Мотивациялау – адамдардың бойындағы мотивтерді қорғау арқылы оларға әсер ету процесі.

Мотив дегеніміз – адамдардың белгілі бір іс-қимыл әрекет жасауларына итермелейтін себеп. Мотивация дегеніміз – бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі бір дәрежеде жұмсаған ынта жігері, көрсеткен табандылығы және талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсаттарына және ұйым мақсаттарына жету үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.

Ояну – белгілі бір бағыттағы жетіспеушілікті сезіну. Қажеттілік пайда болса, онда ол адамның ынта жігерін оятады. Қажеттіліктерді тікелей бағалау және өлшеу мүмкін емес, оларды тек адамның мінез құлқына қарап бағалауға болады.

1. Мотивацияның мазмұндылық теориялары бірінші кезеңде адамдарды әрекеттерге итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Бұл теориялардың iшiнде аса кең тараған А. Маслоудың қажеттiлiктер теориясы (1943 ж). Оның ойынша қажеттiлiктер иерархияны қалыптастырады. Төменгi деңгейдiң қажеттiлiктерi қанағаттандарылған жағдайда келесi деңгей қажеттiлiктерi мотив бола алады:

- физиологиялық қажеттiлiктер – өмiрлiк мұқтаждықтар: тамақ, су, ұйқы және т.б.;

- қауiпсiздiк қажеттiлiктерi – қауiпсiздiк, қорғау, реттiлiк, бейбiтшiлiк мұқтаждығы;

- әлеуметтiк қажеттiлiктер – сүйiспеншiлiк пен қатысушылық мұқтаждығы;

- сыйластық қажеттiлiктерi – мәртебе, данқ, табыс, назар;

- өзiн-өзi көрсету қажеттiлiктерi – ең жоғары деңгей, өз қабiлеттiлiктерiн толық жүзеге асыру.

МакКллеланд теориясы. Оның пікірінше адамдарда үш ең басты қажеттілік болады:

- Билікке ұмтылу қажеттілігі, басқа адамдарға үстемдік етуге тырысудан көрінеді. Ондай адамдар батыл және өз көз – қарасына берік болады.

- Жетістікке жету қажеттілігі, табысқа жетуден ғана емес жұмысты табысты аяқтауға талпынысынан көрінеді. Адамдар өз табыстарын жария етуге тырысады және нақты бағалануын талап етеді.

- Қатысушылық қажеттігі, бұл жағдайда адамдар достық қатынастар орнатуға, басқаларға көмек көрсетуге талпынады.

Герцбергтің қос факторлытеориясы. Оның қорытындысы бойынша мотивациялық факторлар екі үлке категорияға бөлінеді:

1. Гигиеналық.

- Фирма мен әкімшілік саясаты;

- жұмыс жағдайы;

- еңбек ақы;

- басшылар, бағыныштылар және жеке адамдар арасындағы байланыс;

- жұмысты тікелей бақылау дәрежесі.

2. Мотиваторлар.

- Жетістік, табыс;

- қызмет барысында жоғарлау;

- еңбек нәтижесін тану, мақылдау;

- жоғары дәрежелі жауапкершілік;

- творчестволық және іскерлік өсу мүмкіндіктері.

3. Мотивацияның процесуалдық теорияларына: күту, әділеттілік, Портер – Лоулер теориялары жатады. Бұл теориялар мазмұндылық теорияларды жоққа шығармайды, керісінше адам қажеттіліктерімен қатар тұлғаның мінез-құлқын, оның сезінуі мен күтуінің қызметі болып табылады деп есептеуде.

Күту теориясы Виктор Врумның еңбектеріне негізделген.

Күту – белгілі бір жағдайдың ықтималдығын бағалау б. Т.

Еңбекке мотивацияны талдау кезінде күту теориясы үш өзара байланысты бөліп көрсетеді:

- Еңбек шығындар – нәтижелер;

- нәтижелер – марапаттау;

- валенттілік.

Күту теориясы бойынша жалпы мотивация келесі формула бойынша анықталады:

Мотивация = ( Ж – Н ) * ( Н – М ) * В.

Әділеттілік теориясы. Адамдар өздеріне көрсетілген марапат пен жұмсалған күш жігердің арасындағы қатынасты субъективті түрде айқындайды да, дәл осындай жұмыс атқарған адамдарға көрсетілген марапатпен салыстырады. Салыстыру әділетсіздікті көрсетсе, психологиялық жағынан қысымшылық көргенін біледі. Адамдар өз еңбегінің әділетсіз бағаланғанын байқаса, еңбек өнімділігін бірден төмендетеді.

Портер – Лоулер моделі. Олар мотивацияның кешенді процесуалдық теориясын жасап шығарды. Олардың үлгісінен бес өзгергіштерді атауға болады:

- Жұмсалған күш – жігер;

- сезіну;

- алынған нәтижелер;

- марапаттау;

- қанағаттану дәрежесі.

Портер – Лоулер моделі бойынша еңбек нәтижелері үш ауыспалылыққа байланысты өзгереді:

- Күш-жігерден;

- қабілеттілік пен мінез – құлқы;

- еңбек процесіндегі бейнесін сезіну.

10.1. Iшкiфирамлық бақылау түсiнiгi. Бақылау – менеджменттiң негiзгi функцияларының бiрi. Қазiргi кезеңде сенiмдi бақылау жүйесiнсiз бiрдi бiр ұйым табысты бола алмайды.

Бақылау – ұйымның өз мақсатына жетуiн қамтамасыз ету процесi. Бақылау процесi үздiксiз, ол үш кезеңнен тұрады:

1.Стандарттарды белгiлеу. Стандарт – мақсатқа жету үшiн нақты нәтиженi анықтайды.

2.Шынайы қол жеткен нәтижелердi белгiленген стандарттармен салыстыру. Бұл кезеңде ауытқулар ауқымы, нәтижелердi өлшеу мен бағалау жүргiзiледi. Нәтижелердi өлшеу бақылаудың қиын да қымбатқа түсетiн кезеңi.

3.Түзетулер енгiзу. Бұл кезеңде менеджер салыстыру нәтижелерiне байланысты келесi әрекеттердiң бiреуiн ұстанады:

- ешқандай әрекет жасамау;

- ауытқуды жою;

- стандарты қайта қарастыру.

11.Бақылаудың негiзгi үш түрi бар:

- алдын ала бақылау – жұмыстыың алдында жүргiзiледi. Мұндай бақылауды жүзеге асырудың негiзгi құралдары белгiленген ережелердi, процедураларды және жүрiс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылауды адамдық, материалдық және қаржылық ресурстар бойынша жүргiзу қажет.

- ағымды бақылау – жұмыс барысында жүргiзiледi (күнделiктi бақылау). Оның объектiсi – көбiнесе бағынышты қызметкерлер, ал жүзеге асырушы – тiкелей басшы. Бағынышты адамдардың жұмысын ұдайы тексеру, жұмысты жетiлдiру мақсатында туындаған проблемалар мен ұсыныстарды оперативтi талқылау белгiленген жоспарлар мен көрсеткiштерден ауытқуға жол бермейдi. Ағымды бақылау нақты жұмысты орындаумен қатар, бiр мезгiлде жүргiзiлмейдi. Ол жұмыс орындалғаннан кейiнгi нақты нәтиженiң өлшемiн бiлуге, қойылған мақсатқа жетуге негiзделедi.

- қорытынды бақылау – ұйым қызметiне қорытынды жасай отырып, нәтиже мен тандарты салыстыру арқылы жоспардың қаншалықты дәл жасалғандығын бағалау мүмкiндiгiн бередi. Бұл бақылау мотивацияға ықпал етедi. Егер менеджер нәтиженi мотивациялық көтермелеумен байланыстыратын болса, онда нәтиженi дәл әрi әдiлеттi бағалау керек.

Ағымды және қорытынды бақылау керi байланыс жүйесiне негiзделедi.

12.Бақылау тиiмдi болуы үшiн, ол бiрнеше маңызды қасиеттерге ие болуы керек:

- стратегиялық сипатта болуы керек;

- нәтижеге бағытталуы;

- iске сәйкес болуы;

- бақылаудың мезгiлiмен болуы;

- бақылаудың икемдiлiгi;

- бақылаудың қарапайымдылығы;

- бақылаудың үнемдiлiгi.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Жоспарлаудың мәні және принциптері

2. Стратегиялық жоспарлау

3. Жоспарды жасау әдістері

4. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

5. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының типтері

6. Мотивация анықтамасы және мәні

7. Мотивацияның алғашқы тұжырымдамалары

8. Мотивацияның қазіргі заманғы теориялары

9. А. Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы

10. К.Альдерфер теориясы.

11. Д.Мак Клелланд бойынша мотивация теориясы

12. Ф.Герцбергтің екі факторлы мотивация теориясы

13. Күту теориясы

14. Әділеттілік теориясы

15. Мотивацияның кешенді процессуалдық теориясы (Портер–Лоулер моделі)

16. Бақылау процесінің мәні және негізгі кезеңдері

17. Басқарушылық бақылау түрлері

18. Тиімді бақылау мінездемесі

19. Сыртқы және ішкі бақылау

Бақылау тесттері:

<question>Басқару келесідей қызметтер атқарады:

<variant>Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау

<variant>Жоспарлау, басқару, үйлестіру, жетекшілік ету

<variant>Ұйымдастыру, бақылау, жоспарлау, басқару

<variant>Мотивация, жүйелеу, реттеу, бақылау

<variant>Бақылау, жүйелеу, реттеу, басқару

<question>Жоспарлау дегеніміз .............

<variant>Мақсатқа жету амалдары

<variant>Ұйымдық мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс

<variant>Іс-қимыл жасауға итермелейтін себеп

<variant>Еңбекті мамандандырылумен бөлісуді құрай отырып, адамдар еңбегінің тиімділігін арттыру

<variant>Белгілі бір құрылымды құру

<question>Бір құрылымды құру қандай функцияға тән

<variant>Ұйымдастыру

<variant>Жоспарлау

<variant>Мотивация

<variant>Бақылау

<variant>Мотив

<question>Мотив дегеніміз ........

<variant>Іс-қимыл жасауға итермелейтін себеп

<variant>Мақсатқа жету амалдары

<variant>Ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс

<variant>Бір құрылымды құру

<variant>Ұйымның дамуы

<question>Ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз ететін процесс

<variant>Бақылау

<variant>Жоспарлау

<variant>Ұйымдастыру

<variant>Стратегиялық жоспарлау

<variant>Жүйелеу

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. АхметовҚ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999



php"; ?>