Негізгі сөздер. · Табиғи монополия сферасы

· Табиғи монополия сферасы

· магистральды теміржол желілері

1. Теміржол көлігі сферасындағы бағақұрылу.

Теміржолдың жұк тасымалдау тарифтерінің ерекшеліктері: ол тек өзін-өзі қаржыландыратын, жеке сала ретінде, теміржол көлігінің тұтрақтылық деңгейін анықтап қана қоймай, басқа базалық салалармен қатар, материалдық өндіріс саласының кәсіпорындарының экономикалық жағдайына да әсер етеді.

2004 ж. 6 ақпанындағы №145 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген және 2004 ж. шілдесінде Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңына өзгертулер енгізу негізінде 2004-2006 ж. қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Теміржол көлігін қайта құрылымдау туралы» бағдарламаға сәйкес, табиғи монополия қызметін және акционерлік қоғамның басқа қызметтерін «Қазақстан теміржолы ¥Қ» (ары қарай «Қазақстан теміржолы ¥Қ» АҚ) ұйымдастырушылық және қаржылық бөлу процесі басталды.

Табиғи монополия сферасына теміржол көлігінде магистральды теміржол желілері (МТЖ) қызметтері және айналма жолдары қызметтері жатқызылды. Қалған қызмет түтрлері, жолаушылар мен жұк тасымалдауда қоса алғанда, бәсекелік сфераға шығарылды.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы теміржол саласын реформалау концепциясының мәні реттелетін секторды либералдауға және экономикалық негізделген және эффективті бағақұру арқылы монополды секторды коммерциализациялауға, бұл саланың ішінде мүмкіндігінше бәсекелестікті даытуға бағытталған.

2004 ж. 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасында ел территориясындағы станциялар арасындағы жұк тасымалдау тарифі 1989 ж. №10 басылымдағы «Теміржолмен жұк тасыалдау тарифтері» прейскуранттық мөлшерлемемен, өкілді органмен қабылданып, индексацияның жоғарылау коэффициентін және рубльді теңгеге ауыстырып есептелініп отырды.

Мемлекетаралық жұк тасымалдау тарифтері «Экспорттық-импорттық теміржолдағы жұк тасымалына тарифтер» прейскурант мөлшерлемесімен, инвейцариялық франкпен есептелді, олар Қазақстан Республикасында 1999 ж. 1 шілдеден бастап енгізілген ¥лттық Банктің сол күнгі бағамы бойынша, өкілетті органның шешімі бойынша жоғарылайтын коэффиценттерді есепке ала отырып, теңгеге ауыстырылып есептелді.

2004 ж. 20 шілдесінде теміржол көлігімен жұк тасымалдауда қолданылатын магистральды теміржол желісінің қызметіне тарифтер енгізіліп, жұк тасымалдауға, инфрақұрылымға және т.б. құраушыларға тарифтерді пропорциональды бөлу арқылы алынады.

Теміржол көлігімен жұктерді тасымалдау тарифі 4 құраушыдан тұтрады: магистральды теміржол желісі қызметтеріне тарифтер, локомотивті тартуға тарифтер, жұк және коммерциялық жұмыстарға тарифтер және вагондар мен контейнерлерді қолдану үшін тарифтер.

Қазіргі кезде жауапты мемлекеттік органдар және магистральды теміржол желісі (МТЖ) операторы қызметтерін пайдаланушылар бірігіп, Қазақстан Республикасының Көлік және комуникация министірімен бекітілген, МТЖ қызметіне кіретін, МТЖ-ң операцияларына сәйкес тарифтерді есептеу методикасының жобасын әзірлеуде.

Подъезділік жолдардың қызметтеріне тарифтерді есептеу методикасы 2004 ж. 30 желтоқсанында №516-ОД Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттік төрағасы бұйрығымен бекітілген.

Мұнда мемлекеттік бағалық реттеуге магистральды теміржол желісі қызметтерін қолданатын тасымалдаушылардың төлемдерін, теміржол тарифінің, басқа құраушылары (локомотивті тарту және теміржол тасымалдау) нақты секторға жатса да, олар бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жатады.

Бүгінгі тасымалдаудың жеке категориялары бойынша тарифтер дифференциациясы: өнімдерді экспорттайтын және ішкі нарыққа өнімдерді жеткізетін субъектілерге, экономиканың белгілі бір даму кезеңінде дифференциацияны қолданудың, көп жылдар бойы жеке жұк түтрлері үшін тарифтік мөлшерлемелердің қымбаттауының дифференциацияланған коэффициенттерді орнату жолымен, 10-01 прейскурантының базалық мөлшерлемесін индексациялау әдісінің қолданылуының нәтижесі болды.

Табиғи монополия өнімдеріне баға дифференциациясы әртүтрлі салалардың шаруашылық белсенділігін реттейтін, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының құралы болып табылады. Басқаша айтқанда, экономикаға реттелетін бағалар арқылы әсер ету механизмі -макроэкономикалық фискалды саясаты толықтырушы болып табылады.

Қазақстанның ДСҰ- ға енуіне, ұмтылуына байланысты келіссөздер жұргізу графигіне сәйкес республикалық және экспорт-импорттық қатынастардың тарифтерін теңестіру көзделіп отыр. МТЖ қызметтеріне пропорционалды бөлу жолымен 10-01 прейкурантының тарифтері, жаңа тарифтік әдістеме жасалып шыққанға дейін уақытша болып келеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Темір жолы ¥Қ» АҚ-ң өзінің тасымалдау қызметтерін, техникалық және ұйымдастырушылық себептерге байланысты «Қазжелдортрансқа» беруге дайын еместігінен жаңа тарифті реттейтін әдістемені енгізуге бірқатар қиындықтар туындайды. Осыған байланысты «Қазақстан Темір жолы ¥Қ» АҚ қызметтерді Ұлттық тасымалдаушы болып, 2007 ж. 1 қаңтарына дейін қалады.

Тариф саясатының жетілуі орта мерзімді перспективада барлығына пайда әкелетін бәсекелік ортаның қалыптасуына алып келеді. Мысалы, тұттынушыларға арзан бағалар; реттелмейтін кәсіпорындарға нарықтық либералдануы нысанында; реттелетін кәсіпорындарға техникалық дамуға және жаңа инвестицияларға қолайлы жағдай жасайтын реттеудің тұтрақты режимін орнату арқылы пайда әкеледі.

2.Әуежай сферасындағы бағақұрылу

Қазіргі уақытта табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік регистрі енетін республикалық бөлімге Республиканың барлық әуежайлары енгізілген.

Әуетасымалдаушыларды тарту мақсатымен елдің транзиттік әлеуетін, пайдалану үшін аэропорт қызметтерінің номенкластыруының бекілітіп, мемлекеттік реттеуді шектеу қолданылады. Номенклатураға негізгісі болып табылатын ұшуды және қонуды қамтамасыз ететін, әуе қаіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе көлігін тұтрақжай дайындау қызметтерін жатқызуға болады.

Табиғи монополиялар жағдайында аэропорттар қызметінің тарифтерінің жасалуының айқындылыгын қамтамасыз ету мақсатымен, көрсетілетін қызмет түтрлері бойынша кәсіпорындарға шығындарын тиімді орналастыру үшін, Қазақстан Республика әуежайларында жердегі қызмет көрсетулерге әуежайлық сайымдар мен тарифтерді есептеу әдістемесі тәжірибеге енгізілді.

Қолданылып отырған нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған шараларға қарамастан, әуежай сферасындағы тарифтік реттеудің мәселесі ретінде, республиканың 20 әуежайының 11-де сақталып отырған, жеке тұттынушылар табысына, жекелеген әуежайлардың қолданып отырған негізсіз дифференциациясы тәжірибесін жою болып отыр.

Одан басқа, кәсіпорындарда табыстарды, шығыстарды және істегі активтерді жеке есептеу жоқтың қасы. Сондықтан, әуежай сферасында табиғи монополия субъектілерінің әуежай және әуеавиациялық қызметтерінің реттелетіндеріне тарифтік сметаларды және тарифтерді белгілеу үшін және оны белгілеудің ашықтығы мен негізделгендігін қамтамасыз ету үшін монополияны жұргізу ережелері бекітілген. Жеке есептің жұргізілуі реттелетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) тарифті және тарифтік сметаларды белгілеуде ашықтықты және негізделгендікті қамтамасыз етуге және реттелмейтін қызметтердің реттелетін қызметтерді субсидиялаудың тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік туғызады.

Әуежай қызметтерінің реттелетідеріндегі тариф құрылуды одан әрі жетілдіру мақсатымен әуежайлардың реттелетін қызметтерінің тарифтерін есептеудің жаңа әдістемесін жасау керек.

З.Су көлігі сферасындағы баға құрылу

Теңіз айлақтарының қызметі, бүгінгі күнде, республикалық Мемлекеттік регистр бөліміне енгізілген табиғи моноплиялар субъектілерінің екі кәсіпорынымен көрсетіледі, олар: «Ақтау халықаралық сауда теңіз поры (айлағы)» және «Қазмортрансфлет Үлттық теңіздік суда жүзу компаниясы» АҚ.

Теңіз портының қызметтері, теңіз порты құралдары көмегімен іске асырылатын жұкті тиеу-түтсіру жұмыстары және теңіз көлігінің жұкті түтсіріп шығуы үшін кіріп-шығуы үшін және т.б. қызметтері теңіз портының міндетті қызметтері тізіміне сәйкес реттеледі.

Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдіруге арналған, Үкіметтің №1126 қаулысымен 2002 ж. 15 қазанында бекітілген 2002-2004 ж.ж. арналған бағдарлама аясында теңіз портымен атқарылатын жұмыстар мен қызметтерге төлем және алымдар мөлшерлемесін есепетеу әдістемесі дайындалып бекітілген. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға және транзиттік жүктерді ҚР арқылы жүруін бағдарлауға бағытталған икемді саясатты жүргізу үшін, жүктер толып кеткендегі теңіз порты құралдарымен атқарылатын қызметтерге уақытша тарифті төмендету коэффиценттерін белгілеу және алып тастауға арналған ережелер жасалып бекітілген.

Алдағы перспективада теңіз порты қызметтерін көрсететін кәсіпорынның шығындарды, істегі активтерді, пайданың мөлшерлемесін белгілеудің ретін жеке есептеудің тарифтік әдістемесін жетілдіруді жалғастыру қажет.