Тақырып. Салалардағы бағалық құрылым

Дәрістің мақсаты: Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылғылар құрылысының сметалық құны - бұл жобалық материалдарға сәйкес құрылысты іске асыру үшін қажетті сметалық құжаттар мен анықталатын ақша қаражаттарының соммасы

Жоспар:

1. Құрылыс саласындағы бағалық құрылым

2. Көліктегі бағалық құрылым

Негізгі сөздер:

· Сметалық құн

· Реконструкция

· келісім-шарт

Құрылыс дегеніміз - өндірістік құралдардың монтажы бойынша жұмыстар, қосалқы, транспорттық және т.б. құрылыс жұмыстарын енгізетін ғимараттар мен құрылғыларды салу жіне тұрғызу.

Жаңа құрылыс - жаңа алаңдардағы кәсіпорындардағы, ғимараттар мен мекемелерді тұрғызу. Олар эксплуатацияға енгізілгеннен кейін, өзін-өзі қамтамасыз ету балансында болады.

Реконструкция (қайта тұрғызу, жаңғырту) - объектілердің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерімен байланысты құрылыс жұмыстарының кешені.

Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылғылар құрылысының сметалық құны - бұл жобалық материалдарға сәйкес құрылысты іске асыру үшін қажетті сметалық құжаттар мен анықталатын ақша қаражаттарының соммасы.

Сметалық құн капиталдық салымдар, құрылыстық өнімнің келісім-шарт бағасының қалыптасуының, атқарылған мердігерлік жұмыстардың (құрылыстық-монтаждық, жөндеу құрылыстары) есеп жүргізуін, сатып алынған және құрылыс орнына жеткізілген құрал-жабдықтар үшін, сонімен қатар, жиынтық сметалық есеп жүргізілуімен қарастырылған басқа да қаражаттар есебіне басқа шығындарды өтеу.

Капитал салымдарының технологиялық құрылымына сәйкес және құрылыстық-монтаждық ұйымдастыруды жүзеге асыру әрекеттеріне байланысты құрылыстың сметалық құны келесідей топталады:

- құрылыс жұмыстарының құны;

- өндірістік жабдықтардың құны бойынша жұмыстарының құны (монтаждық жұмыстар);

- өндіріс жабдықтарының құны, яғни жиһаз бен құрал-сайман;

- басқа да шығындар.

Бұл жағдайда құрылыстың сметалық құнының формуласы төмендегідей анықталады:

 

Ссмет=Сқ.ж.+См.ж.+Сж.қ.+Сб.ж.,
мұндағы, Сқ.ж. - құрылыс жұмыстарының сметалық құны; См.ж. - монтаждық жұмыстың сметалық құны; Сж.қ. - жабдықтар мен құрал-саймандардың сметасы; Сб.ж. - басқа да сметалық шығындар.

Құрылыстың сметалық құнын анықтағанда құрылыстық жұмыстарға төмендегілерді жатқызады.

- ғимараттар мен мекемелерді тұрғызу жұмыстары: жер жұмыстары;

- құрылыстық конструкцияларды орналастыру;

- қайта жасау құмыстары;

- тұрғын үйлердегі электр шамын орналастыру (құру) жұмыстары;

- ішкі санитарлық-техникалық құру жұмыстары (водопровод, анализация, жылу, газбен қамтамасыз ету, вентилизация және ауаны кандинцациялау) және де басқа да ішкі труба желістеріне;

- сыртқы инженерлік желілер мен құрастыру бойынша жұмыстар;

- құрылыстың соңғы кезеңіндегі территорияны көгалдандыру жұмыстары;

- құрылысты жасау алдында территорияны дайындау жұмыстары, ормандар мен бұталарды кесу, территорияны жоспарлау, грунтты шаю, құрылымдарды бұзу және алып тастау және т.б.;

- өндірістік жабдықтарға арналған фундаменттерді құру жұмыстары;

- объектілерді реконструкциялағанда толық жөндеу жұмыстары

орындалғандағы құрылыстық конструкцияларды бөлшщектеу жұмыстары.

Монтаждық жұмыстарға енетіндер;

- өндірістік жабдықтардың барлық түрін жинау және құру, сонымен қатар компрессорлық машиналарды, насостарды, вентиляторларды, электроникалық қондырғыларды, электр пештер, құрылғылар, есептеу техникалары мен автоматтандыру заттары;

- ток желілерін тарту;

- құбырлар жүйесін тарту (жүргізу);

- технологиялық және басқа да өндірістік жабдықтарға қажетті бұйымдарды әзірлеу;

- ғимараттар мен құрылымдарды жетілдіру және күрделі жөндеуден өткізгенде жабдықтарды демонтаждау.

Жихаздар мен құрал-саймандар құнына құралдардың барлық түрлерін конструкциялау және қоймаға жеткізу, сонымен қатар, өндірістік үдеріспен байланысты технологиялық байланысты көліктік құралдар шығындары; жатақхананы жабдықтау үшін, коммуналдық шаруашылық объектісі, сауда, денсаулық сақтау, мәдениет саласы үшін қажетті жиғаздар, құралдар мен саймандар.

Басқа шығындарға барлық шығындар жатады, тек қана құрылыс және монтаждау жұмыстарына, жабдықтарға, жиһаздар мен қосалқы бұйымдарға кеткен шығындар кірмейді.

Басқа шығындарды жабдағы құралдар әдетте сметалық есеп айыру жасалғанда анықталады.

Құрылыстық монтаждық жұмыстар, жиһаз және құралдар құнының құрамына жасалған анализдері бойынша мынандай тұжырым жасауға болады: жылжымайтын мүлік дүниелерге бағалағанда құрылыстың сметалық құны өзіне тек қана құрылыс жұмыстарының құнын енгізу керек. Монтаждық жұмыстар, жабдықтар мен құрал-саймандар құны, бағаланатын объектілердің құрылыс бөлігіне байланысты емес, өйткені олар негізгі қордың жылдам бөлігін қалыптастырады (активті-жылдам). Сондықтан берілген курста ол қарастырылмайды.

Құрылыс жұмыстарының сметалық құны өзіне тура шығындарды (Ст.ш.), өзгермелі шығындарды (Сө.ш.) және сметалық пайданы (Сс.п.) енгізеді:

 

Сқ.ж.=Ст.ш.+Сө.ш.+Сс.п..

 

Тура шығындар құрылыс жұмыстарының нақты түрлерін өндірумен байланысты. Олардың шамасы бойынша және сәйкес сметалық бағаламаларды қолданумен байланысты сметалық шығындар мөлшерімен анықталады.

Тура шығындар өз құрамына қосады:

- жұмысшы - құрылысшылардың негізгі еңбекақы

шығындарын (Шн.);

- құрылыс машиналары мен механизмдерді пайдалану

шығындары жұмысшы машинистердің еңбек ақысын қосқанда

(Сэ.м.м.);

- құрылыс материалдыр мен бұйымдарға, конструкцияларға кеткен шығындар (См.).

 

Со.ш.=Шн.+Сэ.м.м.=Шн.+(Ем.+Сп.)+См.,

 

мұндағы, Ем. - құрылыс машиналарымен жұмыс істейтін жұмысшы машинистердің еңбекақысы; Сп. - машиналарды пайдалану шығындары.(машинистердің еңбекақысын санамағанда).

Реконструкция мен жалпы жөндеу өндірісінде:

 

Сп.з.=Шн.*1,15+Сэ.м.м.*1,25+См.

 

Өзгермелі (жөнелтпе) шығындар - құрылысты басқаруда, құрылыс өндірісін қалыптастыруда және жұмысшыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындар.

Сметалық пайда - негізінен мердігерлердің әлеуметтік аясының және өндірістік базаның дамуына әкелетін мердігерлік құрылыс ұйымдарының пайдасы.

Локальдік (жергілікті) сметалар - біріншілік сметалық құжаттамалар болып табылады және осы жұмыс құжаттамаларын әзірлеу кезіндеанықталатын жұмыстар көлемі негізіндегі жалпы жұмысқа не ғимарттар мен қондырғылар бойынша шығындар және жекелеген жұмыс түрлеріне қатысты шығындар ескеріледі.

Локальдік сметалық есеп айырусылар жұмыс көлемі толығымен анықталмаған жағдайда және жұмыс құжаттамалары негізінде нақтылау тиістілігін қажетсінетін немесе жұмыс көлемі мен олардың орындалу әдістері құрылыс үдерісінде нақтыланатын және де жобалау кезінде анықталуы мүмкін.

Базисті индестік әдіс - жұмыс көлемі және бірлікті бағалама негізінде базистік деңгей бойынша анықталатын құнға ағымдық индексті қолдануға негізделген.

Базистік өтемақы әдісі - базистік сметалық баға деңгейі негізінде жіне құрылыста қолданылатын ресурстар тарифтері мен баға өзгерістерін өтейтін қосымша шығындар негізінде анықталатын жұмыстар мен шығындар құнының соммасын қарастырады.

Ресурстық әдіс - жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың ағымдық бағасы мен тарифтерінің калькуляциясын қарастырады.

Ресурсты-индекстік әдіс - ресурстардың бзаистік деңгейдегі бағасы мен тарифтерінің калькуляциясын қарастырады.

Ағымдық бірлік бағаламаға негізделген әдіс - аймақтық ағымдағы өлшемдік бағалама мен жұмыс көлемі қолдануы қарастырады.

Ертеректе салынған (алдын-ала салынған) немесе жоспарланған ұқсас объект құнының мәліметтері негізінде әдіс объектіні жоспарлағанда құндық мәліметтер, алдын-ала салынған немесе жоспарланған ұқсас ғимараттар мен мекемелерді қолданады.

 

 

Қызмте көрсету аясы келесідей сипатта топтасады:

1. әлеуметтік-мәдениет қызмет көрсету секторы (білім, мәдениет, денсаулық сақтау);

2. материалдық-тұрмыс қызмет көрсету кешені (тұрғын-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет, рекрециялық (тынықтыру) қызметтер жүйесі;

3 іскерлік, ақпараттық және инженерлі-техникалық қызмет көрсету секторы.

Қызмет бағаларын реттеу тұрғысынан оларды 3 категорияға бөлуге болады:

1 бағалары мемлекетпен реттелетін қызметтер;

2. бағалары нарық қатысушылары арқылы өзіндік реттелуге жатқызылатын қызметтер;

3.бағалары таза нарықтық механизм арқылы қалыптасатын қызметтер.

Екінші топқа, тарифтері сан түрлі ,бірлестіктер мен немесе нарық қатысушыларымен келісімшілдігінің нәтижесінде реттелінетін қызметтер енеді (әае тасымалдауы, нотариустық, адвокаттық қызметтер).

Үшінші топқа тарифтері сервистік қызметтерді жүзеге асырумен шартталынатын толықтай нарық механизмімен қалыптасатын қызметтер (тұрмыстық қызметтер, банктік қызметтер, коммерциялық білім беру мен медициналық қызметттер).

Қызметтер бағасы осы қызметтерді белгілі бір уақыт мерзіміне оның көлемін шектемей колдануға құқық беретін абонемент қағидасы бойынша тұрғызылуы мүмкін.

Монополия шартында бағалары мемлекетпен реттелінетін тұрғын коммуналдық шаруашылықтар қызмет етеді. Нақты бәсекелестік нарық жағдайында көптеген тұтынушылар қызметтерге бекітілетін баға деңгейі турасында ақпаратты толықтай меңгере алмайды. Нәтижесінде өндірушілерде "жеңілдік баға", "төмен баға" стартегиясын қолдана отырып белсенді түрде баға саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болады.

Кейбір монополиялық билік болып, тұтынушылар алмастырылушы-қызметтер туралы ақпарлар білмеуі жағдайында "жоғарғы баға" және "толықтырушы бағалар", немесе "екібөлікті баға" стратегияларын қолдану мүмкіншілігі пайда болады. Бұл стратегия бір қызметті тұтынудың бір бөлігі оның екінші бөлігіне үстеме төлемді төлегенде ғана жүзеге асады. Мысалы, аттракцион паркіне тұтынушы кіру үшін төлем жасау керек, ал одан соң жеке, аттракционды пайдалану үшін төлем жүргізу керек. Практің қожайыны кіру үшін де, аттракциондарды қолданғаны үшін де қандай баға, яғни жоғары не төмен баға қою керек екнін өзі шешеді, немесе керісінше болуы мүмкін.

Қызмет аясында қызметтерді басқа біреуге қайта сату жүргізілмейтіндіктен баға қалыптасу үдерісінде бағалық дискриминация жүзеге асырылуы мүмкін. Ол, қызметтерді төмен немесе жоғары бағамен сатып алатын нарық сегменттеріне немесе тұтынушы топтарына бөліну түрінде көрінуі мүмкін (коммуналдық қызметтер, транспорт, адвокат қызметі және т.б.).

Қызметтерге бағақалыптасу тауарларға қолданылатын бағақалыптастыру әдістері арқылы жүргізіледі. Көбінесе бағақалыптасу шығындар және ағымдық бағалар әдісі арқылы қалыптасады. Сол арқылы қызметтер аясындағы көптеген кәсіпорындарға баға туралы ақпаратты жылдам және тез жинауға мүмкіндік береді.