Дәріс №5. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық

1. Қазақстанның геосаяси жағдайы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат-елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионал­дық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

“Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ, қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтасты­ғын құрметтеу принциптеріне негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақ­тық мемлекет ретінде танытты”.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе-капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сәйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге” қосылды. Дегенмен, республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім-ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 ж. үш мемлекеттің-Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлы­британия, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 ж. оларға Қытай мен Франция қосылды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млн доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей полигонында қалған ең соңғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды: КСРО-ның тарауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

· АБӘСШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) 1992 жылдың қазан айында, БҰҰ Бас Ассамблеясында z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйлеген).

· Еуразиялық Одақ (1994 жылдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев бұл Одақты құру жөнінде мәселе көтерді).

· 1992 жылдан бері Қазақстан экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына (оған Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіреді) мүше.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар: Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты Халықаралық байланыстар орнатуға қосымша түрткі болды.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси ғаламдастыру үрдістері халықаралық құқықтың басты-басты принциптерін алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ОБСЕ, Халықаралық және Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халықаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі Халықаралық ұйымдарға мүше болу үлкен маңызға ие.

1992 ж. 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰБА) 46- сессиясында Қазақстан Респбликасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі 46/224 резолюцияға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметін белсенді түрде қолдай бастады. 1996 ж. Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдайтын қимылдарына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекетке айналды.

БҰҰ адамзат дамуына қатысты кең көлемді мәселелерді шешумен айналысады. БҰҰ бөліп көрсетуі бойынша адам қауіпсіздігіне қатер төндіретін төмендегідей құрылым тізімі қабылданған: экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік. Бұлардың барлығы әр түрлі ұйымдар мен конференциялардың қызметінде көрініс тапқан. 1992 ж. Рио-де Жанейрода, 1993 ж. Венада-адам құқы; 1994 ж. Каирде-халық саны мен дамуы, 1995 ж. Копенгагенде-әлеуметтік даму, 1996 ж. Пекинде-әйелдердің жағдайы, Стамбұлда елді мекендер мен даму және басқалар жөнінде мәселелер қаралды. Қазақстан БҰҰ-ға енген уақытынан бастап бұл конференциялардың жұмысына белсене атсалысты.

БҰҰБА-да қаралған ең басты келелі мәселелердің бірі-Семей ядролық полигонына қатысты болды. 1998 ж. 16 қарашада БҰҰБА-ның 53-сессиясы “Халықаралық ынтымақтастық және тұрғындарды реабилитациялау және Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру” деп аталған резолюция қабылдады. Қазақстан басқа да Халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 ж. республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада “Бала мен ана денсаулығы”, “Базалық білім беру”, “Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі” және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 ж. Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 ж. мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкен ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын (“Адам және биосфера”, “Халықаралық гидрология”) жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 ж. қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конферен­циясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 6, 12, 16, 17, 21, 29, 31.