Саудалық бөлмелер сипаттамасы

Вестибюль - тұтынушыларға қызмет көрсету басталатын бөлме. Вестибюль ауданы әртүрлі және зал сиымдылығына байланысты. Мейрамхана вестибюлінде сырт киімге арналған гардероб, дәретхана, аяқ киім тазалауға арналған машинка, айналар, жұмсақ жиһаз - креслолар жартылай креслолар, банкеткалар (арқасы жоқ жұмсақ отырғыштар), журнал үстелдері, телефон, автоматтар, ойын автоматтары орналасқан, газет пен журналдар, гүл, сувенирлер сату ұйымдастырылған. Сонымен қатар вестибюльде дәріхана дүңгіршектері, барлар, киім, аяқ киім, парфюмерия сататын дүкен, ас мәзірі және мейрамхана ұсынатын қызметтер туралы мәліметпен cтендтер орналасуы мүмкін.

Вестибюль интерьерінің табысты шешімі тұтынушылардың мейрамхана аспаздығы мен сервисімен танысқанға дейін жақсы көңіл-күйін құруға ықпал етеді.

Гардероб вестибюльде орналасады және жылжымалы кронштейнмен секциялық екі жақты метал ілгіштермен жабдықталады. Ілгіштер арасы 70 см аз болмау керек, ал ілгіштер саны залдағы орын санына сәйкес келу керек, сонымен қатар 10% резерв қоры болу керек. Сырт киімдер гардеробында негізгі ілгіштермен қатар иық ілгіштер болу керек, себебі кейбір модельді киімдер мен тондар иық ілгіште іліну керек.Гардеробта аяқ киім, қол жүгі (сөмке, портфель) сақтауға арналған шкаф-ұяшықтар қарастырылған.

50 орынға дейтін асханалар мен өзіне-өзі қызмет көрсететін кәсіпорындарда киім ілуге арналған ілгіштерді тікелей залда орнатуға болады.

Сырт киімді қабылдау кезде гардеробшы ең алдымен келушіге жетон беріп, содан кейін ілу керек, шкаф-ұяшыққа аяқ киім салу керек, ал қонақ кетерде жетонды алып, сырт кимін беріп, киінуге көмектесіп, содан соң бас киімін беру керек.

Дәретханада ыстық және суық су жүргізілген, электросүлгі, айна, ауа озонаторы немесе ауа сергіткіш қондырғысы болу керек. Қазіргі заманда дәретханада дәретхана қағазы, сүлгілер, майлықтар және сұйық сабын мөлшерлегіш-диспансер, гүлдер немесе жасанды гүлдер қойылады, жеңіл әуен қосуға болатын динамиктермен жабдықталады. Дәретхана қасында темекі шегуге арналған бөлме орналасады. Онда ыңғайлы жұмсақ жиһаз және тірегіштерде күлсалғыштар орнатылған. Желдету жүйесі интенсивті ауа алмасуын қамтамасыз ету керек.

Аванзал - саудалық немесе банкет залы алдында орналастырылатын қонақтарды қарсы алуға, күтуге арналған бөлме. Аванзалға жұмсақ жиһаз: дивндар, креслолар, журнал үстелдері, едендік күлсалғыштар, гүлдер оранжировкасы қойылады. Аванзал безендірілуі вестибюль мен зал интерьерінің декоративті шешімімен байланысу керек.

Саудалық және банкет залдары - тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған бөлме. Олардың жобалануына, рәсімделуіне және жабдықталуына көп көңіл бөледі. Кәсіпорында бір немесе бірнеше зал болуы мүмкін, бұл кәсіпорын типіне, оның сиымдылығына, қызмет көрсету түріне байланысты. 50 орынға дейін кішігірім залдар аса ыңғайлы, сондықтан орын саны көп мейрамханалар мен кафе залдарын аймақтарға немесе кабинеттерге жылжымалы, декоративті немесе тұрақты қалқандармен бөлу ұсынылады.

Эстрада мен биге арналған алаң. Алаңға арналған орынды таңдау зал өлшемі мен композициясына байланысты. Ол зал ортасында болуы мүмкін немесе интерьер преспиктивасының жалғасы болуы мүмкін.

Алаңды композициялық түрде қоршаған кеңістіктен ерекше шамдармен, төбе пішінімен бөледі. Мейрамханада эстрада мен би алаңы ауданының нормасы залдағы бір орынға шаққанда 0,13-0,15 м² құрайды. Эстрада тереңдігі 3-тен 8м дейін.

Сервиз бөлмесі

Сервиз бөлмесі- фарфор, шыны, метал ас ыдыстары мен ас аспаптарын сақтауға және даяшыларға беруге арналған бөлме. Ол ыдыс жуу бөлмесі қасында орналасу керек, бұл ыдыстар мен аспаптарды беру ыңғайлылығын қамтамасыз етеді және сақталуына ықпал етеді.

Ас жаулықтар бөлмесі сервиз бөлмесінен алыс орналасса, онда таза дастарқан, мата майлықтар, даяшылар жұмысына арналған қол орамалдың кішігірім қорының болуы рұқсат етіледі.

Сервиз бөлмесі ыдыстар, ас аспаптар сақтауға арналған шкафтармен, ілінбелі сөрелермен, стеллаждармен, сонымен қатар оларды даяшыларға беруге арналған сөремен жабдықталады. Ас аспаптарын пышаққа,шанышқыға, қасыққа арналған бөлімдері бар жәшіктерде сақтайды. Ыдыстар түрі бойынша - фарфор, шыны хрусталь, метал және тағайындалуы бойынша бәліш, тісбасарлық, кішкентай ас және басқа тарелкелер, шарап, араққа арналған фужерлар, рюмкалар, су, шырын және басқа сусындарға арналған стакандар, штофтар, графиндер құмыралар және т.б болып жіктеледі.

Ыдыстар жеке-жеке шкаф сөрелерде және стеллаждарда арнайы белгіленген орындарда сақталады. Ыдыстарды алуға ыңғайлы болатындай етіп орналастырады.

Жабдықталу нормасы бір орынға шаққанда үш-төрт ыдыс жинағының болуы қарастырылған. Екі жинағы залда және жіберу бөлімінде айналымда, үшіншісі - жуу бөлмесінде болады. Бұндай ыдыстар мен аспаптар мөлшері бір сағат ішінде екі және үш рет айналымда тұтынушыларға қалыпты қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Кешкі уақытта мейрамханаларда үстел басындағы орын бір рет қолданатындықтан, ыдыстар мен аспаптарға қажеттілігі бір орынға шаққанда бір жарым жинаққа дейін қысқарады.

Ыдыстар мен аспаптарды қоймадан қоғамдық тамақтану залына жіберу реті накладная (ассортименті мен мөлшері көрсетіліп) жүзеге асады және қызмет көрсету сипатына байланысты. Даяшылармен қызмет көрсетілетін кәсіпорындарда ыдыстар мен аспаптар ыдыс жіберетін сервиз бөлмесінің жұмысшысы, метрдотель немесе зал администраторы, даяшылар бригадирі жауапкершілігіне, ал өзіне-өзі қызмет кқрсететін кәсіпорындарда зал администраторы немесе кәсіпорын директоры бұйрығымен тағайындалған басқа тұлғалар жауапкершілігіне кіреді. Олармен материалды жауапкершілік жөнінде келісімдер құрылады.

Жұмысшылардың келісуімен залда айналымдағы ыдыстар мен аспаптарға бригадалық жауапкершілік орнатылуы мүмкін. Бригадалық жауапкершілік те әкімшілік пен бригадир арасындағы келісіммен рәсімделеді.

Даяшылар бригадирі ыдыстар мен аспаптарды алады, оларды даяшыларға берілуін, сонымен қатар күн соңында тапсырылуын қамтамасыз етеді.Үздіксіз қызмет көрсетуге қажетті мөлшерде беріледі. Ас ыдыстарды есептеу №73 түр бойынша журналды жүргізіледі.

Қажетті жағдайда ыдыстар мен аспаптарды тапсыру кезінде сынған, ұрылған, бұзылған, жоғалған ыдыстар мен аспаптарға №74 түр бойынша акт құрылады. Актті айналымдағы ыдыс -аяқтарға жауапты жұмысшы: күні бойы есебінде болған жұмысшы, метрдотель немесе администратор және бухгалтерден тұратын комиссия рәсімдейді.

Актті кәсіпорын басшысы қарастырып, сынған ыдысты шығынға жатқызу туралы шешім немесе зиянды қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды. Сервиз бөлмесі жұмысшылары уақытылы ыдыстар қорын толтырып, даяшылар бригадиріне хрусталь, мельхиор ыдыс және ас аспаптарын материалды жауапкершілікке береді.