Бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

1. Жеке тулғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар қупиясын заңсыз бузу -

2. Адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуга арналған арнайы техникалық қуралдарды пайдалана отырып жасаган не электрондық ақпараттық ресурстарга, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекет -

Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сэйкес азаматтың жеке өміріне қол сүғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы ха-барлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады жэне мұндай хабарлаудың қулиялылығы сақталады (18-баптың 2-тармағы). Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, те-лефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу қүлиясын бұзған адамдар тэртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тек қана бір жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің арнайы баптарында көрсетілген не-гіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-телеграф жөнелтілімдерін немесе өзге хабарларды тугқындау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей үхтау, тыңдау мен жазу эрекеттері жүзеге асырылады. Бү_л эрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен прокурордың құзыретіне жатады. Басқа негіздермен мүлдай эрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де құқылы емес, мүлдай ретте кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 148-бабы бойын-ша жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар қүлиясын реттейтін қоғамдық қатьшастар.

Қылмыстық құіфіқ бұзушылық объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, те-лефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының қүлиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады.

Қүлиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тындау, почта-телеграф мэліметтерімен жәбірленушінің келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып оқып, соның мазмүлын жұртқа жария ету эрекеттері жатады. Қылмыс құқық бұзушылықтың формальдық құрамға жатады жэне ол осы көрсетілген эрекеттердің біреуі орын алғанда аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстык құқьщ бұзушылықтың тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар қүпиясын заңсыз бұзатынын сезеді жэне осыны істеу-ді тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған есі дү_рыс, кез келген адам.

Осы баптың (148-бап) екінші тармағында осы қылмыс кұрамының арнайы ауырлата-тын түрі көрсетілген:

Адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық кұралдарды пайдалана отырып жасаған не электрондық акдараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз үстап қалу жолымен жасалған дэл сол іс-эрекет -

1) Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жоғарыда көрсетілген эрекеттерді істеуі. Бұл ретте қылмыстың субъектісі арнаулы - почта, телеграф, басқадай байланыс мекемелерінің лауазымды адамдары болады. Лауазымдық жағдайы олардың осы қылмысты істеуін анағұрлым жеңілдетеді.

2) Ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдаланып жасалған нақ сол эрекеттер. Мұндай құралдарға жасырын хабарлар алуға, ондағы бағдарламаларды ашуға арналған арнаулы құралдар, аппараттар жатады.

Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармағында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өткізу немесе алу үшін жауаптылықты көздейтін жеке қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген.

Осы қылмыс қүрамын анықтау үшін біріншіден көрсетілген заттарды: 1) өндіру; 2) өткізу; 3) өткізу мақсатында алуды анықтау қажет. Мұндай техникалық құралдарды жасаудың мақсаты — осы құралдар арқылы ақпаратты жасырын алу болып табылады. Бұл эрекеттер заңсыз жүзеге асырылады. ҚК-тің 148-бабының 3-тармағының диспози-циясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуін жасаудың өзі-ақ кінэліні осы құрам бойынша жауапқа тартуға негіз болады. Қылмыс субъектісі —16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.