Р түтрлі әлемдік тауарлық нарықтардағы баға құрылу Негізгі сөздер

· Экспорттаушының ұтысы

· Әлемдік нарықтың бағалары

Әлемдік нарықтың бағалары - ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін бағалар. Бұл операциялар үнемі болып тұтрады және

мұндағы төлемдер еркін айналатын валютамен жұргізіледі. Әлемдік тәжірибе әлемдік нарықтың бағасы ретінде сәйкес өнімнің өндірушілері мен экспорттаушылары болып табылатын ірі компаниялардың экспорттық бағалары болатындығын көрсетеді. Қарастырылып отырған бағаларға әдетте негізгі тауар өндірушілер болып табылатын жекелеген елдердің нарықтарындағы бағалар жатады.

Б¥¥-ң статистикалық бюросы әлемдік нарықтағы шикізат тауарлармен қатар өнеркәсіптік бұйымдарға бағалардың динамикасын сипаттайтын көрсеткіштерді үнемі жариялап отырады. Соның ішінде, болат пен қалыптар нарығында бағаларды анықтау, мысалы, Германия, Франция, Белгия сияқты ЕО-қа мүше елдерге тиесілі. Көптеген жағдайларда әлемдік бағалар биржалық котировкалармен анықталады, мысалы, мыс пен қалайы бағалары. Басқа жағдайларда бағаны анықтауда шешуші ролді негізгі өндірушілер мен экспорттаушылардың бағасы мен биржалық котеровкалардың бағаларының үйлесуі атқарады, бұл шай, кофе, какао, бұршақ және т.б тауарлардың бағасына қатысты.

2.Әртүтрлі әлемдік тауарлық нарықтардағы бағақұрылу.

Нарықтық экономикада әртүтрлі елдердің сыртқы экономикалық субъектілермен саудалық қатынасындағы бағақұрылу процессі бәсекелік ортада,сұраныс пен ұсыныстың арасындағы динамикалық тепе теңдік нәтижесінде және экспорттаушы мен импорттаушының нарықтағы іс әрекеттерінің салыстырмалы еркіндігі нәтижесінде қалыптасады. Алайда, аталған постулаттар нарық түріне байланысты түтзетулерді талап етеді.Нарықтардың жіктелуінің басты критерийі құрамына әлемдік нарық енетін, еркіндіктің сипаты және дәрежесі болып табылады.

Бұл критерий бойынша экономисттер нарықтың 4 түрін атап көрсетеді: жетілген бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке, бірнеше жеткізушілердің бәсекесі - олигополия. Бәрінен бұрын бұл нарықтар баға құрылу механизміне күшті әсер ететін субъектілер санымен ерекшеленеді.

Жетілген бәсеке нарығы сыртқы сауда субъектілерінің өте үлкен
санымен және салыстырмалы түтрде шығарылатын өнімнің біркелкілігімен
сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың әсерінен бағалардың бір біріне
жақындау тенденциясы байқалады, яғни белгілі бір уақыт аралығында белгілі
бір аймақта бағалар бірдей болады.Тәжірибелік бақылауларға сүйенсек,
нарықтың аталған моделінде экспорттаушының пайданы максималдауға
ұмтылуы тауарға бағаның түтсуіне алып келеді. Нарықтағы өз позициясын
сақтау үшін экспорттаушы елеусіз 3-5% болатын жеңілдіктер жасайды.
Экспорттаушының ұтысы таурды өткізу көлемінің артуынан
болады.Жетілген бәсеке нарығында өнімді жеткізушілер тұттынушылардың
сұранысын қанағаттандыруды максималдауды көздейтіні

байқалған.Бәсекелес жеткізуші фирмалар эффективті технологиялар бойынша өндірілген тауарларға, өндірушілер өзінің өндірістік шығындарын есепке ала отырып, тауарды айтарлықтай төмен баға мен сатуға бағдарланады. Іс жүзінде аталған нарық түріне, мысалы, кең қолданысқа ие киім, аяқ киім, темекі, ауылшаруашылық өнімі, азық түтлік және т.б тауарлардың халықаралық саудасын жатқызуға болады.Таза монополия нарығы дара тауарды жеткізушінің болуымен сипатталады.

Бағақұрылу монополисттің билігімен жүзеге асырылады, ол барлық ұсынысты қадағалайды, сұранысқа байланысты бағаны өзгертеді және шығарылатын өнімнің көлемін басқару арқылы бағаны өзгерте алады, шет елдер нарықтарына өз өнімін жеткізу туралы алдын ала келісім беруге эксклюзивті құқыққа ие бола отырып, заңдық тұтрғыдан бәсекелестің енуіне қиындықтар туғызады. Монополист осы нарықтың табиғатына сәйкес, өзіне өндірістік шығындарды енгізетін барлық шығындарды жауып және қалаған табысын алуға мүмкіндік беретін деңгейде, тауарларға бағаны барынша жоғары қоюға ұмтылады.

Бірақ монополист ұстануы тиіс бірқатар шарттар бар. Өзінің жарықтағы жалғыз болғандығына қарамастан, ол ең жоғары бағаны белгілемейді, себебі нәтижесінде жалпы пайда азаюы мүмкін. Монополисттің басқаруымен жалпы табыс неғұрлым жоғары болатындай өндіріс көлемі мен бағаларының оптималды шамасы алынады, әйтсе де ол жеке өнімдерді сатудың максималынан төмен болады. Бұл шындық, өйткені әлемдік нарықтың барлық қатысушыларының тауарларды ең жоғары бағамен сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Бағалы дискриминация деген ұғым бар, ол халықаралық нарыққа өз тауарын шығарушы монополист, шығарылатын тауар бағасын импорттаушы елге, дәлірек айтсақ оның қаржылық жағдайына байланысты өзгертіп отырады. Бұл кезде берілген өнімнің сол елге қайта экспортталу мүмкіндігі есепке табылады.

Дискриминациялық бағалар, қайта экспорттау болмайтын, оқшау нарықтарда орнатылады. Әлемдік тәжірибеде қазіргі кезде таза монополистер салыстырмалы түтрде көп емес. 70-80 ж.ж. коммерциялық ұшулардың барлығын қадағалап отырған АҚШ-ғы НАСА компаниясы әлемдік ғарыш нарығында таза монополист болды (КСРО белгісіз себептермен бұл нарықта болмады). Алмаз нарығында ДеБирс компаниясы таза монополист болып табылады.

Монополиялық бәсекеге нарықтың аралас түрі. Бұл нарықта ірі монополистермен қатар одан сәл әлсізірек нарықта көрнекті орын алатын фирмалар болады. Бағақұрылудың сипаты бәсекелік және дифференциалданған фирмалық өнім шегіндегі монополизм мәртебесі бар жекетауарлар нарығындағы бір елдің ірі фирмаларының билігі басқа елдердің ірі монополиялық фирмаларының және өзінің жоғары пайда үлесін алуға ұлылатын «жеңілсалмақты» бәсекелестердің қысымымен әлсірейді. Монополия жағынан бағаны жаңғырту әрекеті, бәсекелестер тарапынан тиімді ұсыныстар, яғни жақсырақ бағалар ұсынатын фирмалардың табылуына әкеледі. Бағаға айтарлықтай әсерін тигізетін әртүтрлі саладағы монополизмнің бәсекелесі, олар бір мақсатқа қолданылатын, әртүтрлі тауарлық сипаттамаларға ие және әртүтрлі физикалық қасиеттерге ие тауарларды ұсынады. Мысалы, автомобиль жасаушы концерндерге метал мен пластмасса өндіруші-жеткізушілердің арасындағы бәсекелесіне келтіруге болады. Бағаның құрылуы кезінде сапасы бойынша дәстүтрлі тауарларды алмастыратын тауар бәсекесі де ескеріледі. Мысалы, Австралия мен Англияның әлемдік нарыққа дәстүтрлі жұнді жеткізуші компаниялары, химиялық талшықтарды өндіруші-жеткізуші компаниялар тарапынан күшті бәсекеге тап болады. Бәсекелік нарықтағы бірнеше жеткізуші болатын олигополистік бәсеке - толығымен немесе соған жақын мөлшерде әлемдік нарыққа тауарды жеткізуді қамтамасыз ететін, нарықтапғы айтарлықтай сегменттерге ие, бірнеше ірі өндіруші-жеткізуші фирмалардың болуымен сипатталады.

Фирмалар және импорттаушы - елдер арасында, әдетте, әріптестік туралы келісімдер болады, фирмалар стратегиялық қажетті шикізатты сатып алуға эксклюзивті құқықты және жарнамалық шараларға қомақты қаражат жұмсайды. Жеткізілетін өнімге бағақұрылу тәжірибесі, бағаны белгілеу, өндіріс, сатып алу, инвестиция және т.б. көлемін анықтау сияқты экспорттаушымен қабылданатын ірі шешімдер, бәсекелестің мүмкін әрекетін салмақтауды талап етеді. Маңызды рөлді көпшілікке жарияланбайтын компаниялар арасындағы ресми емес келісімдер алады. Арнайы сөйлесулердің нәтижесінде тұтрақты бағалар, өткізілетін нарықты бөлу, өндіріс көлемі туралы келісімдер жасалады.

Әлемдік нарықта салыстырмалы түтрде бағдарлану қажеттілігі компанияларға көбірек болжамдылықпен қызмет етуге мүмкіндік беретін арнайы механизмдердің құрылымына алып келеді. Мұндай механизмнің қарапайым фомасы, өндіріс көлемін және баға саясатына қатысты ресми жазбаша келісімдер негізіндегі картель болып табылады. Компаниялар келісілген баға деңгейін ұстап түру үшін тауарды өткізу нарығын бөліседі. Жақын уақытқа дейін әлемдік мұнай нарығын реттейтін ОПЕК атты танымал картель болды. Ұзақ уақыт бойы картельге мұнай нарығын табысты бағдарлау мүмкін болды. Мұндай механизмдер жұмысына қатысушы фирмаларға, таза монополияларда сияқты пайланы максималдандыру тенденциясы тән. Олигополиялық нарық субъектісінің бағалар деңгейіне әсері, ең бастысы нарықтың монополиялану дәрежесіне, тауар өндірісіне және өткізілуіне, шикізат көздеріне және басқа маңызды факторларға қадағалаудың қаншалықты күшті екендігіне байланысты болады.

Монополиялану дәрежесі жоғары болған сайын монополиялық бағалар деңгейі жоғары және олардың тербелісі мардымсыз болатындығы байқалған. Машиналар және құрал-жабдықтар нарығындағы бағақұрылу процесі, мысалы, шикізаттарға және жартылай фабрикаттарға бағақұрылудан өзгеше, ал әлемдік нарыққа жеткізілетін нақты бұйымдарға бағақұрылуды талдау конструкциялық сипаттарының ерекшеліктеріне және құрал-жабдықтардың әртүтрлілігіне байланысты шындық туғызады. Сонда да әлемдік нарыққа ұқсас өнімдер шығаратын жеткізушілердің бәсекелестердің бағасы жайлы хабары болады. Әдеттегідей, бағалар деңгейі нақты өндірістік шығындармен оған қосылған өткізу нарығын, әріптесті, аймақты және т.б. ескеретін белгілі бір пайыздарды көрсетеді. Ішкі бағаларды мемлекеттік реттеу, экспортқа субсидия бөлу, импортты қолдау, кедендік - тарифтік саясатты жұргізу және т.б. ақырында сыртқы бағаларға айтарлықтай әсер етеді, бұл бағалар жоғары болған сайын, елдің әлемдік нарықтағы компанияның саны артады.

Мемлекет ішкі нарық бағаларын негізінен 2 құрал көмегімен реттейді: өндірушілердің сату бағасының деңгейіне кепілдік береді және өндірістік шығындарды жабу үшін субсдиялар ұсынады. Тарихтан АҚШ-ғы ауыл шаруашылығын және ЕО-ң ауыл шаруашылық саясатын мемлекеттік қолдау сияқты мысалдарды келтіруге болады.

АКШ-та бағалар кепілді баға деңгейінен түтсіп кетсе мемлекет федералды бюджеттен субсидия бөледі. Кепілді бағаларды қамтамасыз ететін үкіметтік арнайы ұйым ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден кепілге өнім алады, нарықтағы бағалар кепілдік бағадан асып кетсе, өндіруші өнімін сатып алып, нарықта оны сатады. Егер бағалар кепілдік бағадан төмен болса, тауар кепілдік беруші үкіметтік ұйымның меншігінде қалады. Осылайша АҚШ агроөнімдерінің ірі экспорттаушысы өзінің өндірушілерін қолдай отырып, өзінің өндірушілері де ұмтылмайтын, әлемдік бағалар да қадағаланатын баға айырмашылығын ұстайды. ЕО әрбір аймаққа, әрбір өнім бойынша жасалған бағақұрылу механизмі тиімді болып келеді. Бағаның бірнеше категориялары орнатылады: индикативтік бағалар ЕО-пен қабылданған еркін бағалар, импорттың немесе экспорттың минималды бағалары өндірушіге ресми ұйымдардың интервенциясымен кепілдендірілген минималды сату бағалары. Бастапқы баға нарықты импорттан қорғайды, интервенция бағасы өндірушілерге минималды табысқа кепілдік береді. Сондықтан ЕО шегіде протекционизм өндірушілерді кенеттен болатын әлемдік нарық толқуларынан қорғайды. ЕО-ң сапалы агросаясаты 10-15 жыл ішінде оған мүше елдерді ауылшаруашылығы өнімін импорттаушыдан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, әлемдегі екінші экспорттаушыға айналады. Машина құрылысы жіне шикізат салаларының багаларын мемлекеттік реттеу көбінесе жанама түтрде жүзеге асырылады. Мысалы, мемлекет НИОКР-ды қаржыландырудың бір бөлігін өзіне алады, экспортты жасырын қаржыландырады, протекционистік кеден саясатын жұргізеді. Экспорттық субсидияларды компанияларға ұсына отырып, мемлекет әлемдік діңгейде оларға бағаны ұстауға және нарықпен шықпауға мүмкіндік береді. Импорттық салықтар деңгейін азайта отырып, мысалы, шикізатқа, мемлекет осы шикізатты пайдаланып жасалатын тауарларға сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді көздейді. Әлемдік нарық бағасына әсер етудің бір түрі демпинг. Демпингтің мақсаты белгілі бір тауармен немесе тауарлар тобымен, тауарларды әлемдік нарықта ішкі бағалардан төмен бағамен сатып, жаулап алу.

Шығындар әлемдік нарықтағы бағалардың көтерілуімен және экономика импорттаушы елдердің нәтижесінде ақталады.