Басқарудың корпоративтік мәдениеті

7.1.Қазiргi кезеңгi iскерлiк қатынастар этикасында басқару этикасының сауалдары ерекше орын алады. Басқарушының тиiмдi басқару қабiлетi ең алдымен оның жеке басында келесi қасиеттердiң болуымен өлшенедi: өзiн-өзi басқару қабiлетi, нақты жеке және өндiрiстiк мақсаттар, айналадағыларға, олардың мiнез-құлқына әсер етудiң жоғары қабiлетi, персоналды оқыту мент дамытуға талпыныс, топтар жұмысын қалыптастыру мен ұйымдастыру қабiлетi, бiрiгiп қызмет етуге ұмтылыс және т.б. Бұл аталған қасиеттер билiкке ие адамның жоғары дәрежелi әдептiлiгiн, этикалық мәдениеттiлiгiн ұйғарады.

Компанияның этикалық нормаларына қатысты менеджердiң позициясы, оның шешiм қабылдаудағы мiнез-құлқы екi, алғаш қарағанда сыйыспайтын, стандартты қатар қолдануды талап етедi – этикалық және коммерциялық. Коммерциялық мүдделердiң жалпыадамдықтардан басым болуы әлi күнге дейiн компания менеджерлерiнiң этикалыққа жатпайтын шешiмдер қабылдауының негiзгi себебi болып отыр.

 

7.2.Ұйымдық мәдениет туралы сауаал салыстырмалы жаңа болып келедi. Ол ХХ-шы ғасырдың 60-70-шi жылдарынан бастап белсендi талқылана бастады.

Қазiргi кезеңгi әдебиетте бұл түсiнiктiң анықтамалары көп кездескенiмен, бiрегей анықтамасы әлi жоқ. Бұл саладағы белгiлi зерттеу шiлер бұл түсiнiкке әртүрлi атайды екен: «кәсiпорын мәдениетi» - Э.Джакус, «корпоративтiк мәдениет» - К.Голд, «ұйымдық мәдениет» - Э.Шейн және т.б.

Ұйымдық мәдениет – бұл ұйым мүшелерi қабылдайтын және олардың мiнез-құлықтары мен әрекетерiне бағыт беретiн ұйым құндылықтарында тұжырымдалатын аса маңызды ұйғарымдар жиыны. Бұл құндылық бағыттарды индивид рухани және материалдық iшкiұйымдық айналаның «символикалық» құралдары арқылы бередi.

Бұл саладғы белгiлi зерттеушi Э.Шейнге сәйкес ұйымдық мәдениеттi танубiрiншi «су бетiндегi» немесе «символикалық» деңгейден басталады. Оның факторлары: қолданылатын технология мен архитектура, кеңiстiк пен уақытты қолдану, вербальды және вербальды емес коммуникация әдiстерi, т.б. Екiншi деңгей – «ұйымдық идеология». Мұнда ұйым мүшелерiнiң құндылықтары, сенiмдерi, пiкiрлерi зерттеледi. Үшiншi «тереңдетiлген» деңгейде «фундаметалды» тұжырымдар – жалпы күнкөрiске қатынасы, кеңiстiк пен уақытты түсiнуi мен қабылдауы, т.б.

Мәдениет ұйымның тиiмдi күшi болуы үшiн ол, бiрiншiден, компания стратегиясына толық сәйкес келуi керек, екiншiден, жеткiлiктi түрде күштi және оң болуы керек.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Басқарушының негізгі этикалық міндеттерін атаңыз

2. Нұсқау беру кезінде қандай ережелерді сақтау керек

3. Ұйымдық мәдениеттің негізгі құрамдас бөліктері қандай

4. Ұйымдық мәдениет ұйым тиімділігіне қалай әсер етеді

5. Субмәдениеттер дегеніміз не және олар ұйым өмірінде қандай рөл атқарады

6. Тиімді компанияның ұйымдық мәдениеті қандай ерекшеліктермен сипатталады

Бақылау тесттері:

<question>Ұйым бұл.....

<variant>мақсаттары бір адамдар тобы

<variant>белгілі бір байланыстар

<variant>ұйымдастыру элементтері

<variant>жоспардың орындалуына қажетті

<variant>белгілі бір жоспар

<question>Басқаруда негізгі неше мектептер бар?

<variant>4

<variant>3

<variant>5

<variant>6

<variant>7

<question>Декодтау ұғымына сипаттама бер

<variant>кодтанған символдарды алушысы өзінің символдарымен шешуі

<variant>берілген символдарды кодтау

<variant>ақпарат

<variant>идея

<variant>таңтау

<question>Коммуникация бұл .....

<variant>ақпаратты бір объектіден екінші объектіге беру

<variant>ақпарат

<variant>ақпараттар таңдау

<variant>ақпарт есебі

<variant>идеяның туындауы

<question>Басқарудағы билік түрі:

<variant>охлократия

<variant>талап

<variant>мекеме

<variant>мемлекет аралық

<variant>өзара

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. Ахметов Қ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999

МЕНЕДЖМЕНТ ТИІМДІЛГІ

Мақсаты:Тиiмдiлiк, нәтижелiлiк көрсеткiшi ретiнде, шығындар мен нәтижелердi салыстыруды қарастырады. Нәтиже ретiнде қызметтiң соңғы нәтижесi болатын пайда, ал шығын ретiнде негiзгi өндiрiстiк қорлар мен айналмалы қорлар қарастырылады.

Менеджмент тиiмдiлiгi

Ең жалпы мағынада басқару тиімділігі ретінде белгіленген уақыт мерзімінде минималды шығындармен жоғары нәтижелерге жетуі үшін кәсіпорынға қолайлы жағдайлар жасау түсініледі.

Талдау пәнінің екі жақты табиғаты бар. Мiндеттi қоюдың өзiнен-ақ тек жүйелi тиiмдiлiктi ғана емес, сонымен қатар жеке менеджерлердiң басқарушылық қызметiнiң тиiмдiлiгiн де талдау керектiгi туындайды.

Талдау пәнiн анықтаудағы ерекшелiктер кәсiпорынды басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау мен модельдеудiң әр түрлi тәсiлдерiмен байланысты. Басқару жүйесiн диагностикалауда екi модель мен екi тәсiлдi ажыратуға болады: «механистикалық» және «гуманистикалық» модельдер; «қатаң» және «қатаң емес» жүйелiк тәсiлдер.

Басқару жүйесi тиiмдiлiгi критерийлерiнiң кешендiк жиынтығын оның қызмет етуiнiң екi бағытын ескере отырып құруға болады:

- қол жететiн нәтижелердiң өндiрiстiк-шаруашылық ұйымның белгiленген мақсаттарына сәйкес келу дәрежесi бойынша;

- басқару жүйесiнiң қызмет ету процессiнiң оның мазмұны мен нәтижелерiне қойылатын объективтi талаптарға сәйкес келу дәрежесi бойынша.

Ұйымдық құрылымның әр түрлi нұсқаларын салыстыру кезiнде тиiмдiлiк критерийi ретiнде басқару жүйесiнiң қызмет етуiне салыстырмалы төмен шығындар жұмсау негiзiнде түпкi мақсаттарға неғұрлым толық та тұрақты жету мүмкiндiгiн қарастыруға болады.

Басқару аппараты мен оның ұйымдық құрылымының тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде қолданылатын көрсеткiштер үш өзара байланысты топқа бөлiнуi мүмкiн:

- ұйым қызметiнiң түпкi нәтижелерi мен басқару шығындары арқылы басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер тобы;

- басқару процесiнiн ұйымдастыру мен оның мазмұнын, соның iшiнде басқарушылық еңбектiң нақты нәтижелерi мен шығындарын, сипаттайтын көрсеткiштер тобы;

- ұйымдық құрылымның ұтымдылығын және оның техника-ұйымдастырушылық деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер тобы.

Тиiмдiлiк, нәтижелiлiк көрсеткiшi ретiнде, шығындар мен нәтижелердi салыстыруды қарастырады. Нәтиже ретiнде қызметтiң соңғы нәтижесi болатын пайда, ал шығын ретiнде негiзгi өндiрiстiк қорлар мен айналмалы қорлар қарастырылады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Тиімділікті бағалаудың рангтік әдісі

2. Басқару тиімлділігін бағалаудағы қызығушылық танытқан тұлғалар теориясы

3. Көпкритериялы тиімділікті анықтау әдітемесін құрастырудағы қиындықтар

Бақылау тесттері:

<question>«Ненi, қалай, қашан және кiм орындайды?» деген сұрақтарды шешетiн басқару процесiнiң қызметiнiң бiрi:

<variant>жоспарлау

<variant>ұйымдастыру

<variant>жетекшiлiк

<variant>ынталандыру

<variant>бақылау

<question>Матрицалык құрылымдарды көбiнесе қандай фирмалар қолданады:

<variant>ірі акционерлiк қоғамдар мен компаниялар

<variant>шағын фирмалар

<variant>фирмалар

<variant>шикiзат өндiретiн

<variant>өнiмнiң «өмiрлiк циклi» қыска фирмалар

<question>Төмендегiлердiң қайсысы жоспарлаудың негiзгi принциптерiне жатады:

<variant>үздiксiздiгі

<variant>болжамдау

<variant>айырбастау

<variant>құжаттау

<variant>күрделiлiктi азайту

<question>Алдын-ала жоспар бойынша ұйымның қатысуы мен қабылданған басқару шешімінің түрі:

<variant>бағдарланған

<variant>дәстүрлi

<variant>сызықтық

<variant>дивизионалдық

<variant>штабтық

<question>А.Маслоу теориясы бойынша мына аталған қажеттiлiктердiң қайсысы жоғарғы деңгей қажеттiлiктерiне жатады:

<variant>өзiн-өзi таныту қажеттiлiгi

<variant>физиологиялык қажеттiлiктер

<variant>сый-құрметке қажеттiлiк

<variant>қауiпсiздiк қажеттiлiктерi

<variant>жалпы

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. Ахметов Қ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999