Шарттық мiндеттемелер
1112-бап. Шарт тараптарының келiсiмiмен құқық таңдау
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi.
2. Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс.
3. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады.
4. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.
1113-бап. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық
1. Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:
1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүлiктi жалға (арендаға) беру шартында - арендаға берушi немесе жалға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенiм бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
2. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
3. Шарт тараптарының қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:
1) бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы;
2) конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында атап келтiрiлген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
5. Шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты, тараптар өзгеше келiспегендiктен, осындай қабылдау өткiзетiн орынның құқығы ескерiледi.
6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдерi пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда оларды iскерлiк айналымның тиiстi сауда терминдерiне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөнiндегi қатынастарына қолдануға тараптар келiскен деп есептеледi.
1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық
1. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдiң құқығы қолданылады.
2. Осы баппен реттелетiн қатынастар өзiне заңды тұлғаны құру және тоқтату оған қатысу үлесiн беру жөнiндегi қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олардың (соның iшiнде кейiнгi келiсiмдермен белгiленетiн) байланысты өзара құқықтары мен міндеттерiне басқа да қатынастарды қамтиды.
3. Осы баптың ережелерi шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен мiндеттерi басқа құрылтай құжаттарымен белгiленген жағдайда да қолданылады.
1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы
1. Шартқа осы параграф ережелерiне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:
1) шартқа түсіндіруді;
2) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
3) шарттың орындалуын;
4) шартты орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдарын;
5) шарттың тоқтатылуын;
6) шарт жарамсыздығының негiздерi мен салдарын;
7) шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды қамтиды.
2. Орындаудың әдiстерi мен рәсiмдерiне, сондай-ақ тиiсiнше орындалмаған жағдайда қолданылуға тиіс шараларға қатысты қолданылатын құқықтан басқа орындалу жүргiзiлетiн елдiң құқығы да назарға алынады.
Шарттан тыс мiндеттемелер
1116-бап. Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелер
Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесiне тапсырмасыз қызмет iстеу және басқалар) мәмiлелер жасалған жердiң құқығы қолданылады. Бiр жақты мәмiле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер
1. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орындалған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады.
3. Егер iс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негiз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.
1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:
1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;
2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жерiндегi немесе орналасқан жерiндегi елдiң құқығы;
3) тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетiлген елдiң құқығы қолданылады.
1119-бап. Негiзсiз баю
1. Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелерге баю орын алған елдiң құқығы қолданылады.
2. Егер негiзсiз баю мүлiк сатып алынған немесе сақталған негiздiң болжауы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негiз бағындырылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
3. Негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.