КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

…Жақсы кітап – жан азығы. Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Кітапты жазушы – халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.

«Біздің заманда кино, телевизор, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», – деген қате пікірлер кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, телевизор да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға құнығуы керек. Әйтпесе күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп құмартып оқуды жақсы көріп алады. (З.Шашкин)

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыздар.

2. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыздар.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтіннен тұйық етістіктерді табыңыздар.

5. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табыңыздар.

 

СОӨЖ:Білім –байлығымыз. Кітап білім-бұлағы туралы мәтінмен жұмыс жасау.

СӨЖ: «Білім – байлығымыз» тақырыбына әңгіме. «Ы. Алтынсарин» тақырыбына слайд, презентация жасау.

 

 

Тақырып. Мемлекет және біз.

А) Қазақстан Республикасының Рәміздері

Менің Отаным - Қазақстан

Грамматика: Көмекші есімдер

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БІЗ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз».

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді Президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүниежүзі елдерінің көпшілігінде билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды. Президенттік осы тармақтардың ешқайсысына жатпайды, солай болса да, Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен тығыз байланыста болады.

Президент мемлекет басшысы болғандықтан, елдің ішінде де, халықаралық қатынастарда да, халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқықты. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді.

ҚР Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжіліс.

Сенат – ҚР Параламентінің жоғарғы палатасы. ҚР Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады. Оның біріншісі - әр облыстан, қалалардан сайланатын депутаттардан, екіншісі – ҚР Президенті тағайындаған жеті депутаттан тұрады.

Мәжілістің қазіргі құрамы аймақтық, партиялық тізімі бойынша сайланатын депутаттардан тұрады.

Сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Сот билігі азаматтардың, мемлекеттік ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғайды. Халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Тапсырмалар:

­ Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

­ Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

­ Мемлекет, билік сөздерін септеңіз.

­ Мәтіннен тәуелдік жалғауларды табыңыз.

­ Мәтіннен сын есімнің түрлерін табыңыз. Мағыналық түрлерін

­ ажыратыңыз.

­ Мәтіннен кез-келген бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

­ Мемлекет, ұрпақ сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.Халықтың қалаулысы, Президент, қазақстандықтар сөздерімен құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

­ Қатынас, бостандық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

­ Мәтіндегі он етістіктен тұйық етістік жасаңыз.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

­

Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің рәмізі болып табылады. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең.

Әнұран қоғамдасуға үндейтін, бірлескен іс-қимылға шақыратын, сана-сезімге психологиялық әсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл.