Сабақтас құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас дейміз. Мысалы: Лекция біткен соң, студенттер тамақтануға Құрмалас сөйлем құрамындағы тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейміз. Екінші сыңары тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді. Ондай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз.

Сабақтас құрмаластың жасалуы бағыныңқы жай сөйлемдердің баяндауышына қарай белгіленеді.

 

Сабақтас құрмалас сөйлем бірнеше түрге бөлінеді және пысықтауыштардың сұрақтарына жауап береді. 1) шартты бағыныңқылы сабақтас; 2) қарсылықты; 3) себеп; 4) мезгіл; 5) мақсат; 6) қимыл -сын бағыныңқылы сабақтас.

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқы компоненті басыңқы сөөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама-қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдер қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Қарсылықты бағыныңқы жасайтын жұрнақтар бар: 1) -да, -де. Күріш дұрыс тозаңдалса да, дәні толық емес. 2) болымсыз түрінен (болмаса): Кенді табу болмаса, алу болмайды. 3) -ған,+ мен, + ген, +мен: Өзеннің суы тайыз болғанмен, одан өту өте күрделі. 4) қарамас + тан: Елге бармастан Ахмет оқуын аяқтады. 5) -ша, -ше жұрнақты есімшеден: Ауылға барғанша, қалада қалып, ақша табу керек. 6) -ғаны, -гені, болмаса тіркесі Елге барғаны болмаса, ешқандай демалған жоқ.

 

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойдың себебін, салдарын білдіретін сөйлем себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары бар: 1. Есімше - ған жұрнағына - дықтан қосылады. Мысалы: Жақсы оқыған + дықтан, адам болды. 2. Есімшеге соң, кейін шылаулары тіркеседі. Мысалы: Раушан келіп қалған соң, ол ауылға қарай бұрылып кетті (Б. М.). 3. Көсемшенің жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. 4. Көсемшенің -п жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: Сәтбаев Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп, геологиялық барлау мамандығын игерді. 5. Ашық райға -деп көмекші етістігі тіркеседі. Мысалы: Ұлы Отан соғысы жылдарында марганец тапшылығын жояйын деп, Жезді марганец кенін ашты. 6. Тәуелді жалғауға себепті сөзі тіркеседі. Мысалы: Қазақстанда ғылымның дамуына себепті, оның кен байлығы ұзақ уақыт зерттелмеді.

 

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін көрсетеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:

 

Бағыныңқы баяндауышы Мысалдары
 
Есімше + жатыс септігі Қ. Сәтбаев кезінде келме + ген + де, геология ғылымы мұндай дамымас еді.
Есімше +барыс жалғауы + шейін Қ. Сәтбаев келген + ге шейін, Қазақстанда геология барлауы тиянақты жүргізілмеді.
Есімше + шығыс жалғауы + бұрын Қ. Сәтбаев ғылымға келмес + тен бұрын, Қазақстанда Ғылым академиясы болған жоқ.
Есімше + шығыс жалғауы + соң, бері Қ. Сәтбаев ғылым академиясын құрғаннан соң, көп ғылыми - зерттеу институттары ашылды.
Есімше + ша, ше Қ. Сәтбаев Президент болған + ша Қазақстанда академия ашылмады.
Есімше + шығыс жалғауы + кезде, шақта, уақытта Қ. Сәтбаев Ғылым академиясын басқарған кезде, геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған іздері көп.
Көсемше +қалы, келі, ғалы, гелі Қ.Сәтбаев Ғылым академиясын басқарғалы, барлық ғылым - зерттеу институттарындағы ғылыми кадрлар сан және сапа жағынан өсіп - жетілді.
Етістік + ысымен, ісімен Қ.Сәтбаев Ғылым академисындағы бастамасымен, ғылыми - зерттеулердің өзекті мәселелері халық шаруашылығының мүддесіне бағытталып отырады.

 

 

Мақсат бағыныңқылы сабақтас

Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқы сөйлем дейміз. Мақсат бағыныңқының жасалу жолдары бар.

 

  Бағыныңқының баяндауышы Мысалдары  
Тұйық етіс + есімше + шылау үшін Бекет білім алу үшін, ол Үргенішке Пақыржан қажыға барады.
-мақ, - мек, -бақ, -бек болып (боп) Пақыржан лақтырған аса таяқты тауып алмақ боп, Бекет Оғыландыға келеді.
Шартты, қалау, бұйрық, ІІІ жақ + көсемше- деп Қажының аса таяғын тауып алайын деп, Бекет арып-ашып, апталап, айлап жол жүріпті.

 

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс- әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлемді қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Жасалу жолдары төмендегідей:

 

 

  Бағыныңқының баяндауышы Мысалдар  
-ып, іп, п, а, е, й (көсемше) Сонан соң кемпірі тазалық жасап, Бекет ата Хорезімдегі сәске намазға үлгеріпті.
Келер шақ + шығыс септігі Бекет өлместен бұрын, тау қапталынан қашап жасалған мешіттің ішіне жерлеуді өсиет етіпті.
Есімше + дай, дей Адай Бекет Түрікмен Бекұрды ишанмен уәделескендей, Бейнеуден медресе, салдырып, бала оқытады.
Есімше + кейін, күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте тіркесуі Хиуа жендеттерінен зардап шеккен Кіші жүздің жігіттері қаруланған күйі атқа қонып, "Бекет! Бекет!" деп ұрандап жауға шапқан және жеңген.