Тақырып 10 Бағалы қағаздармен коммерциялық банк операциялары

Мақсаты: бағалы қағаздармен коммерциялық банк операцияларымен танысу

Есебі:

¨ берілген тақырып терминімен негізгі түсінігін білу;

¨ бағалықағаздармен банк операциясы жөнінде түсініктеме

¨ теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;

Сұрақ:

1.Бағалы қағаз нарығында банк қызметінің түрлері.

2.Банкімен жеке бағалы қағаздарды шығару.

 

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем-ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық (вексельдер, чектер).

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма, орташаларда мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфеліне сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші деңгейдегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шағару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта төмендеп тұр. Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық банктердің комиссиондық операциялар бұл банктердің клиенттерге көрсетілген қолма-қолсыз есеп айырысу операциялары. Осы операцияның орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, конкоренттік және т.б. Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бағалы қағаздар қозғалысы дегеніміз не?

2. Комиссиондық операциялар дегеніміз не?.

3. Бағалы қағаздар операцияларының қатысушылары кімдер?

 

Әдебиет: 1(365-390), 2(с.478-496), 3(с.261-285), 4(с.436-452), 7,9,23(с.68-71), 36(с.49-73), 46(с.35-38)