Негізгі сөздер. Нарықтық экономикада бағалық механизм объективті заңдарға, біріншіден құл заңына

· агроөнеркәсіп кешені

· аграрлық реформалар

Нарықтық экономикада бағалық механизм объективті заңдарға, біріншіден құл заңына, құлдық баламалық принципіне сәйкес қызмет етеді. Оның негізінде сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастардың өзгерісінен және қайта шығаруда туындайтын қарама-қарсы факторлар мен процестер шартынан болатын, соның нәтижесінде құннан ауытқитын еркін нарықтық бағалар жатады. Баға нарық механизмінің экономикалық рычагі ретінде саны өте көп қызметтер атқарады, олардың ішіндегі бастылары болып, есептік, ынталндырушы және бөлуші қызметтері табылады. Булардың әрқайсысы кез-келген саланың экономикасында анықтаушы рөлді атқарады. Бірақ, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніндегі баға жасалу жұйесі бұзылған, вертикаль бойынша бағалардың диспаритеті және горизонталь бойынша экономиканың ақталмаған дифференциациясы - Республиканың агроөнеркәсіп кешенінде осындай жағдай орнаған. Бұдан шығатыны агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) баға жасалуды жетілдіретін шараларды дайындау керек.

Қазақстанда нарықтық аграрлық реформалардың басталуымен назар еркін баға жасалу басымдығына берілді де, Үкімет іс жүзінде сатып алу бағасын реттеуден және қолданудан бас тартты. Мұлдай саясат толығымен бағалар еркіндігіне бағытталған еді, алайда жекелеген тауарларға АӨК жалпы жұйесінде белгілі бір уақыт шекті бағалар сақталды.

Сатып алу бағалары еркіндігінің бірінші нәтижесі - ауыл шаруашылығы өнімдерінің рентабельділігіне (табыстылығына) айтарлықтай әсер етті. Екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілері өнеркәсіптік құралдарға айтарлықтай көп төлеуге міндетті болды, 1991-1995 ж.ж. оларға баға, сатып алу бағаларына қарағанда 5 есе тезірек көтеріліп отырды. Соңғы 10 жылдықта агро секторда ауыл шаруашылығы өнімдеріне және материалды-техникалық ресурстарға баға еркін режимде жасалуда. Бірақ өнеркәсіптік өнімдерге баға монопольді принцип бойынша, ал сатып алу бағалары халықтың төмен төлем қабілеттілігімен және ауыл шаруашылығының негізгі өнімдері сыртқы нарықта бағалардың күрт төмендеуімен анықталады.

Заңды тұлға мәртебесіне ие (мемлекеттік серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік-қаржылық қызметін талдау, олардың шаруа (фермерлік) қожалықтарға қарағанда өндірісті тиімдірек (эффективті) жұргізетінін көрсетті.

Жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көпшілігі 2003 ж. 13,8 млрд. теңге пайда тапқандығын айта кеткен жөн. Табысты шаруашылықтың саны 2103 бірлік, шығындылар - 833 немесе барлық шаруашылықтың 28,4% құрады. Өнімді өткізуден ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 27,3 млрд. теңге алды, рентабельділік деңгейі (табыстылық) 18,1%, оның ішінде өсімдік өсіру - 46,4%, мәдени өсімдіктер - 49,4%, күнбағыс - 43,8%, қант қызылшасы -11,4%.

Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесі де, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның әртүтрлілігінің басымдығын растайды. Оларда бюджеттік ұстеме ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тауар өнімінің бірлігіне есептеледі және сатып алу бағасы 30-35% құрайды да, оның құрамына кірмейді. Мемлекет ауыл шаруашылығы бағалар жұйесін құратын кезде келесі мәселелерді шешуі керек:

• материалды -техникалық және ауыл шаруашылық өнімдері
нарығындағы еркін баға жасалуға сүйеніп, осы нарықтағы бағалардың
нақты қатынасын анықтауы тиіс;

• кәсіпкерлік субъектілері үшін тең құқықтар мен жағдайлар жасауы керек
(демонополизация және экономикалық, бәсекелестікті қорғау,
кәсіпкерліктің дамуына, тауарлар мен ресурстардың еркін қозғалысына
әсер ету, нарықтардың ашықтығы)

Мақсаттық баға деңгейі ауыл шаруашылығы өнімдері үшін шығындарды жабуды (тауар өндірушінің капиталынан алынатын табыстың орташа нормасын және есептік жер рентасын қосқанда) және белгілі бір табыс табу мен жер рентасын алуды ескере отырып, технологиялық процестерді сақтау керек. Сонымен қатар Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі баға жасалуды жетілдіру үшін келесідей шаралар кешенін қабылдау керек:

• азық-түтлік нарығында бәсекеге қолайлы жағдайлар жасау, бұл АӨК-гі
бағаларға монополистік әсерді әлсірету үшін керек, сатып алу нақты
аймақта, яғни өнімді тиімді өткізуді қамтамасыз ететін нарықтық
бағалармен жұргізілуі керек;

• шығарылған өнім бірлігіне есептелген тура бюджеттік ұстемелер
жұйесіне көшу керек;

• отандық тауарларға баға импорттық тауарларға қарағанда 10-20% арзан
болуды қамтамасыз ететін салықтар мен кедендік тарифтер деңгейін
жасау үшін ауыл шаруашылығы және өңдеуші азық-түтлік өнекәсібінің
импортын реттеу үшін экономикалық саясатты жұргізу.