Ерітінділер концентрациясы

1. Молялдік концентрация дегеніміз – еріген заттың моль санының:

1. еріткіштің массасына қатынасы.

2. ерітіндінің массасына қатынасы

3.еріткіштің моль санына қатынасы.

4. еріткіштің көлеміне қатынасы

5. ерітіндінің көлеміне қатынасы

 

2. Зат эквивалентінің молярлық концентрациясының өлшем бірлігі:

1. моль

2. г/моль

3. моль/л

4. г/мл

5. моль/кг

 

3. 1 мл/см3/ ерітіндіде неше грамм еріген зат барын көрсететін концентрацияның атауы:

1. ерітілген заттың массалық үлесі

2. титр

3. проценттік концентрация

4. молярлық концентрация

5. эквиваленттің молярлық концентрациясы

 

4. Молярлық концентрация дегеніміз – еріген заттың моль санының:

1. еріткіштің көлеміне қатынасы.

2. ерітіндінің моль санына қатынасы

3. еріткіштің моль санына қатынасы

4. ерітіндінің көлеміне қатынасы

5. еріткіштің массасына қатынасы.

 

5. Молярлық концентрациясы белгiлi ерiтiндi дайындағанда, заттың алынатын массасын есептеу үшiн қолданылатын формула:

1. m = CּMּV

2. m = m(ерітінді)ּ100%

3. m = 1000ּT

4.

5.

 

6. 5 г қант пен 45 г су араластырылды. Түзілген ерітіндідегі қанттың массалық үлесі:

1. 5%

2. 10%

3. 45%

4. 9%

5. 11,1%

 

7. 10 г тұз бен 40 г су араластырылды. Түзілген тұздың массалық үлесі:

1. 10%

2. 40%

3. 2,5%

4. 4%

5. 20%

 

8. 250 мл ерітіндіде 5 гр. НСІ бар. Осы ерітіндінің титрі тең:

1. 0,02 г/мл

2. 5 г/мл

3. 7,3 г/мл

4. 0,028 г/мл

5. 0,365 г/мл

 

9. 1 кг еріткіште неше грамм еріген зат барын көрсететін концентрация:

1. молярлық

2. пайыздық

3. эквивалентік

4. моляльдік

5. титр

 

10.Еріген заттың артық мөлшерімен динамикалық тепе-теңдікте болатын ерітінді аталады:

1. буфер

2. изотоникалық

3. өте қаныққан

4. қанықпаған

5. қаныққан

 

11. 50 мл ерітіндіде 0,5 г азот қышқылы бар. Осы ерітіндінің титрі тең:

1. 0,01 г/мл

2. 2,00 г/мл

3. 0,63 г/мл

4. 1,26 г/мл

5. 0,0001 г/мл

 

12. Ерiген заттың массасы мен ерiтiндiнiң массасының қатынасымен көрсетедi:

1. ерiген заттың массалық үлесiн

2. заттың молярлық концентрациясын

3. эквиваленттiң молярлық концентрациясын

4. ерiтiндiнiң титрiн

5. ерiген заттың молярлық үлесiн

 

13. Ерiткiштiң мөлшерiмен салыстырғанда ерiтiлген зат ерiтiндiде аз мөлшерде болса, ерiтiндi:

1. концентрленген

2. қаныққан

3. буферлiк

4. изотоникалық

5. сұйылтылған

 

14. Заттың молярлық концентрациясының өлшем бірлігі:

1. г/моль

2.моль

3.г/мл

4.моль/л

5.моль/кг

 

15. Бiр литр ерiтiндiде заттың неше моль эквивалентi барын көрсететiн концентрация:

1. ерiген заттың салыстырмалы үлесi

2. пайыздық

3. молярлық

4. эквиваленттiк

5. титр

 

16. Эквиваленттік крнцентрация дегеніміз – бұл еріген заттың эквивалентінің моль санының:

1. ерітіндінің массасына қатынасы

2. ерітіндінің көлеміне қатынасы

3. еріткіштің моль санына қатынасы

4. еріткіштің массасына қатынасы

5. еріткіштің көлеміне қатынасы.

 

17. Ерітіндінің титрі анықталады:

1. ерітінді массасының еріген зат массасына қатынасы

2. 1 литр ерітіндідегі еріген заттың мөлшері

3. 1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквивалент мөлшері

4. 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм мөлшері

5. 1 кг еріткіштегі еріген заттың мөлшері

 

18. Күкірт қышқылының 200 мл ерітіндісінде 4,90 г Н2SO4 ерітілген. Н2SO4–нің эквивалентінің молярлық концентрациясы тең (моль/л):

1. 0,50 моль/л

2. 0,25 моль/л

3. 0,20 моль/л

4. 0,0005 моль/л

5. 0,00025 моль/л

 

19. 30 г қант пен 180 г су араластырылды. Түзілген ерітіндідегі қанттың массалық үлесі:

1.14%

2.20%

3.90%

4.9%

5.11.1%

 

20. Эквиваленті 0,2 натрий гидроксидінің массасы тең:

1.40г.

2.8.0г.

3.2.3г.

4.1.7г.

5. дұрыс жауап жоқ

 

21. Эквиваленті 0,01 азот қышқылының массасы тең:

1.63г.

2.0.63г.

3.1,4г.

4.21г.

5. дұрыс жауап жоқ

 

22. 100 мл ерітіндіде 4 г NaCl бар. Осы ерітіндінің титрі тең:

1.0,04 г/мл

2.0,002 г/мл

3.50 г/мл

4. 0,585 г/мл

5. дұрыс жауап жоқ

 

23. 500 мл ерітіндіде 20 г натрий гидроксиді бар. Ерітіндінің титрі тең (г/мл):

1.0,04 г/мл

2.2,50 г/мл

3.1 г/мл

4.0,8 г/мл

5. дұрыс жауап жоқ

24. 80 мл ерітіндіде 0,8 г азот қышқылы бар. Осы ерітіндінің титрі тең:

1.0,01 г/мл

2.1 г/мл

3.0,63 г/м

4.1,26 г/мл

5. дұрыс жауап жоқ

25. 250 мл ерітіндіде 15 г хлорсутегі бар. Осы ерітіндінің титрі тең:

1.5 г/мл

2.0,06г/мл

3.7,3 г/мл

4.0,028 г/мл

5. дұрыс жауап жоқ

1.Тақырып №2: Химиялық термодинамика негіздері. Термодинамикалық есептеулер.

2. Мақсаты: Биоэнергетиканың теориялық негізі болып табылатын, адам ағзасының энергетикалық балансы туралы түсінік алуға және тіршілік процестері кезіндегі энергияның әртүрлі түрлерінің бірі-біріне айлануының ерекшеліктерін аңықтауға мүмкіндік беретін термодинамиканың негізгі сұрақтарын оқып, білімі мен дағдысын бекіту.

3. Оқытудың міндеттері:

  1. Термохимиялық есептеулерді азық- түліктің калория бергіштігін есептеуді;
  2. Химиялық және биохимиялық прцестердің энергетикасын есептеуді;
  3. Химиялық реакцияның жылулығын анықтап үйренуі;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Энергияның сакталу заңы табиғаттың жалпы заңы ретінде.

2. Термодинамика мен биоэнергетика, жалпы түсініктері мен терминдері.

3. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Ішкі энергия. Энтальпия.

4.Термохимия. Гесс заңы, оның салдары. Термохимиялық есептеулер. Азық-түліктің калория бергіштігі.

5. Стандартты жағдай. Стандартты түзілу, жанып біту, айырылу, еру, энтальпиялары (жылулары).

6. Термодинамиканың екінші бастамасы. Термодинамиканың қайтымды және қайтымсыз процестері. Энтропия, Гиббс энергиясы.

7. Термодинамиканың біріктірілген заңы, өздігінен жүретін процестердің критериялары мен бағыты. Өздігінен жүретін процестердің энтальпиялық және энтропиялық факторлары.

8. Термодинамикалық жүйе ретінде тірі ағзаның ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері Сабақтың тақырыбы бойынша талдау жасау (шағын топтар, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тестпен жұмыс және т.б.). Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:

Тақырып:Тұздың еру жылулығын анықтау .

Құрал – жабдықтар: калориметр, өлшеу стаканы, сағат, құрғақ тұз, дистелденген су, құйғы

         
   
 
 
 
   

 


Калориметр схемасы: 1- ішкі ыдыс 2- жылу жекелегіш, изолятор 3- термометр 4- араластырғыш       3 1  

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Ішкі ыдысқа 25 мл дистелденген су құйып, оның бастапқы температурасын өлшеу керек. (термометрдің ұшы түбіне тимесін)

2. Ішкі ыдыстың қабырғасына тигізбей құйғы арқылы 1 г құрғақ тұзды салып, термометрі бар тығынмен жауып, ерітіндінің температурасын тез өлшендер. Температура өлшенген уақытты сағат бойынша белгілеңдер.

3. Ерітіндіні абайлап араластыра отырып, минут сайын ерітіндінің температурасын өлшеп, кестеге жазу керек.

 

Тәжірибе басталғаннан бергі уақыт, минут
Температура, 0С                  

4. Ақырғы үш өлшегенде ерітіндінің температурасы өзгермесе, тәжірибені тоқтатып, ыдыстағы сұйықтықты төгіп, сумен шайқаған соң жұмыс орынын кезекшіге тапсырындар.

5. Есептеулер:

1. Dt = tСОНҒЫ. – tБАСТАПҚЫ , tСОНҒЫ. – тұз ерігендегі жоғарғы немесе төменгі температура

2. Бір моль тұздың еру жылуы:

кДж/моль;

m1 – ерітіндінің массасы тең m (Н2О) + m (тұз) ( г)

m2 – тұздың массасы , г

С = 4,184 кДж/град – судың жылу сиымдылығы

М – тұздың молярлық масссы, г/моль

DН еру = - Q еру

3. еру стандарт энтальпиясын анықтағандағы салыстырмалы қателік::

А – стандарт еру жылуы DН еру (NaNO3) = + 21,3 кДж/моль

еру (Na2CO3) = - 23,6 кДж/моль

а - тәжірибе бойыша анықталан стандарт еру жылуы.

 

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Веренцова Л.Г. Неорганическая физическая и коллоидная химия2012/2013 : учебное пособие / Л. Г. Веренцова, Е. В. Нечепуренко. - Алматы : Эверо, 2009. - 213 с. : ил

2. Болысбекова С. М. Химия биогенных элементов : учебное пособие - Семей, 2012. - 219 с. : ил

3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев, Қ. Н. Дәуренбеков. - Шымкент, 2011 - 392 с.

4. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

5. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік - зертханалық сабақтарына қолданба : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев. - Шымкент, 2010 - 316 с.

Осымша

1. Физическая и коллоидная химия /Под ред.А.П.Беляева.- М.: ГЭОТАР МЕДиа, 2008

2. Молдакалыкова, Анар Жоямергенқызы. Аналитикалық химия пәнінің сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар : учебное пособие / А. Ж. Молдакалыкова. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2008. - 192 с.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

5. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

7. Бақылау:

Есептер мен жаттығулар:

№1. Массасы 2,1г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДжжылу бөлініп шықты.

Темір(11)сульфидінің түзілу жылулығын есептеңдер. (Жауабы: - 100,5 кДж/моль)

№2 Реакция теңдеуі бойынша Br2 +H2 = 2НBr 1 ,6 г бром сутекпен әрекеттескенде 0,72 кДж жылу бөлініп шықты. Бромсутектің түзілу энтальпиясын есептендер.

№3 Келесі химиялық реакциясының теңдеулері бойынша Гесс заңының бірінші салдарының математикалық өрнектерін жазыңдар:

1) 2SO2 (г) + О2 (г) = 2SO3 (г) - DН

2) Fе2О3 (к) + 3 СО (г) = 2 Fе (к) + 3 СО2 (г) - DН

3) С6Н12О6 (қ) = 2 СО2 (г) + 2С2Н5 ОН (с) - DН

№4. Ағзада глюкозаның өзгеріске ұшырауы:

С6Н12 О6 ( с) + 6О2 (г) = 6СО2 (г) + 6 Н2О (с) - DН, осы реакцияның жылу эфектісін есептеңдер, мұнда: DНТҮЗ (глюк) = -1273 кДж/моль;

ТҮЗ (СО2) = - 393,5 кДж/моль

ТҮЗ 2О) = - 236 кДж/моль Жауабы: - 2804 кДж/моль

№5. Бір стакан сүтте 8 г ақуыз,12 г көмірсу ,4 г май бар. Бір стакан сүттің энергетикалық құндылығын есептеңдер, 1г ақуыздың, көмірсудың энергетикалық құндылығы 4 ккал/1г, майдікі 9 ккал/г тең. (Жауабы:116 ккал)

№6 Бір тәулікте студент 80 г ақуыз,105 г май, 450 г көмірсуларды қабылдады. Бір тәулікке қажетті осы өнімдердің энергетикалық құндылығын есептеңдер. Калориялық коэффценттер №5 есепте берілген . (Жауабы: 3065 ккал)

№7 Балмұздақта 24% көмірсу, 4% -ақуыз және 8% -май бар. 60 г балмұздақтың энергетикалық құндылығын есептеңдер. Калориялық коэффценттер №5 есепте берілген. ( Жауабы: 110,4 ккал)

№8 Реакцияның 2Мg (к) + СО2 (г) = 2МgО (к) + С (к) - DН жылу эффектісін есептендер, мұнда DНТҮЗ (СО2) = - 393,5 кДж/моль; DНТҮЗ (МgО) = - 602 кДж/моль тең.

№9. Есептемей келесі реакцияларда энтропия қалай өзгеретінін анықтаңдар:

1) NН43 (к) = N2О (г) + 2Н2О (г)

2) 2Н2 (г) + О2 (г) = 2Н2О (г)

3) Н2 (г) + J2 (г) = 2Н2 J (г)

4) NаСl (к) + су (еріткіш) = Nа+ (ерітінді) + Сl- (ерітінді)

5) Н2О (с) = Н2О (г)

6) СО (г) + СІ2 (г) = СОСІ2 (г)

7) ҒеО (к) + Н2 (г) = Ғе (к) + Н2О (с)

№10. Гиббс энергиясының өзгеруі бойынша келесі химиялық реакцияның тура бағытта жүру мүмкіндігін анықтандар:

1) СаСО3 (т) = СаО + СО2 DG =129 кДж

2) 8 Аl (к) + 3Fе3О4 (к) = 9Fе (к) + 4 Аl2О3 (к) DG =-3285 кДж

3) N2О4 (г) = 2 NО2 (г) DG =0,0 кДж

4) 2НJ(г) + Сl2 (г) = 2НСl (г) + J2(с) DG =-194 кДж

5) N2 (г) +3Н2 (г) = 2 NН3 (г) DG =-3285 кДж

 

 

Тестілік тапсырмалар:

1. Энтропияның өлшемі:

1. Дж

2.кДж

3.кДж/моль

4.Дж/ моль .К

5.моль/л.сек

 

2. Қасиеттері әртүрлі, жеке бөліктері көзге көрітнетін шекарамен бөлінген термодинамикалық жүйе:

1. аулақтанған

2.ашық

3.жабық

4.гомогенді

5.гетерогенді

 

3. Бір-бірінен бөлінген, біртекті бөліктерінің химиялық және термодинамикалық қасиеттері бірдей, бір-біріне өткен кезде физикалық және химиялық қасиеттері шұғыл өзгеретін жүйе аталады:

1. параметр

2. энтропия

3. энтальпия

4. компонент

5. фаза

 

4. Химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен өнімдердің табиғаттары мен күйлері тәуелді, реакцияның жылу жолына тәуелді емес. Бұл:

1. әрекеттесуші массалар заңы

2. термодинамиканың 2-ші бастамасы

3. Гесс заңы

4. Вант-Гофф заны

5. термодинамиканың 3-ші бастамасы

 

5. Тұрақты қысымда және тұрақты температурада жүретiн термодинамикалық процесс:

1. изобарлық

2. изотермиялық

3. изохорлық-изотермиялық

4. изобарлық-изотермиялық

5. адиабаттық

 

6. Термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын параметрлар өзгергенде жүреді:

1. ішкі энергия

2. термодинамикалық процесс

3. термодинамика

4. термодинамикалық жүйе

5. ашық термодинамикалық жүйе

 

7. Заттың қандай күйінде энтропияның мәні жоғары болады:

1. сұйық

2. газ тәрізді

3. қатты

4. дұрыс кристалда температура абсолютті ноль

5. заттың энтропиясы тұрақты, агрегаттық күйге тәуелсіз

 

8. Зат сұйық күйден буға айналу фазалық процесстiң атауы:

1. балқу

2. кристалдану

3. конденсация

4. булану

5. сұйылу

 

9. Өздiгiнен жүретiн химиялық реакцияларда Гиббс энергиясының өзгеруi:

1. оң шама

2. терiс шама

3. өзгермейдi

4. дельта G =0 , энтропия кемидi

5. дельта G >0 , энтропия артады

 

10. Стандарт энтальпия мен Гибсс энергиясының өлшемі:

1. к/Дж, Дж.ккал, ккал

2. кДж/моль

3. ккал/моль, кал/моль

4. моль/ л.сек

5. моль/л

 

11. Жүйенің энтальпиясын арттыра жүретін химиялық реакция:

1. экзотермиялық

2. эндотермиялық

3. аналитикалық

4. каталитикалық

5. қайтымды

 

12. Толығымен жұмысқа айналмайтын жылу энергиясының бөлігі міндетті түрде қоршаған ортаны жылытуға кетеді. Бұл заң:

1. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

2. термодинамиканың бірінші заңы

3. термодинамиканың екінші заңы

4. әрекеттесуші массалар заңы

5. заттың құрамын сақтау заңы

 

13.Температураны арттырғанда эндотермиялық реакцияның жүру мүмкіндігі

1. азаяды

2. өзгермейді

3. артады

4. нолге тең болады

5. ортаның рН-ына тәуелді

 

14. кДж/(моль.град) – қандай термодинамикалық параметр өлшем бірлігі

1. ішкі энергия

2. энтальпия

3. энтропия

4. Гиббс энергиясы

5. дұрыс жауап жоқ

 

15. Қоршаған ортамен не энергия, не зат алмаспайтын термодинамикалық жүйе аталады

1. ашық

2. тірі ағза

3. жабық

4. оқшауланған

5. гомогенді

 

16. Жүйенің энтальпиясын кеміте жүретін химиялық реакция:

1. экзотермиялық

2. эндотермиялық

3. аналитикалық

4. каталитикалық

5. ферментативтік

 

17. Стандарт жағдайда I2 + H2 = 2HI реакцияның дельта G=37 кДж. Бұл реакция:

1. термодинамикалық тепе-теңдiк күйде

2. стандарт күйде

3. өздiгiнен жүредi

4. өздiгiнен жүрмейдi

5. дұрыс жауап берiлмеген

 

18. Химиялық реакцияның N2O4(г)= 2NO 2(г) нәтижесiнде энтропия (есептемей):

1. өседi

2. кемидi

3. өгермейдi

4. алдымен кемидi, одан кейiн артады

5. нолге тең болады

 

19. Химиялық реакцияның CaO (қ) + CO 2(г) = CaCО3(қ) нәтижесiнде энтропия:

1. өседi

2. кемидi

3. өзгермейдi

4. нолге тең

5. алдымен өседi, одан кейiн кемидi

 

20. KNО3 кристалдарын суда ерiткенде KNO3(к) ---> K+(ер-ді) + NO3-(ер-ді),

заттың энтропиясы (есептемей):

1.артады

2. кемидi

3. өзгермейдi

4. нольге тең

5. алдымен артады, одан кейiн кемидi

 

21. Математикалық өрнек дельта НХ.Р. = S дельта Нтүз.(өнім) - S дельта Нтүз.(бастапқы) сәйкес

1. Раульдің І заңы

2. Раульдің ІІ заңы

3. Раульдің ІІІ заңы

4. Гесс заңының І салдары

5. Вант-Гофф ережесі

 

22. Әртүрлі энергиялардың арасындағы байланыстарды реакциялардың жүру мүмкіндігі мен шегін, олардың бағытың анықтайтын ғылымның атауы:

1. термодинамика

2. кинетика

3. аналитикалық химия

4. физикалық химия

5. коллоидтық химия

 

23. Жүйенің ішкі энергиясын арттыра, жылуды сіңіре жүретін реакция:

1. экзотермиялық

2. эндотермиялық

3. қайтымды

4. қайтымсыз

5. каталитикалық

 

24. Қоршаған ортамен энергия, зат алмасатын термодинамикалық жүйе аталады

1. оқшауланған

2. тірі ағза

3. жабық

4. ашық

5. гомогенді

 

25.Стандарт жағдайда жай заттардан 1 моль күрделi зат түзiлгенде бөлiнiп

шығатын немесе сiңiрiлетiн жылудың атауы:

1. ыдырау жылулығы

2. жанып бiту жылулығы

3. еру жылулығы

4. стандарт түзiлу жылулығы

5. сублимация

 

26. Стандарт жағдайда 1 моль күрделi зат жай заттарға ыдырағанда бөлiнiп

шығатын немесе сiңiрiлетiн жылудың атауы:

1. түзілу

2. еру

3. кристаллизация

4. ыдырау

5. балқу

 

27. Стандарт жағдайда 1 моль күрделi зат жанғанда бөлiнiп

шығатын жылудың атауы:

1. түзілу

2. ыдырау

3. еру

4. жану

5. балқу

 

28. Оқшауланған жүйеде өздігінен жүретін процестер:

1. жүйенің тәртіпсіздігі азаюы

2. энтропия азаюы

3. ерітіндінің рН-ы артуы

4. ерітіндінің рН-ы азаюы

5. энтропия артуы

 

29. Термодинамикалық процеске энтропиялық және энтальпиялық факторлардың бір уақытта әсер етуі белгіленеді:

1. қысым

2. көлем

3. температура

4. Гиббс энергиясы

5. ішкі энергия

 

30. Температура кемуі арқылы эндотермиялық реакциялардың жүру мүмкіндігі:

1. азаяды

2. өзгермейді

3. артады

4. нолге тең болады

5. рН-қа тәуелді

 

 

1. Тақырып №3: Тiршiлiк процестерiндегi қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiк. Судың иондық көбейтiндiсi. Сутектік көрсеткіш, активті қышқылдық пен негіздіктің сандық өлшемі ретінде. рН өлшеу әдістері.

2. Мақсаты: Ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігін білу, биологиялық процесстердің негізін түсіну үшін қажет.

3. Оқытудың міндеттері: Студенттерге ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігінің сандық сипаттамасын беруді, калориметриялық әдіспен ерітінділердің рН-ын анықтауды үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Электролиттік диссоциация. Күшті және әлсіз электролиттер.

2. Электролитттік диссоциациалану дәрежесі мен константасы.

3. Судың диссоциациасы. Судың иондық көбейтіндісі.

4. Сутектік көрсеткіш. Ерітінділердің ортасын сутек иондарының концентрациясымен және сутектік көрсеткіш арқылы көрсету.

5. Қышқылдық – негіздік индикаторлар. Метилоранж, лакмус, фенолфталеиннің ортаға байланысты түстері (Аналитикалық химия негіздері, 8-9 беттер).

6. Биологиялық сұйықтықтардың қышқылдық – негіздік тепе- теңдігінің ағза үшіне маңызы.

7. Ортаның рН мәндерін анықтау әдістері

8. Колориметриялық анализдің мағнасы. Ламберт – Бер заңы,

9. Колориметрлеу әдістері (теңестіру әдісі, түсті шкала әдісі).

5. Сабақ беру және оқыту әдістері№3 зертханалық-тәжірибелік сабақты TBL әдісімен жүргізу, жұмыс барысында интерактивті әдіс – галерея әдісін қолдану, шағын топпен жұмыс.

 

Дебиет

Негізгі

1. Веренцова Л.Г. Неорганическая физическая и коллоидная химия2012/2013 : учебное пособие / Л. Г. Веренцова, Е. В. Нечепуренко. - Алматы : Эверо, 2009. - 213 с. : ил

2. Болысбекова С. М. Химия биогенных элементов : учебное пособие - Семей, 2012. - 219 с. : ил

3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев, Қ. Н. Дәуренбеков. - Шымкент, 2011 - 392 с.

4. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

5. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік - зертханалық сабақтарына қолданба : учебник / Ә. Қ. Патсаев, С. А. Шитыбаев. - Шымкент, 2010 - 316 с.

Осымша

1. Физическая и коллоидная химия /Под ред.А.П.Беляева.- М.: ГЭОТАР МЕДиа, 2008

2. Молдакалыкова, Анар Жоямергенқызы. Аналитикалық химия пәнінің сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар : учебное пособие / А. Ж. Молдакалыкова. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2008. - 192 с.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

5. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

Бақылау