Бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бүзу

1.Тургынжайга онда тұратын адамның еркінен тыс заңсыз басып кіру -

2. Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалган немесе адамдар тобы жасаган немесе түнгі уаңытта жасалган немесе заңсыз тінтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тургынжайдан заңсыз шыгару -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабына сэйкес тұрғын үйге қол сүғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге жэне тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тэртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай Қылмыстық қү_қық бүзушылықтың кодекстің 149-бабын-да тұрғын үйге қол сүғылмаушылықты бүзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - тұрғын үйге қол сүғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бү_зушылық объективтік жағынан тұрғын үйге онда түратын адамның еркінен тыс басып кіру арқылы көрініс табады.

Тұрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы қажет. Екіншіден басып кіру деп ашық немесе жасырын түрде онда гңэатын адамның еркінен тыс түрғын үйге кіруді ай-тамыз.

Түрғын үйге - адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пэтерлері, бөлмелері, қонақүйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, сондай-ак демалатын, зат қоятын қосымша жайлары жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылык формальдық құрамға жатады жэне ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сэттен аяқталған деп таны-лады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам түрғын үйге заңсыз кірудің қоғамға қауіптілігін сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың ниет сан алуан болуы ықтимал.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың объектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстьщ кодекстің 149-бабының 2-тармағында осы қылмыстық қүқық бұзушылықтың ауырлататын түрі - күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен, немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгі уақытта, немесе заңсыз тінтуге үласып жасалған эрекет, сондай-ақ тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық бел-гіленген.

Күш қолдануға ұрып-соғып, сабап, дене жарақатын салу, жэбірленушіні байлап тастау арқылы үйге заңсыз кіру жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға жоғарыда көрсетілген зорлық эрекеттерді істеймін деп психикалық қысым жасау арқылы жэбірленушінің қарсылығын жоюға бағытталған әрекетгер жатады. Қорқыту нақты жэне шын жүзеге асатындай болуы керек.

Адамдар тобының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1-тармағында берілген.

Түн ішінде түрғын үйге заңсыз кіру тұрғын жайға ешкімнің тимеуін өрескел бүзу болып саналады. Түнгі 22 сағатган таңсэрідегі 6 сағатқа дейінгі уақыт түнгі уақыт деп саналады.

Заңсыз тінту деп заңда көрсетілген негіздерсіз заңсыз тінту жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзғандықты айтамыз.

Біреуді үйінен заңсыз шығарып тастау деп Тү_рғын үй заңына қарсы эрекеттер жа-сап, соттың шешімінсіз немесе прокурордың санкциясынсыз отырған үйінен заңсыз шығаруды айтамыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса ол осы қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 149-бабының 3-тармағы).

Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26, 27, 28-тармақтарында берілген. ҚК-тің 149-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық қүрамға жатады.

Бап. Азаптаулар

1. Тергеушінің, анықтауды жүзеге асыратын адамның немесе өзге де лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаган немесе жасады деп күдік келтірілген арекет үшін оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші тұлганы қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын жане (немесе) психикалық зардап шектіруі –

2. Мынадай:

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арңылы адамдар тобы жасаған;

2) бірнеше рет;

3) денсаулыққа ауырлыгы орташа зиян келтіре отырып;

4) кінәлі адамга жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаган адамға қатысты жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Жәбірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Ескерту.

Лауазымды адамдардың заңды әрекеттері нәтижесінде келтірілген тән зардабы мен психикалық зардап азаптау деп танылмайды.

Біріккен ¥лттар ¥йымының 1984 жылғы арнаулы конвенциясында жауап алуда азаптау тэсілдерін қолдануға тыйым салынған. Қазақстан Республикасы қол қойған Азаптауларға жэне басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жэне ар-намысты қорлайтын іс-эрекеттер мен жазалаулардың түрлеріне қарсы конвенцияның орындалуы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адамды қинап жауап алу амал-дарын қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша: тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісуімен басқа адамның не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшінші адамнан мэліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасады немесе жасады деп күдік келтірілген іс-эрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген се-беп бойынша қорқыту немесе мэжбүр ету мақсатымен эдейі тэн зардабын жэне (немесе) психикалық зардап шектіруі цинау деп танылады.

Қылмыстың объектісі тергеу, анықтама органдарының бірқалыпты, заңды, дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект — жекелеген азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілік қасиеттері. Қылмыс объективтік жағынан алғанда тергеушінің, алдын ала анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе өзге адамнан қинау арқылы жауап, мэліметтер алуы, оларға тэн азабын жэне психикалық зардаптар шектіру арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 146-бабының ескертуінде лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нэтижесінде келтірілген тэн зардабы жэне психикалық зардап қинау деп таныла-ды. Яғни қинаудың өзі екі түрлі іс-эрекеттің: тэн зардабы жэне психикалық зардаптардың жиынтығы болып табылады.

Тэн зардабына эртүрлі жарақаттар келтіру жатады. Оларға жэбірленушіні немесе үшінші адамды ү_рып-соғып, жеңіл, орта дэрежелі жарақаттар келтіру арқылы олардан мэліметтер алу немесе оларды мойындату немесе басқа бір адамдар жөнінде деректер жинау.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28-желтоқсандағы № 7 «Қылмыстық жэне қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау жэне қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез не-месе адамның ар-намысын қорлайтын эрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мэселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағына сэйкес: «егер қинау нэтижесінде жэбірленушіге қасақана жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтірілсе немесе абайсызда кісі өліміне алып келсе, онда мұндай эрекетгер ҚК-тің 146-бабының тиісті бөлігімен толық қамтылып, ҚК-тің 105, 106, 107-баптары бойынша қосымша саралауға жатпайды.

Қинау нэтижесінде өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуді ҚК-нің 146-бабының тиісті бөлігінің жэне 105-бабының жиынтығы бойынша саралау қажет».

Тэн зардабын келтірудің тағы бір тэсілдері: жәбірленушінің денесін күйдіру, электр тоғын пайдаланып жауап алу, дене мүшелерін ауырту, саусағына ине тығу, үзақ уақыт сусыз, тамақ бермей үстау, үйқы бермеу болып табылады.

Психикалық зардап келтіруге жэбірленушілерді өзі туралы, туыстары туралы жалған немесе өмірде одан алған келеңсіз мэліметтер тарату, отбасылық, жеке өмірі туралы қүлияларды таратамыз деп қорқыту, сондай-ақ олардан қажетті жауап, мэліметтер алу үшін оларға қарсы наркотикалық нэрселерді, басқа да дәрі-дэрмектерді олардың денесіне егу, гипноз қолдану, бопсалау эрекеттері жатады.

Қылмыстық қүқық бүзушылык туралы формальдық-материалдық. Дене жарақатын келтірумен үштасқан эрекеттер материалдыққа, ал психикалық зардап келтірумен байла-нысты іс-эрекеттер формальдық құрамға жатады.

Азаптау эрекеттері тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, өзге лауазымды адамның заңды қызмет құзыретіне байланысты жүзеге асырылады. Азаптау тэсілдері заңда былай деп көрсетілген: қиналушы немесе үшінші адамнан тэн немесе психикалық зардабын келтіру арқылы өзіне немесе өзге қарсы мэліметтер алуға мэжбүрлеу, істемеген іс-эрекетті мойындату; немесе істеген іс-эрекетті басқа адам істеді деп жала жаптыру; жэбірленушінің шын мэніндегі істеген қылмысын қинау тэсілі арқылы мойындату жэне т.б.

Азаптау арқылы жауап алынған адам — осы қылмыстың жэбірленушісі боып табыла-ды.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасқаналылықпен жүзеге асырыла-ды. Қылмыстық құқық бүзушылық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі емес, олар эртүрлі болуы мүмкін (қылмысты істі жылдам ашу, ашылмайтын қылмыстың болмайтындығын дэлелдеу, жасалған қылмысты іс-эрекетті басқаға қарсы бү_ру т.с.с).

Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі - арнаулы заңда ол тергеуші, анықтауды жүргізуші адам немесе өзге лауазым адамы, немесе олардың айдап салуымен осы іс-эрекетті жасаған басқа да адам деп көрсетілген. Өзге лауазым адамдарына тергеу, анықтама органдарының бастықтары, оперативтік қызметкерлері жэне т.б. жатады.

Егер ҚК-тің 146-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген іс-эрекеттерді; 1) адамдар то-бымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен; 2) бірнеше рет; 3) денсаулыққа орташа ауырлықтан зиян келтіре отырып; 4) кінэлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі эйелге немесе кэмелетке толмаған адамға қатысты істесе онда бү_л осы құрамның ауырлататын түрі (ҚК-тің 146-бабы 2-бөлігі), ал сол эрекет жэбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өсуіне экеп соқса, іс-эрекет осы қылмыс қүрамының өте ауырлататын түрі болып есептеледі (ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі).

ҚК-тің 146-бабының ескертуіне сэйкес лауазымды адамдардың заңды әрекеттері нэтижесінде келтірілген тэн зардабы мен психикалық зардап азаптау болып танылмайды.