Демократиялық қоғам белгілері

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге боладыСаяси пікірдің әр алуандығы;Көппартиялылықтың болуы;Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;Оларды іс жүзінде қолдану;Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;Оппозицияның болуы;Әлеуметтік саладаЖеке адамның әлеуметтік қорғалуы;Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;ДЕмократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]

Демократия ұғымы. Демократияның белгілері.

Демократия ұғымы. Оның анықтауына негiзгi жолдар.Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократиның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекете ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды. 2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. Ү ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекеттік айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс. 3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады? 4. Оның кепілі – әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыкғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. 5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

47.Демократия – бұл …

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

ЖЖЖЖЖ

63Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған

68Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады

126. Жалпылық мемлекеттің белгісі ретінде ...... білдіреді.

.Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, оз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:Теологиялық теория,патриархтық теория, қоғамдық келісім теориясы, «зорлық жасау» теориясы, географиялық теория, психологиялық теория, Марксистік теория:Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде құрайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші болуы керек дейді.

128. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді.

ЕЕЕЕЕЕЕ

119. Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин мен ФомаАквинский оқулары.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыкка созылды (V—XVI ғасырлар). Бүл дәуірде рухани өмірде дін түгел-дей үстемдік етгі. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртүтас христиан мәдениетінің негізі болды.Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып түрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сүрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Авгу-стиіі (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидала-рын зерттеп, жетілдірді. Оныңсаяси көзқарастары "Құдай қала-сы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметгік, мемлекеттік және құқыктық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оныңойынша, құдай адамға еріктіңеркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндік бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымсп омірсүрушілердеп екі түргебөлді. Бұл топтарды рәміз ретіндс скі кала ден атайды. Біріншісін, болашақта кұдай-мен мәңгілік патшалык кұратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі коғамы деп түсіңдірді.Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзкарас-тары "Билеушілердің баскаруы туралы", "Теологияның жиын-тығы" деген еңбектерінде каралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзкарастарын католик дінінің кағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтканда, ол Аристотельдің адам коғамдык және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұктаждығын, кажетгілігін жеке-дара канағатгандыра алмайды. Сондыктан мемлекет болып бірігіп әмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекетгік биліктін максаты — "ортак игілікке" жету, адамдарға лайыкты, акылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдык-сословиелік жіктелудің сакталуы шарт. Жо-ғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік кұдайдың кұдіретімен орнайды. Сондыктан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда кұдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұксас саяси кәзкарас мүсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының колында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша кай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың колында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары — халифтарға көшуге тиіс. Басын-да солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де кұдайдікі деп есептелді. Бірак 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты

Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.

Ежелгi Римнiң саяси-құқықтық ойы. Цицеронның көзқарастары.Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б.106-43) өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі.Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі – адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есаландығына» әкеліп соқтыру мүмкінЦицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Екіншісі, қолданбалы пән ретінде, бір жағынан фундаменталды ғылыми теориялар бөліктері, екінші жағынан, әркелкі нысандардыбасқару мақсатымен бірлескен тәжірибелік білімнің және дағдылардың жиынтығы.Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылыс) және конституциялық (монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі, алғашқыда Англияда, қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония);Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік (заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді), аралас (президенттік-парламеттік)

Діс-тәсілдері

Қарама-қайшылық.Оппозицияның тұрпатына сәйкес, оның саяси қызметінің әдіс-тәсілдері де қалыптасады: белгілі бір саяси топтың билік жүйесін сынауынан заңсыз жағдайда тұрған партиялар мен қозғалыстар тарапынан жасалатын саяси лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа дейін. Саяси жүйеде нәтижелі қызмет ететін құрылымдық тұрпаттағы Оппозиция ресми үкіметті бақылауда ұстап тұруға тырысады, өзінің “көлеңкелі үкіметін” құрып, қоғам өмірінің маңызды мәселелері жөнінде баламалы ұсыныстарды әзірлейді, үкіметтің жекелеген мүшелерінің, әкімшілік басшыларының өнегесіз қылықтарын жария етеді.

Қауым–рулық-туыстық байланыстар негізінде пайда болған әлеуметтік ұйымдастық. Қауым ортақ мүдделер, ортақ құқықтар мен міндеттері біріктірген әрі бірыңғай заңдарға бағынатын адамдардан құралады. Рулық, отбасылық, көршілік болып жіктеледі.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынастары көрініс береді.Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Саяси жүйенің төртінші саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

 

ҚҚҚҚҚҚҚ

Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, элеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)саяси институттар; 2)саяси қатынастар; 3)саяси ережелер; 4)саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік:Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар-саяси партиялар. Олар мемлекттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.