ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқу-әдістемелік кешенде магистранттың курс бойьшша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан магистранттар сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушьшық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге магистрант сабақ барысьшда қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақьшауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Магистранттың білімі практикалық және СОӨЖ сабақтарьшда бағаланады.

Практикалық сабақта магистранттар дәріс сабағында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, магистранттар санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

Магистранттың оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау, баяндама мен Мәнжазбаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар - студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған магистранттар алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайьшдалып, сабақ барысьшда оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

СӨЖ тапсырмалары магистранттың өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, мәнжазба және баяндама тақырыптары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары) және емтихан сұрақтары.

Мәнжазба - магистранттың өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманьщ кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында магистранттарға таратылады;

2) Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

3) Мәнжазба жазуға магистранттың қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай,

I семестр уақыт беріледі;

4) Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытша дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден қүрылуы керек:

кіріспеден; негізгі мәтіннен; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады: тақырып таңдау; әдебиет таңдау және оқу; Мәнжазба жоспарын құру; нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу; Мәнжазба жазу; Мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы үсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті - казақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек Мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. (әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент Мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар - бұл Мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін Мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

1) титулдық бет;

2) жұмыс жоспары мен атауы;

3) кіріспе;

4) негізгі мәтін;

5) қорытынды;

6) әдебиет, мұнда нормативтік - құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.

Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.

Баяндама - студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғьшыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.

Магистранттың білімін бағалау мақсатында екі аралық бақылау ұйымдастырылады. 1-шісі 7 аптада, 2-шісі 15 аптада. Курс бойынша аралық бақылау аясында студент ауызша нысанда коллоквиум сұрақтарына жауап беруі қажет.

Коллоквиум тапсыру студенттердің ауызша жауап беруге және пәннің негізгі ұғымдарын герең түсінуге дағдыландырады және семестр бойына 2 рет жүргізіледі. Коллоквиумға чайындалғанда сұрақтың мазмұнына байланысты дәріс материалдарын, сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиетті пайдалануы керек.