Глоссарий. Бағаны диференциялдау - әртүтрлі бағалардың бір тауарға қойылуы

Бағаны диференциялдау - әртүтрлі бағалардың бір тауарға қойылуы.

Қосылған құн - экономикалық теорияда сатылған фирманың құнынан, материялдар мен сатып алынған, қолданылған өндірістердің құнын алып, нарықтық жұйеге сай үстіне қосуы

Баға құрудағы заңдық шектеулер - баға құрудың кейбір бөліктеріне шектеу қою.

Кешіктірілген кіріс - нормадан тыс асатын бағаның модельденген активті анықталуы.

Маржа— маркетингте - сауда бағасы, өндірістік кәсіпорын бекітеді.

Баға құру әдісі - бағаны есептеу әдісі, орта, төменгі, жоғарғы кірісті есептеп, сұраныс пен ұсыныс қатынасына бөледі.

Бағаның ашық процесі - бағаны нарықтық байланысты сатушы мен сатып алушыға беріген жеңідігі.

Бағаны түсірудің жабық түрі- сапаның жоғарылауы мен тауардың көлемін көбейтудегі өзгермейтін баға.

Бағаны көбейтудің жабық түрі - сапаның төмендуі немесе тауар көлемінің азайтылуындағы өзгермес баға.

Құн анализі- өндірістің кешіктірілген тауарына анализ жасап, сол жасалған қорытындыға сай бағаны орнату.

Бағаның құрылымы - пайыздық бөлімі күнделікті кірістің бірлігіне сәйкестеліп, жылдық есепке кіруі болып табылады.

Таксация- тауардың толық бағасының орнатылуына немесе қызметтің төленуі мен еңбек шығынының толық есебі.

Өндіріс теориясы - баға құру заңдылығын түтсіндіруші факторлар тізбегін айтамыз.

Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушелер,тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс-әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агеттің тәртібінің ережесін экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу.

Мемлекеттік меншік – сату сатып алу обьектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді.

Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурстары, қоғамдық қатынастардағы субьектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үдерісі және мүмкіндігі.

Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлғаға беру үдерісі.

Заң шығарушы билік – экономиканы басқару тетігінің негізі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.

Үкімет – республикада атқарушы билікті жүзеге асырады,атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді.

Сот билігі – биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды.

ЭМР-дың тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.

Монополия – («монон – бір», «полио – сатамын»)өнім бір ғана фирмамен құрылытынын білдіреді.

Баға кемсітушілігі – бір және сол рынокта бір тектес тауарларды түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату.

Табиғи монополия – белгілі бір қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін емес және қызметтің осы түрін көрсету және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты экономикалық мақсатқа лайықты емес қызметтер.

Демпинг – фирма-сатушыға пайда алуды қамтамасыз етпейтін тайарларды жасанды төмендетілген бағамен сату,ал кейде шығынның кей бөлігін жабу.

Бағалар – тұтынушыларды, өндірушілердің, импорттаушылардың және экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын, экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірдің сыни нүктесі.

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны.

Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

Жүйелі-кешенді тәсіл – ғылыми негізделу және тиімді басқару қағидасы бойынша құрылып, теориялар жүйесінің талаптарымен қорытындыланады.

Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеме – мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

Экономикалық әдістер – нарық экономикасының қарқынды дамуы мен тиімді қызмет тәртібін қолдаумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін қолданылады.

Рынокты әкімшілік реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты нгізу, бағаны жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға байланысты, рыноктағы үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.

Ұлттық болжау – ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісі.

Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағидалары,әдістері туралы ғылым.

Жоспарлау – бастапқы ақпаратты өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсатты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген,дайындалу үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы.

Экономика құрылымы – еңбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.

Атқарымдылық құрылым - әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ-ді өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.

Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік секторға- жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторын бөлшектеуді көрсетеді.

Кредит саясаты- мөлшер есебін,кредитті шектеу немесе өктемдік беру,мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады.

Кластер – бұл жеткізушіні, өндірістік емес аяны, университеттердің, зерттеу мекемелерімен, инфрақұрылымдық ұйымдармен және тұтынушылармен стратегиялық одағын біріктіретін, өндірістің өзара байланысты желісі.

Экономикалық өсу – экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі түсініледі.

ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған барлық дайын өнімдер мен қызметтердің жалпы рыноктық құны.

Ұсыныс факторы - өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған,соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.

Елдің экономикалық аусағы – сол елдің үкіметінің әкімшілігмен басқарылатын аумақты көрсетеді,тауарлар мен ақша еркін қозғалыста болады.

Өтелім – негізі капиталды тұтыну, оның физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, есептік кезең ішінде негізгі капиталдың құнының азаюын көрсетеді.

Ұлттық табыс – сол елдің экономикалық резидентінің жиынтықты табысын көрсетеді.

Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) – шығарылатын ЖІӨ-нің құрылымын сақтау кезіндегі,белгілі бір уақыт кезеңіндегі, жеке тұтынушымен сатып алынатын өнімге бағаның өзгерістерін көрсетеді.

Атаулы ЖІӨ - ағымдағы жылдағы бағамен есеп айырысады.

Нақты ЖІӨ - бұл бағаның өзгерісті есебіндегі көлемі,яғни салыстырмалы бағадағы ЖІӨ.

ЖІӨ-нің дефляторы – үй шаруашылығ өнімдеріне ғана емес, мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдеріне бағаны қосатын, бағаның екінші индексі.

Материалдық өндіріс – оның материалдық заттық нысанындағы өнімнің қайта пайда болуы немесе жасалуымен байланысты қызмет түрі.

Индустриалдық саясат – деп бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай тудыратын және қолдай көрсететін кешенді шаралар жүйесі.

Даму банкісі – бұл кепілдігі бар кредиттелген компанияға қарсы кредит беру тәртібін реттеу бойынша және оның ішінде банк қызметін реттеу мөлшеріне келетін банк мекемесі.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – мемлекеттің қатысуымен бәсекелестікке қабілетті өндірісті қалыптасытрудың катализаторы ретінде қабілетті,тұрақты бизнес құрылымдарының бірлестіктері.

Аграрлық өнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы шикізаты ақырғы өнімдерінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін–өзара байланысты салалардың жиынтығы.

Ақша – кредит саясаты – инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және рыноктың қалыпты жағдайға қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі.

Ақша жиыны – бұл тауарлар мен қызметтерге айырбасқа сатушылармен қабылданатын, қазіргі заманғы ақшалай қаражаттардың жалпы сомасы.

Ашық рыноктағы операциялар –бұл есептік саясатты көтеру құралы. Орталық банк бағалы қағаздарды, банк акцептерін және басқа да кредиттік төлемдерді сатады және сатып алады. Пайыздық мөлшер мемлекеттік бағалы қағаздардың мерзімділігіне байланысты Орталық банкпен сараланымды белгіленеді.

Есептік саясат– бұрын коммерциялық банкпен есептелген вексельдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген.

Дисконттық саясаттың мәні– кредиттік институттарды қайта қаржыландыру жағдайының өзгеруімен ақша рыногындағы және капитал рыногындағы жағдайға ықпал етуінде.

Міндетті резервтердің саясаты– экономиканы ақша-кредит реттеуінің құралы ретінде, ақша рыногына мемлекеттің тікелей әкімшілік әдісімен ықпал етуіне қатысты. Бұл – Орталық банктің коммерциялық банктердің қолда бар ақша ресурстарының көлеміне және олардың кредиттік мүмкіндіктеріне ықпал етуінің тәсілі.

Орталық банк – бұл биліктің заң және атқарушы органдарынан біршама экономикалық тәуелсіз, яғни үлкен немесе кіші деңгейде үкіметтен нақты тәуелсіз мекеме.

Тікелей мемлекеттік араласу– акциздік тауарларға бағаларды белгілегенде анықталады. Тікелей ықпал ету демеу қаржымен, арнаулы қосымша төлеммен байланысты.

Бағаны жанама реттеу– рынокта тауар ұсынысының кеңеюіне, рынок сұранысының көбеюіне, тұрғындардың табыстарын басқаруға, салықтарды реттеуге көмектесетін құралдар мен әдістердің жиынтығын қолданумен қамтамасыз етілетін бағаның өсуіне араласу.

Тұтыну бағасының индексі – инфляция деңгейін сипаттайды, өзінің жеке тұтынуы үшін тұрғындармен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының 508 жайғасымды қосады. Бағаны тіркеу барлық облыстық орталықтардағы, астанадағы және белгілі бір қалалар мен аудан орталықтарындағы жекеменшіктегі түрлі қызмет нысандары аясындағы кәсіпорынның таңдалатын сауда тораптары бойынша жүргізіледі.

Таргеттеу (шектеу) -өнеркәсіптері дамыған елдерде орталық банктер өзінің саясатында ұстанатын, айналым мен кредиттердегі ақша жиынтығының өсуін реттейтін, мақсатты бағыттарды белгілеу.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік шығындардың және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта бөлуге жататынын көрсетеді және есептік кезеңдегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады.

Бюджеттік жүйе –барлық деңгейдегі бюджет жиынтығы. Мемлекеттік бюджет құрылымы бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымын көрсетеді.

Бюджеттік табыстар – мемлекеттік қазынаға түсімдер. Олар салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады.

Салықтық түсімдер –бұл міндетті салықтар түрлері және тұрғындардан, кәсіпкерлерден және мемлекеттік кәсіпорындардан алымдар.

Бюджетке салықтық емес түсімдер –мемлекеттік меншікті және мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сыртқы экономикалық қызметтен, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, мемлекеттік қарыздан, роялтидан және т.б. түседі.

Бюджеттік шығындар –бұл экономиканы дамытуға әлеуметтік аяны, қорғанысты, мемлекеттік борышты жабуға және т.б. қажеттіліктерге бағытталатын қаржылық ресурстар.

Бюджеттік шығындардың қызметі –негізгі қызметіне саяси, әлеуметтік және шаруашылық жатады.

Саяси қызметті әлеуметтік –экономикалық – құрылысты қолдау және өзіне мемлекеттік басқаруды, әскерді, қауіпсіздік, сыртқы саяси қызметті, БАҚ-ты қолдаудан және т.б. тұрады.

Бюджет тапшылығы –мемлекеттік шығындардың табыстан көп болуы. Бюджет тапшылығының монетаристік тұжырымдамасына сәйкес, көп кері нәтижелерді туындататын ұлы зұлматпен барлық шараларда күресу қажет.

Мемлекеттік қарыз –ақшалай қаражаттардың анықталған уақытқа және қайтарылатын негізде мемлекеттен алу.

Мемлекеттік борыш– мемлекеттің ішкі және сырттағы қарыз берушілерге бірдей қарыз сомасы және солар бойынша төленбеген пайыз сомасы.

Ішкі қарыз– мемлекеттің өз тұрғындарына, сондай –ақ сыртқы бюджеттік қорға, зейнеткерлік қорға, сақтандыру қорына және т.б. қарызы.

Сыртқы қарыздың шоғырлануы –қысқа мерзімді берешектің ұзақ мерзімдіге айналуы, яғни алдағы тұрған төлемді алыстағы келешекке аудару. Мұндай шоғырлануды тек кредит берушілердің келісімімен ғана болуы мүмкін.

Мемлекет табыстарының негізгі көзі –салық болып табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның обьектісі болады.

Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субьектісінің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу.

Салық жүйесі –салықтың жиынтығы, сондай – ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.

Салық жүйесінің негізгі түсініктері –салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері, салық салудың шекарасы.

Тікелей салық– жеке немесе заңды тұлғаның табысынан өндіріп алынады, ол нақты және жекеге бөлінеді. Нақты тікелей салыққа жер салығы, бағалы қағаздарға алымдар енеді.

Жанама салық– тауарлар мен қызметтерге үстеме салықтарды көрсетеді, олар тауар, тарифтер бағасына тікелей қосылады.

Инжиниринг - өндіріс, инфрақұрылым обьектілерінің мәселелерін өңдеу бойынша, бәрінен бұрын әр түрлі инженерлік қызметтерді коммерциялық негізде ұсыну нысанындағы қызмет аясы.

Консалтинг– экономикалық қызмет оның ішінде сырқы экономикалық қызметтің де мәселелерінің кең айналымы бойынша кеңес беру.

Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына ара қатынасы.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің сомасы. Ол жұмыспен қамтудың мақсатты деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздардың деңгейін білдіреді.

Стагфляция –экономиканың инфляциялық үрдістерінің даму кезіндегі тоқырауымен сипатталатын жағдайы.

Еңбек рыногы –бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді.

Әлеуметтік саясат –мемлекеттің халықтың өмір сүру деңгейін өзгертуге, қоғамдағы әділдікті қолдауға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі– бұл бір адам қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең төмен тұтынушы қоржынының құнына тең.

Қаржылық-кредиттік реттеу –қаржы ағындарын басқару жөніндегі тұтқаларды пайдалану.

Әлеуметтік саясат құралдары - әлеуметтік кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер.

Ең төменгі тұтыну бюджеті - әлеуметтік саясаттың маңызды элементі. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, кірістер реттеледі, ол әлеуметтік төлемдерде есептеледі.

Әлеуметтік инфрақұрылым – сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салалар денсаулық сақтау, білім беру, жолаушылар көлігі, демалысты ұйымдастыру, спорт.

Институционалдық инфрақұрылым – халық шаруашылығы дамуының макроэкономикалық реттеуін қамтамасыз ететін салалар кешені мен қызметі.

Экологиялық инфрақұрылым – қоршаған ортаны ластанудан қамтамасыз ететін, салалар мен инженерлік құрылысты қоғамдық өндірістің экологиялық даму жағдайын, адамдардың өндірістік қызметінің сыртқы әсерін азайтуды біріктіреді.

Құқықтық реттеу –мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын құқықтық кесімдер мен нормативтік құжаттар, олардың қолдануы меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға таратылады.

Экономикалық саясат– оны басқару жөніндеі шаралар жүйесі, әрекеттердің жиынтығы.

Баға кемсітушілігі– бір және сол рынокта бір тектес тауарларды түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату.

Аграрлық - өнеркәсіптік кешен –ауыл шаруашылығы шикізаты ақырғы өнімдерінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін өзара байланысты салалардың жиынтығы.

Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салынған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Меншікті капитал– банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін, құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесінде байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.