Солтүстік Америка үндістері, олардың қазіргі әлеуметтік жағдайы.

Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқанКолумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.

Лингвистер Үндістердің тілін ондаған тілдер шоғырына бөледі. Ең ірі тілдеркечуа, гуарани, аймара. Көпшілік Үндістер екі тілді. АҚШ пен Канадада ағылшын және француз, Латын Америкасында испан және португал тілдерінде сөйлейді.

Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.

Еуропалықтар келгенге дейін Орталық Америка мен Андыдағы Үндістер мәдениеті едәуір өркендеген ел еді. Бұл аймақтың тұрғындары егін шаруашылығының күрделі суландыру жүйесін игеріп, маис, бұршақ, асқабақ, күнбағыс, какао, агава, темекі, мақта, картоп екті. Сонымен қатар мал шаруашылығы, металлургия кәсібі де дами бастаған-ды. Жоғары мәдениет ошағы қалыптасып, балық аулауды кәсіп еткен қала-мемлекеттер пайда болды.

Еуропа отаршылдары Үндістердің табиғи өсуін тоқтатты. Олардың құнарлы жерлерін иемденіп, тіршілікке қолайсыз өңірлерге көшірді. Тұтас халықтарды жойып жіберді. 1900 жылғы есеп бойынша АҚШ Үндістерінің саны 75%-ға азайған. Латын Америкасындағы Үндістер бірқатар ұлттардың (мексикалықтар, парагвайлық, т.б.) қалыптасуына маңызды рөл атқарды. АҚШ-та 291 мен Аляскада 200-дей байырғы халық қауымы тіркелген. Қазіргі кезде АҚШ үкіметі Үндістерге өтемақы төлеп тұрады. Жоғары оқу орындарына түсуге арналған квота белгілеген. Соған қарамастан, жергілікті Үндістердің көпшілігі жойылып кету алдында тұр. Олар еур. мәдениет пен тілді қабылдап, дәстүрлі мәдениетін жоғалта бастаған. Солтүстік Америка Үндістері католик және протестант, ал Латын Америкасындағылардың көпшілігі католик дінін ұстанады. Дәстүрлі діндерді, түрлі культтық ағымдарды (пейотизм, шейкеризм, т.б.) ұстанатындар да кездеседі. 20 ғасырдың ортасынан бастап Үндістер арасында өз тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық орнады. Бүгінгі кезде Үндістер қауымы бақылайтын Канадада 60 шақты білім беру орталықтары, АҚШ-та 20 шақты колледж жұмыс істейді. Көптеген халықар. ұйымдары (Оңтүстік Америка үндістерінің кеңесі, Үндіс халықтарының бүкіләлемдік кеңесі, т.б.) бар. Әрбір елдің Үндістерінің ұйымдары (АҚШ-та — Америка үндістерінің ұлттық конгресі, т.б.; Канадада — Ұлттық бауырластық; Бразилияда — Бразилия үндіс халықтарының одағы, т.б.) Үндістер мүддесі үшін жұмыс істеп келеді.

Билет

1) Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км2) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзен – көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік – шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км дүние жүзінің ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзеннің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 метр, ені 1800метр). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергеттік мүмкіндігі өте жоғары. Құрлықтың шөлді – шөлейтті аудандарында жер асты суларының мол қоры табылған. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатады. Африкада көлдер негізінен тектоникалық жазықтарда орналасқан. Олардың ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад. Материк территориясында Материк территориясында жер беті сулары өте ала – құла таралған, сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген бөлігіндегі жауын – шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады. Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы. Өзендер мен көлдердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын – шашынның үлесіне тиеді. Экватор бойы аудандарындағы өзендердің су шығыны жыл бойына біркелкі болып келеді, минимумдары анық білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға байланысты екі максимумдық кезеңі болады.Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазығы максимумымен және соған сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік – батыс және оңтүстік – батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы болады.Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм ұланғайыр территориялар жатады. Бұл – солтүстік жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Калахаридің едәуір бөлігі, бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта – текте кездейсоқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.Африканың қазіргі қуаңшылық облыстарына құғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл – мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың болғандығын көрсетеді. Соңғы плювиальды кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың жоғары ендіктеріндегі соңғы мұз басу дәуіріне сай келген.

2) Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мұхиттың сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтарды, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімделген. Материктің батысы мен оңтүстік – батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері мол. Гольфстримның жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропикалық белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік – батынысындағы мұхит сулары қыста қатпайды. Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларын әкеледі. Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздері Доггер – Банка қайраңы.

Еуропаның оңтүстік – батысында мұхит ені 12 км болатын Гибралтар бұғазы арқылы Жерорта арқылы Жерорта теңізіне жалғасады

Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларына ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит – ең суық, ең таяз, ауданы жағынан ең кіші мұхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқылы бөлініп жатыр. Мұхиттағы теңіздердің ең үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз. Мұхиттың орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты жоталарымен бөлінген бірнеше терең қазаңшұңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде мұхиттың ең терең (5527 м) жері орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес климатының қаталдығымен сипатталады. Ол мұхиттың солтүстік полюс маңындағы орнына қалыптасады. Еуразия жер бедерінің солтүстікке қарай жазық болуы арктикаық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін емін – еркін өтуіне мүміндік береді. Оның ықпалын еуропалық бөлікте Атлант мұхитынан келетін жылы ауа массалары азайтады. Қыста мұхит үстіндегі ауаның температурасы шығысқа қарай -40 °- қа дейін төмендейді, жазда 0 ° — қа жақын. Мұз бен қар жамылғысы қысқа поляр күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін шағылыстырып, климаттың қаталдығын арттыра түседі.

3) С. А-ның басым бөлігі Голарктик., оңт. бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик. топаралының солт. мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик. шөл, арктик. тундра басым; топаралдың оңт-н тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірмен орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Бат-нда орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аум-ның 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Ұлы көл ауданы мен Солт. Аппалач өңірінде аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. С. А. мен Еуразия құрлықтарының геол. даму тарихының ортақтығына байланысты жануарлар әлемінде көптеген ұқсастықтар бар. Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орт. Америкада, Вест-Индияда, Мексика таулы қыратында тропиктік жануарлармен бірге оңт. америкалық сауыттылар, маймылдар, жарқанаттар, колибри, тотықұс, тасбақа, қолтырауын, кесірткелер тіршілік етеді. С. А-да 100-ге жуық ұлттық саябақтар мен қорықтар (Канадада 24, АҚШ-та 50, Мексикада 12, қалғаны Вест-Индияда) құрылған. Iрілері: Йеллоустон, Үлкен Каньон, Йосемит, Банф, Джаспер, Секвойя, Эверглейдс.

Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде дала мен шөлейт, Қазақстан мен Орталық Азияда шөлейт пен шөл, Моңғолияда дала мен орманды дала, Манчжурия мен Жапонияның солтүстігінде қайтадан орман белдемдері орын алған.

 

Билет