Басқару табиғаты мен менеджмент эволюциясы

 

1.1. Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Зерттеу объектілері – тұтас алғандағы қоғам, мемлекет, экономика, соның iшiнде қаржы жүйесi, әлеуметтiк сала және адамның өзi. Ал басқару теориясының пәні – қоғам мен табиғаттың объективтi заңдарын практикалық жүзеге асыру механизмiн қоғам, мемлекет, ұжым және жеке тұлғаның мүддесiне бағыттап құрастыру және қолдану. Қазiргi кезеңде ғылым ретiнде басқару теориясының зерттеу пәнi жалпы адамдық құндылықтар болып отыр.

Басқару теориясына талдау жасау жалпылама, жалпы және жеке әдістер жүйесіне негізделеді. Жалпылама әдіс –диалектикалық әдіс. Бүкіл қиындықтарға қарамастан басқару қатынастары тек қана диалектика тұрғысынан ғана зерттелуі мүмкін. Диалектика дегеніміз – кез келген құбылыс, қозғалыс, даму негізінде қарастыру. Басқару қатынастарын зерттеуге диалектикалық көзқарас танымының талдау мен синтез, индукция мен дедукция, гипотеза мен эксперимент, бақылау мен салыстыру және т.б. сияқты әдістері қолданылады.

Басқару теориясы басшылық ету практикасымен тығыз байланысты. Сондықтан эксперимент ғылыми әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Эксперимент кезінде мүмкінболатын шешімдер бір немесе бірнеше объектілерде тәжірибе арқылы тексеруден өтеді.

Сонымен қатар басқару теориясында ғылыми абстракциялау әдiсi, жүйелiк-мақсаттық және кешендiк тәсiлдер жеке орын алады.

Экономика-математикалық әдіс басқару проблемаларын сүреттеген кезде сан жөнінен анықтап алуға, оларды математикалық үлгіде (модельдеуде) оңтайлы шешімдерді табу үшін математикалық аппаратты пайдалануға мүмкіндік бередi. Басқаруды математика тілінде сан жағынан сүреттеу құбылыстарды әртүрлі ғылым өкілдерінің айқын түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басқару теориясының негiзгi категорияларының бiрi функция болғандықтан мұнда функционалды талдау әдiсi ерекше орын алады.

1.2.Басқару, жалпы ғылыми категория ретінде, табиғат пен қоғамның бүкіл жүйесімен байланысты. Атап өткендей, басқару - заңдарды адамға, қоғамға байланысты пайдалы қолдануға мүмкіндік береді.

Табиғат заңдарын білу басқарудағы келесі үрдістерді қолдана білу үшін тәжірибелік механизмдерді құру және іске асыруға өте қажет: а) жануарлар мен өсімдіктердің олардың биоклиматикалық оптималды өсу шарттарының тауарлы өндіріс технологияларына адаптациялану; б) адамның шаруашылық қызметтінің қоршаған ортаға теріс салдары туралы мәліметтерді минимумға келтіру; в) энергияны алу және түрлендіру; г) материалды, қаржылық және ақпараттық ресурстарды қажетті өнім мен қызметке түрлендіру; т.б.

Жалпылама уақытты үнемдеу заңы уақыт шығындарын үнемдеу бойынша барлық тәжірибелік шаралардың негізінде жатыр: өнім бірлігін өндіру үшін, еңбек өнімділігін басқару жүйесі, жедел басқару.

Экономика ғылымында көптеген ғалымдар өз ой пікірлерін айтқан , сондай – ақ, Д.М. Кейнс, А. Лаффер, Р. Коуз, т.б.

Д.М. Кейнстың негізгі психологиялық заңы инвестициялар мен жинақтардың арасында макроэкономикалық теңдікті қамтамасыз ету механизмнің негізінде жатыр, яғни инвестициялардың қайнар көзі халықтың жинақтары болып табылады. Бұл заң бойынша, адамдар табыстары өскен сайын шығындары өседі, бірақ тең мөлшерде емес. Осыған орай, инвестицияларды және өндірістік үрдістерді басқару механизмі әзірленеді.

Коуздың теоремасы “ойын ережелерінің” және нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілердің мінез – құлықтың негізінде жатыр. Ол бойынша: “Егерде белгілі бір қызметті жасау үшін құқықтары сатылса, сатылып алынса, нәтижесінде оларды өндіріс мүмкіндіктерді немесе ойындарды бағалайтын тұлға иеленеді…”. Бұл меншіктің “жиынтық әрекеті” арқылы нарық қатысушылардың мүдделерін басқаруға мүмкіндік береді.

1.3.Басқаруға жүйелі көзқарастың мәнін ашпай тұрып жүйе, жүйелердің түрлері, жүйелердің қасиеттері және басқарылу шарттары деген түсініктерді қарастыру қажет.

Жүйе – жалпы жағдайда өзара байланысты әртүрлі объектілердің жиынтығы, яғни жүйе – бір бірімен байланысты бөліктерден турады. Жүйенің анықтамасынан көрініп отырғандай жүйе құрамдас бөліктердің, яғни компоненттердің және компоненттер арасында байланыстардың болуын керек етеді. Жүйеде компоненттердің 2 түрі немесе деңгейі болады:

- 1-ші компонент – кіші жүйе – бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырай алатын (немесе бөлінетін) бөлігі.

- 2-ші - элементендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырауы мүмкін емес бөлігі. Элемент дербес болады. Сондықтан кіші жүйе – элементтердің жиынтығы.

Өзара іс-қимыл жасаған жағдайда компоненттердің т.б.жиынтығы жүйе деп түсініледі.

Жүйелер ашық жәнежабық,детерминацияланған және ықтимал жүйелер болып бөлінеді. Жүйенің күрделілік дәрежесі бойынша жүйе 3 топқа бөлінеді: жай жүйелер, күрделі жүйелер, өте күрделі жүйелер.

2 Жүйенің жұмыс істеу шарттары:

1) жүйе элементтері арасында себеп салдарлы байланыстардың болуы.

2) жүйенің серпінділігі

3) Әсер еткен жағдайдан үрдістің өтуін өзгертуге болатын параметрінің болуы.

4) Жүйенің басқарушылық ықпалын күшейтуге қабілеттілігінің болуы.

5) Жүйеде басқару хабарламасын беру ақпаратты жинау және хабарламаны өзгерту мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл басқару объектісіне әсер етуінің уақыт пен кеңістіктегі алшақтығына байланыста болуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі.

6) Жүйенің сындарлы сипаты. Мұнсыз бақылаумен басқару мүмкін емес.

Сонымен жүйе атап келтірілген шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана оны басқаруға болады. Бұл шарттар барлық басқару жүйелеріне ортақ б.т.

3. Экономикалық жүйелерге оларды басқа жүйелерден айрықша ететін және оларды басқарған кезде ескеру қажет болатын ерекшелдіктері тән:

- экономикалық жүйелердің әлеуметтік сипаты бар.

- осы жүйе өзара әрекет ететін б.б. ортаның болуы.

- экономикалық жүйелер өте күрделі және серпінді жүйелер б.т.

Басқарудың иерархиялық қағидасының мәні – басқару жүйесінің көпсатылы болуында. Кері байланыс қағидасы жүйелік тұрғысынан алғанда басқару үрдісі, басқару әмірі және кері байланыс ақпараттар тасқындары саны берілетін және өздігінен реттелетін нобайда болуы мүмкін.

1.4.Басқару - барлық саладағы адам қызметiнiң объективті қажеттілігі. Бұл қажеттiлiк әлемнiң күнкөру нысаны қозғалыс болуымен байланысты. Ал қозғалыс өз кезегiнде жүйенiң бiр қалыптан екiншi қалыпқа ауысуы болып келедi. Сондықтан да жүйенi керектi қалыпқа жеткiзу мақсатымен оған саналы әсер ету қажеттiлiгi туындайды. Қажеттi нәтиженi алу мақсатымен объектiге саналы түрде әсер ету басқару болып табылады.

Басқару түрлерiнiң жiктелуi бойынша әлеуметтiк жүйедегi басқару: үй шаруашылығын, кәсiпорынды, саланы, экономиканы, мемелекеттi, қоғамды басқару болып бөлiнедi.

Менеджментті дамыту еліктеу қадамдарының қатары емес, басқаруды дамытуда бірнеше көзқарастың бір бірімен сәйкес келуі орын алады. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды 4 көзқарас белгілі:

1) басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас.

Ғылыми басқару мектебі:

- міндетті орындаудың таңдалу әдістерін анықтағанда ғылыми таңдауды пайдалану.

- мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулап отыруды қамтамасыз ету.

- қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

- Еңбек өнімділігін арттыруға материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.

Басқарудың классикалық мектебі:

- басқарудың қағидаларын дамыту;

- басқарудың функцияларын бейнелеу;

- ұйымды басқарудығы жүйелендірілген әдіс.

Адамдық қарым-қатынастар мектебі:

- еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану.

- Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.

Басқару ғылымы мектебi:

- жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.

- күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.

2) Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.

3) Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.

4) Жағдайлық көзқарас – кез елген мәселені шешуге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Басқару теориясының тақырыбы

2. Басқару ғылымының тапсырмасы мен орны

3. Басқару объектісі мен субъектісі

4. Басқару теориясының әдістері

5. Басқару категориялары

6. Басқарудың экономикалық мәні

7. Басқарудың ақпараттық мәні

8. Басқарудың жүйелік-мақсатты мәні

9. Басқарудың психологиялық табиғаты

10. Басқарудың төрт маңызды тәсілдері

11. Ғылыми менеджмент мектебі

12. Әкімшілік мектеп

13. Адамдық қарым-қатынастар мектебі

14. Басқарудың мінез-құлық ғылымы

15. Сандық әдістер мектебі

Бақылау тесттері:

<question>Ғылыми менеджмент мектебінің негізін кім қалаған?

<variant>Фредерик Уинслоу Тейлор

<variant>Гаррингтон Эмерсон

<variant>Генри Форд

<variant>Лилиан Гильберт

<question>Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі

<variant>ХІХ-ХХ ғ.

<variant>ХХ-ХХІ ғ.

<variant>ХV-XVI ғ.

<variant>XIX-XXI ғ.

<variant>XX-XXI ғ.

<question>Ғылыми басқару мектебінің негізін қалаушылар

<variant>Г. Эмерсон, Г. Форд, Л. Гильберт

<variant>А. Файоль, Л. Урвик, Д. Муни

<variant>Э. Мэйо, М.П. Фоллет, А. Маслоу

<variant>А.К. Райли, Л. Урвик, Л. Гильберт

<variant>Х. Райфа, А. Маслоу, Э. Мэйо

<question>Классикалық мектеп өкілдерін көрсетіңіз

<variant>А. Файоль, Л. Урвик, Д. Муни

<variant>Г. Эмерсон, Г. Форд, Л. Гильберт

<variant>А.К. Райли, Л. Урвик, Л. Гильберт

<variant>Х. Райфа, А. Маслоу, Э. Мэйо

<variant>Э. Мэйо, М.П. Фоллет, А. Маслоу

<question>Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы тұлға

<variant>Әбілхайыр хан

<variant>Ш.Уалиханов

<variant>Абылай хан

<variant>Тәуке хан

<variant>Әбу Насыр Әл-Фараби

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. АхметовҚ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999



php"; ?>