Тәжірибелік дағдыларды тапсыру: зертханалық жұмысты орындау, эксперимент нәтижелерін талдау, қорытынды жасау

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:

Тақырып:Зертханалық ерітінділердің рН потенциометриялық өлшеу .

Құрал – жабдықтар: рН-метр, стакандар, ерітінділер: дистилденген су, NaOH, HCI, аспирин, фильтр қағазы.

Жұмыстың барысы:

1. Зертханалық рН-метрді қолдану сипаттамасымен және ережелерімен таныстыру (прибордың құжаты бойынша).

2. рН-метр приборын токқа қосу

3. Стаканға 25,00 см3 дистилденген суды, одан кейін ретімен концентрациясы белгісіз зерттелетін ерітінділерді құяды.

4. Зерттелетін ерітіндісі бар стаканға шыны электродын және салыстыру электродын (хлоркүміс) батырады, электродтарды алдын ала дистилденген сумен шайып, фильтр қағазымен кептіреді.

5. Шыны электрод стаканның түбінен 1,5-2 см биіктікте орналасу керек.

6. рН-метрдің көрсеткен мәнін алып, кестеге енгіземіз.

Ерітінділер рНтәж. рОН
Н2О дист    
Н2О құбыр    
NaOH    
HCl    
Аспирин    

3.Жұмыс бойынша есеп беру. Қорытынды жасау.

4. Жұмыс орнын кезекшіге өткізу.

 

№ 1 топ Сөзжұмбақ

Көлденеңінен:

1. Өз тұзының ерітіндісіне батырылған металдан тұратын бірінші ретті электрод.

2. Ерітіндінің рН анықтайтын прибор.

3. Даниэль-Якоби элементіндегі металдық электродтың бірі.

4. Тірі ұлпа қозған кезде теріс зарядталып, пайда болған электр тогы келесі түрде аталады.

5. Еріткіш молекулаларының әсерінен иондарға ыдырап, ерітінділері не балқымалары электр тогын өткізетін заттар.

6. Электродта ерітіндіге батырылатын металдан жасалған құрылғы.

7. Схемасы: Рt/X, ГХ, Н+ болатын тотығу-тотықсыздану электроды.

8. Оң зарядталған иондар.

9. Схемасы: Аg/AgCl, KCl болатын екінші ретті электрод.

10. Құрамындағы электронды беріп, тотығу дәрежесін арттыратын элементі бар зат.

11. Тотыққан және тотықсызданған редокс – жұптарының стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдарының айырымы.

Тігіненен:Мембранамен бөлінген ерітінділер шекарасында пайда болатын потенциалдардың секірісі.

№ 2 топ Сөзжұмбақ

Көлденеңінен:

1. Электролит ерітіндісіне , мысалы өз тұзының ерітіндісіне батырылған металл өзін ток өткізетін жүйе ретінде көрсетеді және электрохимияда келесі түрде аталады.

2. Әртүрлі екі электролит ерітінділеріне әртүрлі екі электрод батырылып құрастырылған гальваникалық элемент.

3. Ғ=96500 Кл кім ашқан сан?

4. Ағзада өтетін процестерді тездететін катализатор.

5. Схемасы: Sb2O3 + 6H+ + 6e- →2 Sb + H2O болатын екінші ретті электрод.

Заттардың өз бойынан сыртқы электр өрісінің әсерінен электр тогын өткізу қабілеті.

6. Теріс зарядталған иондар

7. Мырыш –мыс электродтарынан құралған гальваникалық элемент.

8. Рекцияның химиялық энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрал.

9. Даниэль-Якоби элементіндегі металдық электродтың бірі.

10. Зерттелетін потенциал анықтаушы ион белсенділігінеқатысты қайтымды электродтар.

Тігіненен:Әртүрлі концентрациялы екі электролит ерітінділерінің жанасу шекарасында пайда болған потенциалдар секірісі.

№ 3 топ Сөзжұмбақ

Көлденеңінен:

1. Тотығу-тотықсыздану процесінде тасымалданатын теріс зарядты бөлшектер.

2. Схемасы: Hg/Hg2Cl2, KCl болатын екінші ретті электрод.

3. Әртүрлі концентрациялы бірдей электролит ерітінділеріне табиғаты бірдей екі электрод батырылып құрастырылған элемент.

4. Схемасы: H2 {Рt}2H+ болатын бірінші ретті электрод.

5. Тотықсыздану процесі жүретін электрод.

6. Электродтық потенциалдың теңдеуін ұсынған ғалым.

7. Электродтық потенциалдың өлшем бірлігі.

8. Тотығу процесі жүретін электрод.

9. Электродтың потенциалының мәні белгілі және тұрақты болатын электрод.

10. Әртүрлі концентрациялы екі электролит ерітінділерінің жанасу шекарасында пайда болған потенциалдар секірісі

11. Құрамында электрон қосып алып, тотығу дәрежесін төмендететін элементі бар зат.

Тігіненен: Металл-электролит ерітіндісі шекарасындағы потенциалдар секірісі.

 

1. Тақырып №7: Беттік құбылыстар. Хроматография, медициналық практикада қолданылуы.

2. Мақсат:Беттік құбылыстардың теориялық негізін, олардың биология мен медицинадағы маңызын және хроматографияның медициналық практикада қолдануын оқыту және дағдыларын бекіту.

3. Оқыту міндеттері:

- Колонкалы және қағаздық хроматография әдістерімен заттардың қоспасын хроматографиялық бөлуді үйрену;

4. Тақырыптын негізгі сұрақтары:

1. Бос беттік энергия. Беттік керіліс. Сұйық беттің ішкі энергиясы. Сұйықтықтың ішкі қысымы. Беттік керіліске әсер ететін факторлар.

2. Сорбция, оның түрлері. Мысалдар келтіру.

3. Беттік белсенді заттар (БАЗ). Траус – Дюклоның ережесі. Жұғатын сұйық бетіне әсер ететін толық қысымның теңдеуі.

4. Беттік белсенді емес заттар (БАЕЗ).

5. Гибсстың беттік керіліс изотермасы мен теңдеуі.

6. Беттік қабатта адсорбталған молекулалардың бағытталуы. Ленгмюрдың қада қоршауы.

7. Ленгмюрдың адсорбция изотермасы мен теңдеуі.

8. Қатты беттегі адсорбция. Иондардың талғамды адсорбциясы. Панет –Фаянс – Ган ережесі.

9. Хроматографиялық анализ, оның мағынасы, жіктелуі.

10. Беттік құбылыстардың биологиялық ролі, биология мен медицинадағы маңызы.

5. Оқыту мен сабақты жүргізу әдістері:

№7 зертханалық-тәжірибелік сабақты медбиофизика сабағымен горизонтальді интеграция және TBL әдістерімен жүргізу

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Веренцова Л.Г. Неорганическая физическая и коллоидная химия2012/2013 : учебное пособие / Л. Г. Веренцова, Е. В. Нечепуренко. - Алматы : Эверо, 2009. - 213 с. : ил

2. Болысбекова С. М. Химия биогенных элементов : учебное пособие - Семей, 2012. - 219 с. : ил

3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев, Қ. Н. Дәуренбеков. - Шымкент, 2011 - 392 с.

4. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

5. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік - зертханалық сабақтарына қолданба : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев. - Шымкент, 2010 - 316 с.

Осымша

1. Физическая и коллоидная химия /Под ред.А.П.Беляева.- М.: ГЭОТАР МЕДиа, 2008

2. Молдакалыкова, Анар Жоямергенқызы. Аналитикалық химия пәнінің сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар : учебное пособие / А. Ж. Молдакалыкова. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2008. - 192 с.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

5. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

7. Бақылау:

№1. Берілген заттардың ішіндегі беттік актив заттарды атаңдар: натрий хлориді, май қышқылы, пентанол-1, глюкоза, холестерин, натрий стеараты, күкірт қышқылы.

№2. Берілген заттарды беттік қабатта адсорбциялану қабілетінің өсуі ретімен орналыстырыңдар: гексанол, этанол, метанол, октанол, деканол, лаурин спирті (С12Н25ОН).

№3. Берілген иондарды: Na+, Cr3+, Ni2+, Li+ коалиннің бетінде адсорбциялану қабілеті артуы бойынша орналастырыңдар.

№4. Берілген заттардың арасындағы дифильдік молекулаға ие заттарды көрсетіңдер: сірке қышқылы, натрий олеаты, кальций хлориді, стеарин қышқылы, глюкоза.

№5. Траубе – Дюкло ережесін пайдаланып май қышқылының беттік активтілігі сірке қышқылының активтілігінен неше есе артық екенін есептеңдер. (Жауабы: 10 есе)

Тестілік тапсырмалар: