ТАБИҒАТЫ ҒАЖАП ҚАЗАҚСТАН

 

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі - 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаториге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді.

Қазақстан территориясының ауқымдығына қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі –табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарында Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы - Алатаудың қасында орналасқан. Алатау - биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалды. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге улкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барды. Алатаудың басында қасы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау - Алатау тауы.

Тапсырмалар:

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Орталық Қазақстанның табиғаты қандай? Суреттеп беріңіз.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз: қазба байлықтар, жер қойнауы, қорық, табиғат, шың, бейнеленген, ұйымдастырылған.

Мәтіннен үстеудің түрлерін табыңыз.

Мына сөздерді септеңіз: теңіз, құс, біз, үй, түн, күн, күз, қыс, орта.Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, үстеудің түрлерін ажыратыңыздар: қыста,қыстыгүні, жазда, сонда, қазір, ертең, қазақша, кеше.Берілген өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңнен табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді тауып аударыңыз.

 

Тал бесігім – табиғат

Табиғат - алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз - меруерт түні сайын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Табиғат - көркем жырым, асқақ әнім,

Сен - ана, мен - қашанда жас баламын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат - мөлдір жаңбыр, ұлпа қарым,

Сергимін салып төске қыр самалын.

Түлетіп ұшырса да ана құшақ,

Сен жайған алақанда тұр табаным.

Табиғат - айна көлім, орман бағым

Түйе өркеш айнала тау қорғандарым.

Құптаймын шыңдарыңнан бұлт қана емес,

Қанатын қыранның да қомданғанын.

Оразақын Асқар

 

Диктант

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991

СОӨЖ Тапсырма:

Оршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша газет

Материалдарымен жұмыс.

а) Сіз табиғатты қорғауға қандай үлес қостыңыз?

СӨЖ «Табиғат» тақырыбына слайд, презентация жасау. «Табиғаты ғажап Қазақстан» реферат.

Тақырып. Жер - Ананы аяла.

А) Туған жер

Азақстанның қорықтары

Грамматика: Сын есімнің шырайлары.

ЖЕР-АНАНЫ АЯЛА!

Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем жұртшылығын қоршаған ортаны қорғауға арналған мерекеге шақырады. Қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол жылдан бастап әлем жұртшылығын ағаш отырғызу, көше тазалау, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстарына жұмылдырып отырады. Экология - әлем халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттердің алдыңғы қатарында тұр. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңды ластауды ғана емес, Жер, Су, Ауаны сақтап, қорғауға өзіндік көзқарастарын қалыптастырудан басталады. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Мысалы: «Ер – елдің көркі, орман –тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі - тал» сияқты табиғат тақырыбына арналған мақал-мәтелдер толықтай осыған дәлел. Сонымен қатар халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері де бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Құс ұясын бұзба» және тағы басқа сөздер өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, табиғатты, Жер -Ананы аялауға, экологияны жақсартуға өз үлестерін қосуға үйретеді.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.

3.Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз:табиғатты қорғау, жер жарасы, жасыл дүниені қорғау, өсімдікті аялау, шыбық сындыру, тал егу, қайта өңдеу, көңіл бөлу, көше тазалау.

4.Мәтінде берілген мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді оқып, дәптерге жазып, жаттап

алыңыз.

5.Саябақ, тал, табиғат. орман, тоғай, су, жер, ауасөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.

ТУҒАН ЖЕР

 

Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі – боз жусан менкөк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді табыңыз.

2. Жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп аударыңыз.

3. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

4. Мәтін бойынша бір-біріңізбен пікірлесіңіздер, ол үшін бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап беріңіздер.

5.Әркім өз туған жері туралы әңгімелеңіздер.

ОРЫҚТАР

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы - Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың-250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы- Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42°С суық болса, шілдеде температура -38 -39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2.Мәтіннен үстеудің түрлерін тауып, анықтаңыз.

3.Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, сөйлем

құрастырыңыз.

4.Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз.

5.Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, аударыңыз.

6.Жер, ауа, аспан сөздерін септеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс.

Алматы, 1996.

3.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

 

СОӨЖ: Туған жердің табиғаты туралы не білесіз?

СӨЖ: «Жер-Ананы аяла» тақырыбына әңгіме жазу. «Туған жер» тақырыбына шығарма жазу. «Қазақстанның қорықтары» тақырыбына слайд жасау.