Мүсіндеу оқу іс -әрекетінің жас ерекшелігі бойынша әдістері

1-сәбилер тобында: Алғашқы сабақта саз балшықпен мүсін жасау жұмыстарымен басталады.Мұнда тәрбиеші балаларды мүсіндеуге қолданатын құрал-жабдықтар мен және саз балшықтың қасиетімен таныстырады. Оның жұмсақтығы, қолмен жақсы иленетінін, оны бөліп алуға, қайтадан біріктіруге болатыны түсіндіріледі.Одан илеп әр түрлі заттар жасалатынын, тақтайшаның үстіне салып илеп жұмыс істеуге,бүтін саздың бір кесегін бөліп алып кішкентай заттың пішінін мүсіндеуге және оны өзгертуге, қарапайым заттарға ұқсастық табуға үйренеді.Тәрбие арнайы ойын әдісімен құра отырып тәрбиеші нақты заттың өзін немесе ойыншық, шағын көлемді мүсіндерді көрсетіп,сипаттап, сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. Балалардың назарын сол затқа аудара отырып , оның мүсінін жасау әдіс тәсілдерін түсіндіріп айта отырып көрсетеді де, балалардан бірлесіп жасауды өтінеді.Тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері: кесек балшықты үзіп бөліктерге бөлу , үзіп алған кесекті алақан арасына салып ерсілі-қарсылы есу( тақтайша үстіне қойып есуді көрсету) . Есілген заттарға ат қою,мысалы:бағаналар, таяқшалар,карандаштар.т.б. Бұдан кейін саз балшықты авлақан арсына салып айналдыру тәсілдері үйретіледі. Домалақ пішінді заттардың тегіс болып бейнелеуін қадағалайды. Мұндай заттар: доп, алма,апельсин.т.б. Қыс мезгіілде қардан аққала, ақшақар, сырғанақ жасауға болатынын суық аязда қататынын, күн жылына еріп кететінін түсіндіреді.Оқу жэылының аяғына қарайқарапайым заттарды мүсіндеу күрделене береді. Мысалы: Саңырауқұлақ,қуыршаққа қолшатыр.

Екінші сәбилер тобында: Мүсіндеу жұмыстары бойынша бұл топта 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді. Жасаған бейнелерді нүктелермен безендіреді . Алдыңғы іскерліктері мен дағдыларын жетілдіре түседі. Бірінші тоқсанда: алғашқы сабақтарда саз балшықты алақан арасына салып тігінен есу, алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгереді.Біріңғай пішінді бірнеше зат жасауды,бірнеше бөліктер тұратын заттарды мүсіндейді.Мысалы «Мүсіндеуді үйренеміз» дегн тақырыпта балалар бұрынғы іскерліктерін жетілдіре отырып әр түрлі пішіндегі заттарды жасайды.Қолдың қимыл қозғалысы дамытылады.көкөністер, жемістер, ұлттық тағамдар,тоқаш, нан. Екінші тоқсанда алдымен домалақ пішіндерді жасап оны бір-біріне біріктіру, бірнеше бөліктерден тұратын қоян бейнесін сәбізімен қосып жасауға болады.Мүсіндеуден үйренгендерін бекіту мақсаты дербес әрекет ету үшін «Қуыршақты қонаққа шақырамыз»-деген тақырып ұсынылады.Үшінші тоқсанда бірнеше бөліктен тұратын заттарды, біріңғай пішінді немесе әртектес заттарды жасап бір-біріктіреді (шарлар, цилиндр,конус пішінді және диск тәрізді ұқсас заттар)Мүсіндеу сабақтары да ойын түрінде өткізіледі.Негізі жұмысқа кіріспесбұрын заттықарау,толық және жеке бөліктіреді бейнелеп көрсету .Дөңгелектерден қуыршақ жасайтын болса алдын ала ойншық қуыршақты қарайды ,бөліктерін талдайды. Жасалу жолдарын көрсетеді, жаңа тәсілдерді міндетті түрде нақты көрсету қажет. Мысалы таяқшамен безендіру тәсілі.Балалармен алдымен жүргізілетін жұмыстар; көркем шығармаларды оқып берушағын мүсіндерді,иллюстрацияларды қарау өте маңызды.Сабақ соңында ойынға айналдыру өз іс-әрекетің нәтижесін көруде тиімді тәсіл.Жолдастарының жақсы шыққан жұмыстарына назар аудару.Тапсырманы тиянақты орындағандар мадақталады,жұмыстың мазмұнына назар аударады .Мүсіндеу кезінде құрал-жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Естияр топтары: мүсіндеудің әдіс-тәсілідерін меңгеруде алақан арасына салып айналдыра домалақтау,қысып басу арқылы жалпақтау,есу, шымшып созу тәсілдерін меңгеруді үйретеді.Саз балшықпен жұмыс жасауда саусақтардың,қолдың,иықтың бұлшық еттерін жетілдіре отырып,қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамытады. Құрлыс қарапайым бірнеше бөліктен тұратын заттар мүсіндеуге жаттықттырады.Біртектес бірнеше бейнелерді жасайды. Заттардың бейнесін жасауда әшекейлеуге, әрлеуге таяқшаларды пайдалану, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып бастаған істерін аяқтауға ,еңбек нәтижесіне жете б ілуге үйретеді.

Ересек тобы: Тәрбиешімен шеберлікпен әрбір іс-әрекетке тікелей басшылық етуі қажет.Бұл топта мүсіндеу іс әрекетімен айналысу үшін алдын ала арнайы мақсатты серуендер, саяхаттар ұйымдастырылып , тарихи оқиғаларға байланысты іргелі ескерткіштерді қарап көру , шағын көлемді мүсіндерді қарап, талдау арқылы мүсін өнері жайында қарапайым түсініктер беріледі. Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту.Жеке заттарды мүсіндеуді меңгергеннен кейін біртектес бірнеше заттарды , содан соң әртектес әр түрлі заттарды мүсіндеп, мазмұн бере білуге үйрету. Кесек саз балшықтан көз мөлшерімен үзіп алып заттың бөліктерін жеке жасап оны біріктіруге, таяқшаларды»стек! Пайдаланып тегістеуге,қырнап жонуға, бедер түсіруге, заттың негізгі белгілеріне қарай сипатын көрсете білуге машықтандыру.Мүсіндеген заттың бір біріне беріктігн қадағалау және тұғырға дұрыс орналастыруды үйрету.Әдіс-тәсіл: Шымшу, есу, домалақтау, жалпақтау. Мүсін жасалған заттарды сулы шүберекпен тегістеу.Қазақ халқының ыдыс аяқтары: тостаған,табақ,құман, торсық, астау.т.б.өрнектеуде үстіне үстемелеп ермексаз қосу,бедерлеу,оймыштап бедерлеу,саз балшықпен жасалған заттарды кептіріп бояумен әшекйлеу дағдыларын меңгертеді. Релефті бейнелерді бедерлеуде сандық бетін,, жүк аяқ, дөңгелек үстел беттерін әшекейлеу машықтарына жаттықтыру.

 

Билет №28

1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі.

Балалар кітап қалай дүниеге келеді, ол оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбектене ететіні жөнінде тереңірек білім алады. Сондай – ақ, тәрбиеші иллюстрацияларды көрсете отырып, жазушылар мен суретшілер, арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды басып және оларды қатты мұқабалармен қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде әңгімелейді. Кітаптарды жасау процесімен танысқаннан кейін, балалр кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың еңбегі екендігін түсіне бастайды.Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды. Тәрбиеші балалардың көңілін бұнда әр түрлі қызықты кітаптардың көптігіне, оларды үйге алып оқуына болатынына көңіл аударады. Сондай – ақ, балалардың көркем шығармаларды жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балалар да пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап көрсетті.Балабақшадағы мектепалды даярлық тобында кітаптар мүйісін ұйымдастырудың да маңызы ерекше екендігіне көңіл бөлінеді. Мұнда мынандай кітаптар орналасады: «Балбөбек» бағдарламасында көрсетілген кітаптар; Мазмұнды ертегілер, әдеби шығармалар, мультфильмдердің тақырыптарына байланысты суреттер жинағы;Балалардың тілін дамытатын ойындар: «Ертегіні аяқта», «Кейіпкерді таны», «Суреттерді лайықтап жина»;Жазушылар мен ақындардың суреттері; Сүйікті шығармалар мазмұнынан сәйкес балалардың салған суреттері;
Тәрбиеші балалармен әңгімелерді иллюстрациялар көрсету, қайталап оқу, ойын – драматизациялар ұйымдастырумен үйлестірген жөн. бұрынғы оқылған кітаптарға қайтып оралған пайдалы, себебі балар жасы өскен сайын оларды өзгеше қабылдап, саналы түсінеді. Кітаптардағы кейіпкерлер балалардың суреттерінде, илеулерінде жанданады. Жақсы суреттерден альбомдар жасап, кітап мүйісінде «қол өнері» көрмесін жасаудың білімдік, тәрбиелік, эстетикалық мәні бар.
Жоғарыда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың «кітапхана» сюжеттік – рөлдік ойынына қызығушылығы артады. Кітапханашы ролі кітаптардың мазмұнын, авторларын жақсы білетін, қызықты кітапты таңдай алатын балаға жүктеледі.
Сонымен қатар, балалар арасында «Кейіпкерді таны», «Досыңды тап», «Авторы кім?» дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеуде топта кітап жөнінде шеберханаларының үлкен мәні бар. Қажетті материалдарды (қағаздар – қалыңдығына, түріне, түсіне қарай; желім) балалар өздері даярлайды. Біріккен еңбек барысында кітаптардың мазмұнын еске түсіріп, кейіпкерлері туралы пікір алысады.

2.Мектеп жасына дейінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру әдістемесі.

Сөзсіз бар болуы керек балалар тұтастай аз бөлігі, көрсетілген екенін атап мысал. Бүгу арқылы тең бөлікке объектілерін бөлімшесі жартысында (4-бөлім) қайтадан жартысында қағаз парағы (2 бөлім). Кезде ұлдар басқа да әдістерді пайдалана отырып, сондай-ақ бүгу арқылы объектілерді бөлуді үйренді: пышақ, қайшы немесе сөйтіп кесу. (1.s.23)

мәні

Балалар алты жыл керек салыстыру мүмкіндігі болуы, ұзындығы, ені, биіктігі бойынша заттарды салыстыру, қалыңдығы мен дұрыс («ұзақ болды», «арқан қалың жіп» сөзінде осы дағдыларын көрсетеді «Бұл нәрсе көп», «үлкен бар» және тағы басқалар. D.). Объектілердің топтары салыстырыңыз.

Олар көзге оқытылады шыбықтың, қатардың ені, лента қоршау биіктігі ұзындығы мен қалыңдығы анықтау ағаш өлшемдері магнитудасы салыстыру арқылы қабылданады бағалау белгілі нысандар немесе іс-әрекеттер. Саусақ Мысалы, қалыңдығы, биіктігі екі қадаммен ұзақ адам, және тағы басқалар. D.

Аға жылы

ерекше орын Топ тәрбиеші баптардың топтастырылуын және тәртіпке келтіру жаттығулар тағайындайды жеке өзгеруі туралы: ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы және т.б. .. топтау ұзындығы элементтер, балалар бір тобы, ұзындығы бірдей бар адамдарға орналастырылды, Биіктігі мен ені олардың айырмашылықтарға қарамастан. Ұқсастықтары мен біл әр түрлі нысандары бір топта болған неге бір топқа, түсіп predmery түрлі биіктіктер және т.б. Бұл жұмыс үшін ғана емес, көңіл бөлу қажет математика, сонымен қатар күнделікті өмірде басқа да іс сыныптар. (1.s.23)

Кадрларды оқыту және жаттығу балалар өсу тәртібімен және кему элементтерді т ‰ зету салыстыру негізінде ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы, қолданбаны пайдаланып қабаттасу.

Жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету міндет балаларды өлшеу үйрету болып табылады.

Балалар ескі тобында өлшеу және пәндердің дәстүрлі шарасын қолдану арқылы анықтау оқытылған және сұйық және сусымалы материалдарды көлемі. Educator түсіндіреді және шоу өлшеу тізбегі. Өлшеу процесі әрбір кезеңге бөлінген онда балалар тәрбиеші кейін ...

3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап, көрсету.

Балалардың музыкалық мәдениетінің, эстетикалықталғамның қалыптасуына музыканың тигізер әсері орасан зор.

Балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді жеке қосылып орындау, әннің сөзін анық, дұрыс айту музыкаға деген сұйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру – музыка жетекшісінің шеберлігіне байланысты.

Музыкалық тәрбиенің негізгісі мақсат - міндеттерін сәбидің жас ерекшеліктеріне сай музыкалық репертуарларды бірдіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыру қажет.

Музыкалық тәрбие беру барысында ұлттық негіздегі ән-күйлер, классикалық музыка, қазіргі жаңа ән-әуендерді тыңдату- баланың музыка әлеміндегі тыныс-тіршілігін кеңейтіп, таным қабілетін дамытады.

Еліміздің соңғы жылдары жеткіншектерге жеткілікті түрде көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерді жан-жақты, патриоттық рухта, мейрімділікке , әсемдікті сүйюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше.

Музыка пәні көркем әдебиетпен де, қоршаған ортамен де, тығыз байланысты. Жылдың төрт мезгілінде кездесетін табиғаи құбылыстарды, өзгерістерді ұғындыра, түсіндіре отырып, сол құбылыстарды музыка тілімен байланыстырамыз.

Балалар әуен сипатына сай қимылдар жасап дағдыланады. Әрбір ырғаққа, әннің мәтініне сай жасалатын қимыл- қозғалыстан би әлементтерін қамтиды. Музыкалық тәрбиенің негізгісі мақсаты- міндеттеріне сай баланың жас ерекшеліктеріне лайық жеңіл ән үйрету керек.

 

Билет №29

1.Монологтық сөлеуге үйретудің жолдары.

Монолог сөзге балаларды жүйелі үйретуді шамамен 5 жастан бастайдыБірақ мұған әзірлік екі жастан, оларға тақпақ оқып,оны жаттатқан кезден бері жүргізіледі. Ал төрт жасар балаларға баяндау және суреттеу моноллогтарына жаттықтыруға, ал жетіге аяқ басқанда –қысқа бір-екі сөйлемдік әңгімеге үйретуге болады.

Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістері-қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Балалар монолог текстерін ойдан шығарып айтады.

Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің әдңстерін меңгеру үшін тәрбиеші:

1. Балаларды тыңдауға

2. Оларға ойдан шығаруға, қайталап айтуға,әңгімелесуге көмектесуге міндетті.

Орташа топтағы, ересекжәне дайындық топтарынмонолог сөйлеуге үйрету жұмысының айырмашылығы-текстің көлемімен оның мазмұнының күрделілігіне байланысты (балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында)

Қай жастағы топтарда болсын монолог сөйлеуге үйретудің негізгі тәсілі ауызша айту үлгісіне сүйену болып табылады.

Қосымша тәсілдер-нақтылы заттарды тірек ет,суреттерге сүйену.

2.Балаларға көркем шығармалардың текстерін қайталап айтуға көмектесуәр түрлі сұрақтар қою арқылы ауызша айту тәсілімен іске асырылады.

Монолог тексін қайталап айтуға көмектесетін сұрақтар мынадай типтерге бөлінеді:

1.бәрі қосылып қайталауға бағыттаушы сұрақ

2.есіне түсіретін сұрақ

3. жетекші сұрақ

4.тікелей сұрақ

5.тікелей сұрақтардың тізбегі (жоспар)

6. барлаушы сұрақтар

7. сұрақ, нұсқауБалалларға қайталап айтқызудан бұрын тиісті текісті сөзсізоқып беру керек.

 

2.Бейнелеу өнерінің түрлері, олардың мазмұны мен міндеттері.

Сурет салу.Балабақшада сурет сабағы балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде жетекші орын алады. Ол сурет салудың: жекелеген заттарды бейне-леу, сюжетті (оқиғалы),декоративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері болады, мұның өзі тақырыптық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын айқындайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты — балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету.Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті — олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу қүралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.

Жекелегсн заттардың суретін салуга үйрету әр түрлі жастағы топтардың бәріне ортақ жалпы міндеттер төмендегідей болып келеді:

- заттың пішіні мен құрылысын бейнелеуге, бөліктердің өзара қарым қатысын және жай қозғалғандағы өзгерістерді бере білуге үйрету керек;

- суреттің айкындылығын, бейнелілігін көрсететіндей сол зат­тың тек өзіне ғана тән кейбір даралаушы детальдарын бейнелей білуге үйрету керек;

- заттың түсін өзінің мазмұнына және мінезіне лайық етіп беру қажет;

- сурет салу үстінде қаламмен, бояумен, өзге материалдармен жұмыс істей алатын техиикалық дағдыны дамыту керек.

Бұл міндеттер жас мөлшері әр түрлі топтарға лайықталған программа материалдарында анықталып, нақтылана түседі.Тақырыптағы материал тоқсан бойынша бөлініп қамтылған материалды түгел өтуге және қажетті жаңа міндеттерді шешуге, бекітуге бөлінген уақытты ұтымды, тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады [8].

Аппликация(латынша applicatio — үстіне қою, салу)—негізгі түске декоративтік немесе тақырыптық пішіндердегі қиындыларды жапсыру аркылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т.с.с.) көркем безендіру үшін колданылатын қолөнерінің бір түрі.

Апиликацияның өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу техникасына байланысты.

Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне карағанда аппликациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Аппликацияға ешқандай детальдарсыз жалпылама пішіндер тән. Көбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстеп өзгеше ерекшеленеді [9].

Аппликацияны орындау процесі екі кезеңнсн тұрады: жеке пішіндерді кесу және оларды негізгі түске жапсыру.

Аппликация көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиім-ділігін тудырады. Кесілген пішіндер кейде әp түрлі үй-жай орындарын безендіруге қолданылады (мысалы, кағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге, ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік безендіруге қолданылады). Мата, жүн және теріден кесілген аппликациялық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар жасауга қолданылады.

Кейде кесілген бөлшектер түске толық, жапсырылмайды, сондықтан, аппликация жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана ортаға жапсырып, олар­дың соңғы ұштары негізгі түстен қалып кояды. Бұл бейнеге үлкен мәнерлілік берді.

Аппликацияның орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар шығармашылығы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге боялған дайын пішіндерді қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін, сюжеттік бейнелер т.с.с.кесу арқылы композициялар құруларына болады. Сонымен, аппликациямен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен дағдының қалыптасуына, екінші жағынан шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді [3].

Конструкциялау іс-әрскеті сөзінің мағынасы латынша conslrnctio құру деген сөзден шыққан.

Балаларды конструкциялау іс-әрекетіне олардың әр түрлі материалдар дан (қағаздан, картоннан, ағаштан, арнайы құрылысқа арналган конструк торлық жапырақтардан) түрлі ойындық ұсақ-түйектер (ойыншық тар, құрылыстар) жасауы жатады.

Конструкциялау балалар үшін әрекеттердің аса қиын түрлерінің бірі болып табылады. Одан біз ересектердің көркемөнер, конструкторлық техиикалық әрекеттерімен байланысты екенін байқаймыз.

Ересектердің конструкциялық-техникалык, іс-әрекеттері үшін конс трукциялауды, құрылыстарды іс жүзінде қолдану тән нәрсе. Конструкциялау ды орындағанда ересек адам алдын ала ойланады, жоспар жасайды, қолдану шараларын, жұмыс техникасын, сыртқы безендірулерді ескере отырып материал таңдайды, әрекеттің орындалуы жүйелілігін белгілейді.

Бұл бөлшектердің барлығы балалар конструкциясында көзделінеді. Осы жерде сонымен қатар конструкциялық міндеттер шешіледі.Балалар конструкциясының нәтижелері, әдетте, ойында іске асырылуы үшін пайдаланылады.

А.С.Макаренко баланың ойыншық матерналдары мен ойындары «бәрінен бұрын адамның қалыпты іс-әрекетіне жақын тұра­ды, материалдардан адам құндылық пен мәдениетті туғызады»— деп атап көрсетті.

Сөйтіп, балалардың конструкциялық іс-әрекеті ересектердің конструкциялык-техиикалык, іс-әрекетіне ұқсас болады. Бала іс-әрекеті нәтижесінің әлі қоғамдық мәні болмайды, бала қоғамға материалдық, не мәдениет байлықтарынан жаңа ешнәрсе қоса коймайды. Дегенмен ересектердің балалар іс-әрекетіне басшылық етуі мектеп жасына дейінгі балалардың ең бек тәрбиесіне ең игілікті әсерін тигізеді.

Балалар конструкциясы бейнелеу және техиикалық болып бөлінуі мүмкін. Егер ересектердің конструкциялық-техиикалык әрекеттерінің өнімі негізінен әркашанда іс жүзінде колданатын болса (театр, ма­газин және т. б. үшін үйлер тұрғызу), ал балалар құрастырулары іс жүзінде пайдалнуға әрқашанда қолданыла бермейді. Мәселен балалар алғашқыда ынталылықпен зоопарк тұрғызады, бірақ қалай ол жасалып бітісімен-ақ құрылыстың олар үшін ешқандай кызығы болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың конструкциялык іс-әрекеті ойында басты сипат алады: құрылысты немесе конструкциялауды жасау барысында балалар ойын катынастарына түседі — әркімнің міндеттерін жай ғана белгілеп қоймай, әр түрлі рольдерді, мыса­лы бригадир, құрылысшы, шебер және т. с. с. рольдерін орындай­ды. Сол себептен балалардың конструкциялық іс-әрекетін кейде құрылыс ойыны деп те атайды [6].

Мүсіндеу. Мүсіндеу—бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнердің өзге салаларындағы тәрізді суреткер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, өзгеше пішіндегі бейнелер жасау арқылы білдіреді. Мүсіндеу туындылары үнемі көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын саз балшық, пластилин тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді қатты материалдар бойынша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты материалдардап жасалуып қашау деп атайды:

Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнынан және айтар ойын жеткізу құралдарынан айкын көрінеді.

Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып табылады. Жануарлар әлемі де мүсіндеудің объектісі болуы мүмкін. Мысалы, мүсінші аннмалист В.А.Ватагин өз шығармашылығын жануарлар дүниесін бейнелеуге арнады.

Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған? Осынау тірі организмдер пішіні көлемімен, мәнерімен, үйлесімділігімен, сондай-ақ сан алуап түрлі қозғалыс-қимылымен сипатталады. Сондықтан да мүсіндеудің өзгешелігі сол пішіннің барлық ерекшеліктерін әр алуан кырынан көрсету мүмкіндігі болып табылады. Адамды қоршаған ортаны, жансыз табғатты мүсіндеуде, пластикада өте сирек ұшырасады. Өсімдіктер, әр түрлі заттар кейде мүсіндегі негізгі бейнені толықтыратын деталь немесе декоративті элемент ретінде пайдаланылады. Жансыз заттарды, әсіресе, тетігі қозғалмайтын, белдігі айналмайтын машиналарды мүсідеу үнемі тиімсіз болып келеді. Мүсіндеу өнері үшін, керісінше осы машиналарды басқаратын адамдардың ішкі жан дүниесін бейнелеу маңызды.

Мүсінші де, суретші де заттардың көлемін бейнелейді. Сурет­те бұл екі өлшемі бар жазықтықта жүзеге асады. Суретші осының арқасында ғана көлемді беру үшін шартты құралдарды пайдаланады. Үш өлшемді иллюзия оған жарық пеп көлеңкені дұрыс пайдалануға көмектеседі.

Мүсіндеу туындылары тек кеңістікте орналасатыпдықтан нақты көлемге ие болып келеді. Оның осы ерекшелігі көрерменнің қабылдауына да әсер етеді. Мүсінді әр қырынан қарап шыққан ол, сол өнер туындысын әр түрлі позициядан қабылдай алады; немесе сол мүсінді тек бір түрғыдан қарап шығар болса, онда ол өзі өнер туындысын тұтастай қабылдай алмас еді. Мүсіндеу бейненің жан-жақты ашыла түсуі үшін дина­мика үлкен роль атқарады. Мұның өзі қаһарманның психологиялык, көңіл күйін бере білуге көп септігін тигізеді. Қимыл-әрекет ка­рапайым болуға тиіс, бірақ ол өзінің өң бойында терең ішкі мазмұнға ие болуға тиіс. Мүсіндеудегі бейненің мәнерлігі үшін киімнің бейнеленуі үлкен мән алады.