Рбір сұрақтың дұрыс жауабы 4 баллдық жұйемен бағаланады да ортақ бағасы есептелінеді

1 топ:

1) Электролиттік диссоциация деген не? Күкірт қышқылының диссоциациясын жазып көрсет.

2) Судың иондық көбейтіндісінің формуласын қорытып шығар.

3) Биологиялық сұйықтықтардың қышқылдық – негіздік тепе- теңдігінің ағза үшіне маңызы туралы не білесіз?

4) Ортаның рН мәндерін анықтау әдістері

2 топ:

1)Электролиттер деген не? Калай жіктеледі? Мысал келтір.

2) Сутектік көрсеткіш деген не?

3) Метилоранж, лакмус, фенолфталеиннің ортаға байланысты түстері қалай өзгереді?

4) Колориметриялық анализдің мағынасын түсіндір. Ламберт – Бер заңы қалай айтылады?

3 топ:

1)Электролитттік диссоциациалану дәрежесі мен константасы деген не? Сірке қышқылының мысалында көрсет.

2) Ерітінділердің ортасын сутек иондарының концентрациясымен және сутектік көрсеткіш арқылы қалай көрсету болады?

3) Қышқылдық – негіздік индикаторлар деген не?

4) Колориметрлеу әдістерін (теңестіру әдісі, түсті шкала әдісі) түсіндір.

ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

СӨЗДЕРІ БОСАТЫЛҒАН МӘТІНДЕГІ СӨЗДЕРДІ ТАБУ:

1.Ерітінділер немесе балқымалары электр тогын өткізетін заттарды ........ дейді.

2. Ерігенде, балқығанда бұл заттардың молекулалары .......... ыдырайды.

3. Иондарға ыдыраған молекулалар санының алынған молекулалардың жалпы санына қатынасын .................. дейді.

4. ................. заттың табиғатына, концентрациясына және температураға тәуелді, ................... заттың концентрациясына тәуелсіз болады.

5. Сутектік көрсеткіш биологиялық сұйықтықтардың .......... көрсету үшін кең қолданылады.

6. Сутегі ионы концентрациясының теріс ондық логарифмі ............... деп аталады.

7. Егер ерітіндіде Сн+< Сон- болса, осы ерітіндінің ортасы ............

8. Егер ерітіндіде Сн+> Сон- болса, осы ерітіндінің ортасы ............

9. Ортаның қышқылдық-негізділігіне байланысты өзінің түсін өзгертетін органикалық заттар ....... деп аталады.

10. Концентрацияны анықтау үшін екі ерітіндінің түсін салыстыруды ......... дейді.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:

Тақырып:Колориметриялық әдіспен рН мәндерін анықтау

Тәжірибе№1: Зерттелетін ерітіндінің рН мәнін колориметриялық анализдің буферлік әдісімен анықтау (Аналитикалық химия негіздері, 24-25 беттер).

1) Фарфор ыдысқа 1 мл зерттелетін ерітінді құйып, ерітіндінің рН мәнін универсал қағаз индикаторын батырып, ол қағаздың түсін универсал индикатордың түсті шкаласымен салыстырыңдар. Зерттелетін ерітіндінің жуық шамамен анықталған (қатесі ± 0,5) рН мәнін дәптерге жазыңдар.

2) Индикаторлар кестесін пайдаланып, анықталған рН мәні түс өзгеру зонасына кіретін индикаторды таңдап алыңдар.

3) “Буферлік қоспалар” кестесі бойынша буферлік ерітінділерден жеті эталон дайындаңдар. Олардың рН мәндерінің қатарына зерттелетін ерітіндінің жуық мөлшермен анықталған рН мәні кіру керек. Мысалы: зерттелетін ерітіндінін рН = 4 болса, эталондардың рН мәндері 3,4; 3,6; 3,8; 4,0; 4,2; 4,4; 4,6 болу керек.

4) Дайындалған эталондарға және пробиркаға құйылған 5 мл зерттелетін ерітіндіге таңдалған индикаторды 2 тамшадан қосып аралыстырыңдар.

5) Зерттелетін ерітіндінің түсін эталондардың түсімен салыстырып, дәл рН мәнін анықтаңдар. Зерттелетін ерітіндінің рН – мәні түсі бірдей эталонның рН – мәніне тең. Колориметрлеуді компоратор арқылы орындауға болады. Қорытынды жасандар.

 

Тәжірибе № 2: Терінің рН-ің мәнің анықтау.

1. Берілген фарфор плиткаларының немесе стрип ұяшықтарына 1-2 тамшыдан рН мәндері 3-7 аралығындағы буферлік ерітінділерді тамызып, колориметриялық шкала дайындап, үстіне бір – бір тамшыдан универсал индикатор ерітіндісін тамызыңдар.

2. Алақанға, қолдың сыртына, құлақтың сыртына, шәштің астындағы теріге

1-2 тамшыдан универсал индикатор ерітіндісін тамызып, шыны таяқшамен жағыңдар. 30-60 секунд өткеннен кейін боялған терінің түсін колориметриялық шкаланың түсімен салыстырып, қорытынды жасаңдар (терідегі дақтар сумен жуғанда кетіп қалады, зияны жоқ). Қорытынды жасандар.

 

1. Тақырып №4 Буферлік ерітінділер.

2. Мақсаты: Буферлік жүйелердің құрамын, қасиеттерін және әрекет механизмін оқыту. Студенттерді ағзаның буферлі жүйелерімен, тірі ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігімен таныстыру.

 

3. Оқытудың міндеттері:

берілген рН мәндерімен буферлі ерітінділерді дайындауды. Буферлік сыйымдылықты анықтауды;буферлік қисықтың графигін құру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Буферлік жүйелер. Олардың құрамы бойынша жіктелуі.

2. Электролититік диссоциация теориясы жәнеи и протолиттік теория көзқарасымен буферлік әрекет механизмі.

3. Буферлік жүйелердің негізгі теңдеулері. Буферлік жүйелердің рН мәндерін Гендерсона-Гессельбах теңдеулерімен есептеу.

4. Буферлік ерітінділердің сиымдылығы, оған әсер ететін факторлар

5. Қанның буферлік жүйелері. Биологиялық сұйықтықтардың қышқылдық – сілтілік тепе-теңдігі. Ақуыз буфері.

6. Ағзадағы биологиялық процестерге рН әсері. Қанның қышқылдық – сілтілік күйі және қанның сілтілік қоры туралы түсінік. Ацидоз. Алкалоз.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері№4 зертханалық-тәжірибелік сабақты TBL әдісімен жүргізу, жұмыс барысында интерактивті әдіс – галерея әдісін қолдану, шағын топпен жұмыс.

Дебиет

Негізгі

1. Веренцова Л.Г. Неорганическая физическая и коллоидная химия2012/2013 : учебное пособие / Л. Г. Веренцова, Е. В. Нечепуренко. - Алматы : Эверо, 2009. - 213 с. : ил

2. Болысбекова С. М. Химия биогенных элементов : учебное пособие - Семей, 2012. - 219 с. : ил

3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев, Қ. Н. Дәуренбеков. - Шымкент, 2011 - 392 с.

4. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

5. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік - зертханалық сабақтарына қолданба : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев. - Шымкент, 2010 - 316 с.

Осымша

1. Физическая и коллоидная химия /Под ред.А.П.Беляева.- М.: ГЭОТАР МЕДиа, 2008

2. Молдакалыкова, Анар Жоямергенқызы. Аналитикалық химия пәнінің сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар : учебное пособие / А. Ж. Молдакалыкова. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2008. - 192 с.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

5. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

Бақылау

№1. Кез келген буферлік қоспаны мысалға келтіріп, оның күшті сілті немесе күшті қышқыл қосқандағы әрекет механизмін түсіндіріндер. Қышқыл мен сілті қосқанда ерітіндінің жалпы және белсенді қышқылдығы қалай өзгереді?

№2. Концентрациялары 0,1 моль/ л 10 мл. СН3СООН пен 5 мл СН3СООNа ерітінділерінен түзілген буферлік қоспаның рН мәнін есептендер. рККЫШ. = 4,74

№3. Көлемдері тең, концентрациясы 0,05 моль/л, NH4OH және 0,075 моль/л NH4С1 ерітінділерінен алынған буферлік қоспаның рН мәндерін есептендер. рК (NH4OH)= 4,75

№4. 10 мл қанға эквивалентік концентрациясы 0,05 моль/л. тұз қышқылын қосқанда қанның рН мәні 7,40 –тан 7,20 – ге дейін өзгереді. Қанның қышқыл бойынша буферлік сиымдылығын есептендер.

№5. 5 мл ацетат буферіне концентрациясы 0,1 моль/л 2,60 мл КОН ерітіндісін қосқанда буфердің рН мәні 3,7- ден 4,15- ке дейін өзгереді. Қанның қышқыл бойынша буферлік сиымдылығын есептендер.

№6. Фосфат буферінің жалпы және белсенді қышқылдығы қалай өзгереді:

а) тұз қышқылының ерітіндісін қосқанда?

б) калия гидроксидінің ерітіндісін қосқанда?

№7. Буферлік жүйеге дистильденген су қосқанда буферлік сиымдылық қалай өзгереді?

№8. Буферлік ерітіндіге дистильденген су қосқанда. оның рН мәні қалай өзгереді?

№9. рН мәні қандай болғанда буферлік жүйенің сиымдылығы сілті қосқанда төзімді болады : а) рН= рК; б) рН= рК + 1; в) рН = рК –1

№10. Ацидоз бен алкалоз қанның рН мәні қандай болғанда байқалады:

1) 7,37; 2) 7,42 3)7,39 4) 7,32

 

Тестілік тапсырмалар:

1. Карбонат буфер жүйесі құралады:

1. көмір қышқылы мен натрий гидрокарбонаты ерітінділерінен

2. көмір қышқылы мен натрий карбонаты ерітінділерінен

3. көмір және сірке қышқылдары ерітінділерінен

4. натрий гидрокарбонаты және карбонаты ерітінділерінен

5. калий гидрофосфаты және дигидрофосфаты ерітінділерінен

 

2. 1л буферлік ерітіндінің рН мәнін бір бірлікке өзгерту үшін қосылатын күшті қышқыл немесе күшті негіздің эквивалент санының атауы:

1. буферлік жүйенің рН-ы

2. ерітіндінің буферлік сиымдылығы

3. ерітіндінің буферлік әрекетінің механизмі

4. қанның сілтілік резерві

5. жүйенің изоэлектрлік күйі

 

3. Әлсіз негізден және оның күшті қышқылдан түзілген тұзынан тұратын буферлік ерітінді:

1. ацетат буфері

2. гемоглобин буфері

3. аммоний буфері

4. оксигемоглобин буфері

5. карбонат буфері

 

4. Буферлік ерітіндіге аз мөлшерде күшті қышқыл қосқанда оның рН мәні:

1. өзгермейді

2. кемиді

3. өседі

4. өсіп 7-ге жетеді

5. нольге дейін кемиді

 

5. Ақуыздық буферлік ерітіндіге дистилденген суды қосқанда оның буферлік сиымдылығы:

1. кемиді

2. өзгермейді

3. өседі

4. нольге тең болады

5. рН 7-ге тең болады

 

6. Қалпында қанның рН= 7,36-7,40 . Ацидоз кезінде қанның рН-ы:

1. қышқылдық жаққа өзгереді (рН<7,36)

2. сілтілік жаққа өзгереді (рН>7,40)

3. 7,36-7,40 аралығында болады.

4. рН= 09дейін кемиді

5. рН= 14 дейін артады

 

7. Көмiр қышқылының рК мәнi 6,35. Компоненттер ерiтiндiлерiнiң бiрдей

көлемдерiн араластырғанда гидрокарбонат буферiнiң рН мәнi 6,35 болады егерде:

1. тұздың концентрациясы қышқылдыкiнен артық болса

2. тұздың концентрациясы қышқылдыкiнен 10 есе кем болса

3. тұздың концентрациясы 3 есе артық болса

4. тұз бен қышқылдың концентрациялары тең болса

5. тұздың концентрациясы қышқылдыкiнен 3 есе кем болса

 

8. Алкалоз күйде қанның сілтілік резервісі қалпыңдағысынан:

1. өзгермейді

2. артады

3. кемиді

4. рН= 7 дейін кеміп, одан кейін өседі

5. рН= 1

 

9. Тек белок буферлік жүйелер қатары:

1. аммоний, гемоглобин буферлері

2. аминқышқылдық және ацетат буферлері

3. аммоний, ацетат және фосфат буферлері

4. гемоглобин, оксигемоглобин және белоктар буферлері

5. белок, фосфат, ацетат буферлері

 

10. Буферлік ерітіндіге аз мөлшерде сілті ерітіндісін қосқанда оның рН мәні:

1. кемиді

2. өзгермейді

3. өседі

4. нольге тең болады

5. 7-ге тең болады

 

12. Ацидоз кезінде қанның сілтілік резервісі қалпындағысына:

1. артық

2. кем

3. қалпында

4. рН=1

5. нольге тең

 

13. Биарбонат буферлік жүйе түзіледі араластынғанда:

1. көмір қышқылы мен натрий гидрокарбонатының ерітінділерін

2. көмір қышқылы мен натрий карбонаты ерітінділерін

3. натрий гидрокарбонаты мен карбонат ерітінділерін

4. натрий /калий/ гидрокарбонаты мен гидрофосфаты ерітінділерін

5. натрий /калий/ карбонаты мен фосфаты ерітінділерін

 

14. Адам қанының сілтілік резервісі қалыпты күйде тен:

1. СО2-ның 10-15 көлемдік процентіне

2. СО2-ның 90-100 көлемдік процентіне

3. СО2-ның 20-35 көлемдік процентіне

4. NaCl-дың 0,9 процентіне

5. СО2-ның 50-65 көлемдік процентіне

 

15. Буферлік ерітіндінің рН мәні тәуелді:

1. температураға, буферлік ерітінділер құрамындағы компоненттердің табиғатына, олардың концентрацияларының қатынасына

2. тек компоненттердің концентрациясына

3. қышқылдың концентрациясына

4. тұздың концентрациясына

5. негіздің концентрациясына

 

16. Қанның 75% буферлік сиымдылығынқамтамасыз ететін:

1. ацетат буфері

2. ацетат және аммоний буферлері

3. аммоний буфері

4. гемоглобин және оксигемоглобин буферлері

5. гемоглобин және ацетат буферлері

 

17. Формула рН= рК + lg бойынша есептеледі

1. ерітіндінің буферлік сиымдылығы

2. буферлік ерітінділердің рН

3. қанның рН

4. изоэлектрлік күйдің рН

5. судың рН

 

18. Аз мөлшерде қышқыл немесе сілті немесе су қосып сұйылтқанда сутек иондарының концентрациясын /рН-ын/ тұрақты етіп сақтайтын ерітінділердің қасиетін:

1. буферлік сиымдылық дейді

2. буферлік әрекет немесе буферлік дейді

3. катализ дейді

4. плазмолиз дейді

5. гемолиз дейді

 

19. Аммоний буферіне аздап тұз қышқылын қосқанда эквивалент мөлшерде түзіледі:

1. күшті қышқыл

2. әлсіз қышқыл

3. күшті негіз

4. аммоний хлориді мен су

5. әлсіз негіз

 

20. Фосфат буферлік жүйе құралады:

1. фосфор қышқылы мен калий гидрофосфатының ерітінділерінен

2. фосфор қышқылы мен калий дигидрофосфатының ерітінділерінен

3. калий гидрофосфаты мен калий дигидрофосфатының ерітінділерінен

4. фосфор және көмір қышқылдарының ерітінділерінен

5. фосфор қышқылы мен калий ортофосфатының ерітінділерінен

 

21. Қанның буферлік жүйелеріне жатпайды:

1. фосфат буфері

2. гидрокарбонат буфері

3. ацетат буфері

4. гемоглобин буфері

5. оксигемоглобин буфері

 

22. Аммоний буферлік жүйесі құралады:

1. аммоний гироксиді мен натрий ацетатынан

2. аммоний гидроксиді мен хлоридінен

3. аммоний гидроксиді мен сірке қышқылынан

4. аммоний хлориді мен сірке қышқылынан

5. аммоний ацетаты мен аммоний хлоридінен

 

23. Буферлік ерітіндіге дистилденген суды қосқанда оның буферлік сиымдылығы:

1. кемиді

2. өзгермейді

3. өседі

4. нольге тең болады

5. рН 7-ге тең болады

 

24. Концентрациялары бірдей әлсіз қышқыл мен оның калий тұзының ерітінділері 5 мл-ден араластырылады. Қышқылдың рК = 4,80. Түзілген буферлік рН тең:

1. 6,80

2. 0,70

3. 9,20

4. 5,80

5. 4,80

 

25. Қатынас СН+ > CОН- сипаттайды:

1. ерiтiндiнiң қышқылдық ортасын

2. ерiтiндiнiң сiлтiлiк ортасын

3. ерiтiндiнiң нейтрал ортасын

4. буферлiк сиымдылықты

5. диссоциациялану дәрежесiн

 

TBL өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі: