Сабақ беру және оқыту әдістері

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

САБАҚТАРҒА (ТӘЖІРИБЕЛІК, СЕМИНАРЛЫҚ, ЗЕРТХАНАЛЫҚ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: 5В130200 Стоматология

Пәні: Him 1111 Химия

Кафедра: Биохимия және химиялық пәндер

Курсы: 1курс

Тақырыптар

Құрастырушы____________ Елемесова Ж.Г.

Семей – 2014 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі, порф ____________________ Тапбергенов С.О.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 201___ж. № __ хаттама

Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)

________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Тақырып №1: Химиялық эквивалент. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділердің кұрамын көрсету тәсілдері.

2. Мақсаты: Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдерін үйрену. Тақырып сұрақтарын ағзаның тіршілігіндегі ертінділердің манызымен байланыстыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек

1. Химялық лабороториядағы жұмыс кезіндегі жұмыс ережелері мен қауіпсіздік шаралары:

2. Химилық лабораторияда жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету;

3. Химия курсын кезіндегі студенттерге қойылатын талаптар, лабороториялық есепті безендіру ережелері;

4. Қрапайым лабораториялық құрылғылардың қолдану аясы және олармен жұмыс жасау әдістері: химическая ыдыс, термометр, қыздырғыш құралдар (спирт шамдар), ареометрлер.

5. Химиялық операциялардың орындалу әдістері мен қолдану аясы: Заттардың еруі, ерітінділедің қыздырылуы, фильтрлеу және т.б.

6. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары, бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасы;

7. Элементтердің валенттілігін, күрделі заттардың молярлық массасын есептеу: қышқылдарды, негіздердің, тұздардың, оксидтердің. Химиялық элементтің эквиваленттілігі, оның валенттілікке тәуелділігі.

Студент істей білуі керек

1. Студенттерді ерітіндіні дайындап және олардың концентрациясын есептеуді;

2. Күрделі заттардың және элементтің химиялық эквиваленті, олардың молярлық

массасын анықтауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кіріспе бөлімі. Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелері.

2. Элементтің химиялық эквиваленті және эквивалентік молярлық массасы.

3. Оксидтердің , негіздердің , қышқылдардың , тұздардың эквиваленті және эквиваленттік молярлық массасы.

4. Ерітінділердің кұрамын көрсету тәсілдері: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр.

5. Тірі ағзадағы ерітінділердің манызы.

Сабақ беру және оқыту әдістері

  • Топ студенттерімен танысып, сабақтың тақырыбы бойынша талдау
  • Студенттердің химия пәнінен бастапқы білім деңгейлерін тексеру. (шағын топтар, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тестпен жұмыс және т.б.).
  • Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру.
  • Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Лабораторияда жұмыс істеу ережелері

1. Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан лабораторияны қабылдап алу керек.

2. Студенттер лабораторияға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сумкаларды, бас киімді, т.б.)

3. Лабораториялық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз нәрселер болмау керек, төгілген сұйықтықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза үстау керек. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқтың көзінен алып, жарықты өшіру керек.

4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.

5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.

6. Күміс, сынап, бром, йод бар ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.

7. Топ студенттері лабораториядан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.

Сақтану ережелері

1. Реактивтердің ү артығы улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек.

2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.

3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.

4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.

5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.

6. Заттарды иіскегенде, сұйықтықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.

7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.

Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.