консорциональдық негiзде несие беру, несиенiң үлкен соммасын беру кезiнде, консорциум құра отырып, бiрнеше банктер бiрiгедi;

в) салымшылардың үлкен санынан шағын соммамен бағалы қағаздарды, салымшылар депозитiн жұмылдыру;

г) берiлген несие бойынша жеткiлiктi қамтамасыз етудi алу.

Соңғы талапты жүзеге асырудың маңызды жағдайы болып кепiлдiк құқығы табылады: қарыз алушының төлемқабiлеттiлiгiн дұрыс талдап, бағалай бiлуi; қарызды оперативтi iздестiруде дұрыс бейiмделуi; активтiк және пассивтiк операция бойынша нормативтер жүйесiн қолдану, олар Орталық банкiмен орнатылады және орындау үшiн мiндетте.

Лимиттi орнату. Бұл жiберiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға жатады, яғни банк жетекшесi өз стратегиясына сәйкес қабылдауға әзiр. Бұл лимиттер әдетте банкаралық жағдайында, әдiстемеде және нұсқауда көрсетiледi. Өз кезегiнде стратегиялық жоспар банк қызметiнiң жеке бағыты бойынша оперативтiк жоспар арқылы iске асуы керек.

Бұл құжат банк қызметкерлерi жұмысының әдiстемелiк негiзiн құрайды, олар нақты операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лимит пен жалпы бақылау жүйесiн құрайды. Мысалға, егер лимит өте қатты және консервативтi болса, онда банк жетекшiлерi қауiп-қатерi өткен операцияларды жүзеге асыруға талпынады.

Кейде, банкаралық құжаттарда бiрiккен лимиттердiң бар болуы да кездеседi.

Олар банктiң жеке операциялары бойынша қауiп-қатер деңгейiне жатқызуға негiзделген, яғни көрсеткiштерiмен, мысалы банктiк капитал немесе пайда ретiнде (несие бойынша пайыздық мөлшерлеменi анықтау әдiстемесi, қарыз алушының несиелiк рейтiнгiн анықтау).

Банк операциясына лимит жүйесiн өңдеу, оларды төмендетуге әкелетiн қауiп-қатердi басқарудың маңызды әдiсi болып табылады.

Қауiп-қатердi өлшеу және айқындау.

Маңызды процедура болып жеке операциялар үшiн жiберілетiн қауiп-қатер деңгейiн сандық анықтау табылады.

Бұл жердегi маңыздылығы, бар қауiп-қатердiң өлшеумен шектелу емес, жаңа нарықты игерудегi қауiп-қатердi бағалау.

Бұл есебi маркетингтiк зерттеумен тығыз байланысты. Қауiп-қатердi өлшеу жүйесi оның негiзгi үш компонентiн анықтауы қажет: мөлшерi, ықпал ету мерзiмiнiң ұзақтылығы, жағымсыз жағдайдың бар болу ықтималдығы.

Нақты несие бойынша қауiп-қатер деңгейiн бағалай отырып, банк жетекшісi қауiп-қатердi қабылдау компенсациясын алуға талаптануы керек.

Қарыз алушы жоспары – бұл қауiп-қатердi анықтауға жеке тәсiлi.

Несиелiк портфель шегiнде қауiп-қатердi анықтау әдiсi несиелеудiң әр түрлi бағытына рейтингтi беру жолымен жетiлуi керек.

 

Әдебиеттер: 1(с.183-296), 2(с.269-319), 3(с.149-173), 4(с.399-402), 7, 18