Бап. Сайлау құжаттарын, референдум қужаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу

1.Сайлау қужаттарын немесе референдум қужаттарын бурмалау, бюллетеньдер-ге немесе қол қойылган парақтарга жалган жазбалар енгізу, дауыстарды көрінеу дурыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көрінеу дурыс айқындамау не дауыс беру қупиясын бұзу, егер бул іс-арекеттерді Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасаса -

2.Электрондық сайлау жүйесі жумыс істеуінің белгіленаен тәртібін бұзу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - сайлау құқығы, референдумға қатысу күкьтгы

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - сайлау құжаттары, сайлаушылар тізімі, да-уыс беру куэлігі, сайлау бюллетені жэне басқадай сайлау құжаттары.

Объективтік жағынан қылмыстык кұқық бұзушылық сайлау құжаттарын немесе ре-ферендум кркаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу кате есептеу, не сайлаудың нэтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы эрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың не-месе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Сайлау немесе референдум құжаттарына жалғандық жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куэлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларына жэне басқа да құ-жаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды жалған түрде қою, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы заңдарға сэйкес сайлау қркаттарына дауыс беру куэлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы ту-ралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланғаны туралы куэлік, эрбір кандидатқа арналған іс қағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту эрекеттері саналады.

Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шындыққа сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланба-ды, сайлау немесе референдум өткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жария-лаулар жатады.

Дауыс беру қүлиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы эрекеттер жатады. Қылмыстық құдық бүзушылық қү_рамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетілген эрекеттердің біреуін істеу қылмыстық қү_қық бұзушылықтың аяқталғанын білдіреді.

Егер жоғарыдағы іс-эрекеттер параға сатып алумен, алдаумен, күш колданумен не оны қолдану қатерін төндірумен үласқан; адам өзінің лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, алдын ала сөз байлау арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған эрекеттер, сондай-ақ электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тэртібін бұзу арқылы жасалса, онда қылмыстық қүкық бұзушылық үшін жауаптылық ҚК-тің 147-бабының 2-тармағы бойынша сараланады.

Осы бапта көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналыкден жасалады. Кінәлі адам, қылмыстық кодекстің 151-бабының 1 жэне 2-тармағында көрсетілген заңсыз эрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді жэне соларды жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстық құдық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаггың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.