Авторитарлы саяси жүйе

-[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Араб орта ғасырының саяси ойы. Әл Фараби, Аль- Газаль, Ибн – Халдун көзқарастары. Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) — XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол – саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттіліктерге негізделген әрекеттермен байланыстырып қаратырады. Ол былай деп атап өтті:Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып табылады. Бүл бірлескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бірлескен қоныстану, бүл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің кажеттіліктерін бірлесе қанағаттандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйткені адам табиғатына өмір сүрудің қажетті құралдарын алуға бір-біріне көмектесуге ұмтылу тән.Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өңдірістік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді. Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Ибн Халдун әл-Фарабимен мемлекеттің мәні туралы мәселе бойынша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мемлекетті келісімшарттың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туындысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғамның табиғи дамуының қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп карады. .Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді

Аристотельдің саяси көзқарастары.Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342-340 жылдары Македония патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте, тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншылықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

ӘӘӘӘӘ

115. Әлемдік саясат(ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.

ББББ

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі.Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар.Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады.Басқару теориясын екі деңгейге бөледі

белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен орындалатын іс-әрекеттер негізінде пайда болатын адамдардың күнделікті өмірінің әлеуметтік ұйымдастырылуы түр

билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;

Біріншісі, әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қызмет ету тетіктерін түсіндіретін жалпы саяси-экономикалық және әлеуметтік-философиялық тұжырымдамалардың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік басқару теорияларымен ұсынылған.

Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар

Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

88 Биліктің бөліну теориясы: мазмұны, негізгі моделдері (Д. Локк, Ш. Монтескье). Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен түрады дейді: біріншісі - мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі - қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші - сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.

 

114. Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі

59. Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастардың ерекше типі ретінде қарастыратын тұжырымдама – бұл ...Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдадың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін – соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болсамын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

ГГГГГГ

111. Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

1) 1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;

2) 2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;

3) 3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;

4) 4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

ДДДД