Шаруашылық субъектілердің ұйымдастыру-құқықтық нысандары, оның қаржы мазмұнына әсері

Экономиканы реформалау, рыноктық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды. Экономиканың негізгі буыны ретіндегі шаруашылық жүргі-зуші субъект меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы кезінде, тауар-ақшалай қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді. Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъ-ектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелері бөлініп, пайдаланылады:таза табыс; пайыздық табыс, дивидендтер; үлестік та-быстар, бюджеттің шығыстарын (бюджеттік кредиттерді) және бюджеттен тыс қорларды өтеу. Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кә-сіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшелікте-рімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақшалай қаражаттар, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүліктік құқықтар (жерді, табиғи ресурс-тарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдала-ну құқықтары) түрінде жүзеге асырады. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға сәйкес шаруашылық серіктестігі–жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметі-нің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңи тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген: 1) толық серіктестік;2) сенім серіктестігі-өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін қатысушыларды және серіктестіктің кәсіп-керлік қызметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді; 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 5) акционерлік қоғам; Толық серіктестіктің табысы мен залалдары қатысушылар арасында, серіктестіктің жарғылық қорына салған олардың салымдарының мөлшеріне үйлесімді түрде бөлінеді; жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен сенім серіктестігінде де осылай бөлінеді.

Экономикалық жүйедегі салықтардың атқаратын функциялары. Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

· 1. реттеушілік;

· 2. фискалдық;

· 3. қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

1. -егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

2. -егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

3. -егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлуқызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.