КОРдильера тау жуйесинин климаттын аудандастыру

Кодильера (испан. сordіlleras – тау тізбегі) – жер шарындағы ең ұзын тау жүйесі. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай, Аляска түбегінен Отты Жер аралына дейін созылып жатыр. Ұзындығы 18000 км-ден астам. Кодильера биіктігі жөнінен Гималай мен Орталық Азия тауларынан ғана аласа. Кодильера таулары Солтүстік Америкада мезозойдыңюра кезеңінде, ол Оңтүстік Америкада бор кезеңінде қалыптаса бастады. Тектоникалық қозғалыстар әлі аяқталған жоқ, бұл қуатты жерсілкінулер мен жанартау атқылауларынан айқын байқалады. Тау жүйесі бойында 80-нен аса әрекетін тоқтатпаған жанартаулар бар. Кодильера күрделі құрылымды тау жүйесі болғандықтан оның түрлі бөліктеріндегі табиғат жағдайлары да түрліше болып келеді. Кодильера таулары, негізінен, барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Сондықтан географиялық ендіктер, биіктік пен тау жоталары беткейлерінің орналасу ерекшелігіне сәйкес климаттық жағдай мен биіктік белдеулер жиынтығы да таудың өн бойында өте күшті өзгеріске ұшырайды. Субарктикалық және қоңыржай белдеулердің батысы мен экваторлық белдеуге сәйкес келетін тау беткейлерінде жауын-шашын ерекше мол жауады. Ал ішкі бөліктегі таулы үстірттерде климат континенттік сипат алады. Субтропиктік және тропиктік белдеудің батысын алып жатқан Кодильераның жағалық жоталарында Калифорния суық ағысы ықпалынан климат өте құрғақ болып келеді, ал таудың шығыс беткейлерінде шөл-шөлейт және дала белдемі қалыптасқан. Кодильера таулары құрлықтың шығысындағы жазық жерлерді Тынық мұхит жағалауынан бөліп жатқан ең үлкен суайрық және климат тосқауылы болып табылады. Ол Атлант мұхитынан келетін мол ылғалды бөгеп қалады, сондай-ақ, Тынық мұхиттың әсер етуін тежейді. Соның нәтижесінде Тынық мұхиттағы Калифорния, Перу сияқты суық теңіз ағыстары ықпалынан тек қана осы батыс жағалық бөлікке тән құрғақ жағалық шөл (Атакама) климаты қалыптасады. Кодильера биіктігі жөнінен Гималай мен Орталық Азия тауларынан ғана аласа. Тау жүйесі 2 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Америка Кодильерасы және Оңтүстік Америка Кодильерасы немесе Анд таулары. Солтүстік Америкадағы ең биік жері Мак-Кинли тауы (6193 м). Анд тауларының ең биік жері Аконкагуа тауы (6960 м). Тау жүйесінің ең енді жері Солтүстік Америкада 1600 км-ге, Оңтүстік Америкада 900 км-ге жетеді

3.Оңтүстік американың физ географиялық аудандастырылуы.

Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктеноңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.

Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.

Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі

 

БИЛЕТ

1.Мұхит ағыстары — мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы; мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі.

Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқып тұрады. Ағыс атмосферамен желдің қысымынан су тығыздыктарының әр түрлі болып келуінен және бір бассейндегі су олқылығын екінші бассейннен лықсыған судың толықтыруынан пайда болады. Материктер ағыстың жылжу бағытын бұруға әсер етеді. Жалпы атмосфера циркуляциясының барлық жүйесінің мезгілдік орын ауыстыруымен бірге мұхит және теңіз ағыс жүйесі де жоғарғы ендікке қарай мезгілдік орын ауыстыруда болады. Кейбір ағыстар ауыспалы болып тұрады (жылдың бір бөлігінде суық, екінші бөлігінде жылы). Ағыс материктердің таяу бөліктерін ысытып немесе суытып олардың климатына үлкен әсер етеді.[1]

Теңіз ағыстары әр түрлі ерекшеліктеріне қарай былайша сараланады: шығу тегіне байланысты — желдің теңіз бетімен үйкелісінен туындайтын (ығу ағысы, желдік ағыс), температура мен тұздылықтың біркелкі үлестірілмеуінен туындайтын (тығыздық ағыстар), деңгей i еңістігінен туындайтын (ағынды ағысы, i градиенттік ағыс, компенсациялық) және т.б. мерзімдік Тұрақтылығына қарай — тұрақты, уақытша, кезеңдік (мысалы, су көтерілуімен болатын), тік бағыттағы орнына қарай су үсті, бет асты, аралық, терең, су түбі ағыстары, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай — жылы, суық, тұздылығы жоғары және төмен ағыстар. Теңіз ағысының бағытына жердің айналу күші үлкен ықпал жасайды (кориолис күші). Кориолис күші теңіз ағыстарын солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда солға бағыттайды.

Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.