Тақырып бойынша глоссарий

Азақ тілінде

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

 

Қосымша:

1.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Нәруыздар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

4. Клиническая биохимия учеб. пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

 

7. Бақылау:

Тесттер:

1. Төмендегі амин қышқылдарының қайсы тобы моноаминомонокарбон қышқылдарына жатады:

1) лейцин, валин, цистеин, аланин

2) лизин, глутамин қышқылы, изолейцин

3) аспарагин қышқылы, оксипролин, глицин, триптофан

4) фенилаланин, цистеин, аргинин, лейцин

5) метионин, серин, лизин, тирозин

2. Аталған аминқышқылдарының қайсы тобы циклді амин қышқылдарына жатады:

1) гистидин, пролин, валин, треонин

2) изолейцин, серин, аргинин, оксипролин

3) триптофан, тирозин,метионин, аспарагин қышқылы

4) фенилаланин, гистидин, триптофан, тирозин

5) метионин, фенилаланин, орнитин, лизин

3. Алмастырылмайтын амин қышқылдары:

1) молекулаларында тармақталған радикалдар бар

2) организмде түзіледі

3) организмде синтезделмейді

4) құрамында гетероциклдер бар

5) организмде түзіледі

4. Алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады:

А. глицин, цистеин, аргинин

Б. глутамин, аспарагин қышқылдары

В. триптофан, лизин

Г. треонин, валин, лейцин

Д. фенилаланин, изолейцин, метионин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

1) А, Б, В

2) Б, В, Г

3) В, Г, Д

4) Г, Д, А

5) Д, А, Б

5.Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы жеңіл амидтенеді:

1) тирозин

2) глицин

3) аргинин

4) глутамин қышқылы

5) аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

1) 1,2

2) 1, 3

3) 2, 3

4) 2, 4

5) 3, 5

6. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы зат алмасуында түзілген улы өнімдерді залалсыздандыру процестеріне активті қатысады:

А. серин

Б. валин

В. глицин

Г. лизин

Д. пролин

7. Метилдеу процестеріне қатысады:

А. аланин

Б. валин

В. треонин

Г. метионин

Д. изолейцин

8. Алмастырылмайтын циклді амин қышқылдары болып табылады:

А. тирозин

Б. фенилаланин

В. гистидин

Г. триптофан

Д. пролин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

1) А, Б

2) А, Д

3) Б, В

4) А, Г

5) Б, Г

9. Нәруыздарға қышқылдық қасиет беретін аминқышқылдары:

А. глицин

Б. глутамин қышқылы

В. валин

Г. серин

Д. аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

1) А, В

2) Б, Г

3) Б, Д

4) А, Б

5) Б,Г

10. Нәруыздарға негіздік қасиет беретін амин қышқылдары:

А. лизин

Б. валин

В. глутамин қышқылы

Г. аспарагин қышқылы

Д. аргинин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

1) А, В

2) Б, Г

3) В, Д

4) А, Д

5) Г, Д

11. Нәруыз ерітіндісі коллоидты қасиеттерге ие, сондықтан оларда:

А. диффузия жылдамдығы баяу

Б. жартылай өткізгіш мембраналардан өтпейді

В. нағыз ерітінділер түзеді

Г. Тиндаль конусын береді

Д. гель түзеді

12. Нәруыздың ерітіндідегі тұрақтылығы тәуелді:

А. нәруыз молекуласы көлемінің үлкен болуына

Б. әр түрлі функционалдық топтардың болуына

В. диализге қабілетілігі

Г. молекула бетінде зарядының болуына

Д. молекулада гидратты қабаттың болуына

13. Нәруыздың құрылымы мен оны қамтамасыз ететін байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А) Біріншілік а) екі немесе одан көп полипептидтік тізбектердің тығыз орналасуы

Б) Екіншілік б) амин қышқылдарының полипептид тік тізбекті түзуі

В) Үшіншілік в) полипептидтік тізбектің спиральдануы немесе ширатылуы

Г) Төртіншілік г) бір полипептидтік тізбектің тығыз жинақталуы

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

1) А-б, Б-в, В-г, Г-а

2) А-б, Б-г, В-в, Г-а

3) А-а, Б-г, В-б, Г-в

4) А-б, Б-а, В-в, Г-г

5) А-г, Б-б, В-а, Г-в

14. Құрылым мен оны тұрақтандыратын байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1) Біріншілік а) дисульфидті, сутекті, иондық, гидрофобты.

2) Екіншілік б) сутекті

3) Үшіншілік в) пептидтті

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

1) А-б, Б-в, В-а

2) А-б, Б-а, В-в,

3) А-в, Б-б, В-а,

4) А-а, Б-б, В-в,

5) А-в, Б-а, В-б,

15. Денатурация бұл:

А. нәруыздың біріншілік құрылымының бұзылуы

Б. нәруыздың екіншілік құрылымының бұзылуы

В. нәруыздың үшіншілік құрылымының бұзылуы

Г. нәруыздың төртіншілік құрылымының бұзылуы

Д. нәруыздың гидраттық қабаттың бұзылуы

16. Денатурациялаушы агент пен денатурация түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А. Жоғары температура а) гидрофобты әрекеттесудің бұзылуы

Б. Ауыр металл тұздары б) сутектік байланыстардың үзілуі

В. Гуанидин, мочевина в) иондық байланыстардың үзілуі

Г. Тиолды қосылыстар г) дисульфидтік көпіршенің үзілуі

Д. Органикалық еріткіштер д) сутектік байланыстардың түзілуі

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

1) А-б, Б-д, В-г, Г-а, Д-в

2) А-б, Б-г, В-в, Г-а, Д-д

3) А-б, Б-в, В-д, Г-г, Д-а

4) А-а, Б-б, В-в, Г-г, Д-д

5) А-г, Б-б, В-а, Г-д, Д-в

17. Тұнбаға түсіруші мен тұнбаға түсу механизмі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А. Минералды, органикалық қышқылдар а) зарядтың нейтралдануы

Б. Алкалоидты реактивтер б) ерімейтін тұздардың түзілуі

В. Ауыр металл тұздары в) дегидратация

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

1) А-б, Б-в, В-а

2) А-б, Б-а, В-в,

3) А-в, Б-б, В-а,

4) А-а, Б-б, В-в,

5) А-в, Б-а, В-б,

18. Тұздалу – бұл ерітіндіден нәруызты тұнбаға түсіру.

А. Ауыр металл тұздарымен

Б. Сұйытылған қышқылдармен

В. Сұйытылған негіздермен

Г. Бейтарап тұздармен

Д. Алкалоидты реактивтермен

19. Ауыр металл тұздары нәруызты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

А. Гидратты қабатты

Б. Нәруыздың үшіншілік құрылымын

В. Нәруыз зарядын

Г. Молекула формасын

Д. Нәруыздың екіншілік құрылымын

20. Концентрлі қышқылдар нәруызды ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

А. Гидратты қабатты

Б. Нәруыздың үшіншілік құрылымын

В. Нәруыз зарядын

Г. Молекула формасын

Д. Нәруыздың екіншілік құрылымын

 

Сұрақтар:

1. Нәруыздардың атқаратын функциялары.

2. Нәруыздардың жалпы қасиеттері.

1) элементтік құрамының ұқсас болуы

2) жоғары молекулалық массасының болуы;

3) Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

4) ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

5) нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері және олардың нәруыз молекуласын тұрақтандыруға қатысуы,

6) Нәруыздарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

7) Нәруыздардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының нәруыз зарядына әсері.

8) Нәруыздардың коллоидты қасиеттері. Нәруыздың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

9) тұнбаға түсу реакциялары және нәруыздардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

10) Нәруыз молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

Пікірталасқа арналған мәселелік жайттар:

Ауыр металдар және олардың тұздарымен уланғанда неліктен жедел жәрдем келгенше, зардап шегушіге көп мөлшерде су (сүт немесе жұмыртқаның ақуызын) ішкізу керек?

Блиц-сұрақтар:

1)Нәруыз құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

2)Нәруыздардың ыдырау өнімдерін атаңыз.

3) Нәруыз молекуласындағы ковалентті байланыстарды атаңыз.

4) Нәруыз молекуласындағы ковалентті емес байланыстарды атаңыз.

5) Моноаминомонокарбон қышқылдарын (2-3 мысал) атаңыз?

6) Гидрокси амин қышқылдарын атаңыз?

7) Құрамында күкірті бар амин қышқылдарын атаңыз?

8)Моноаминодикарбон қышқылдарын атаңыз?

9) Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз?

10) Имин қышқылдарын атаңыз?

11)Ароматты амин қышқылдарын атаңыз?

12) Гетероциклді амин қышқылдарын атаңыз?

13) Қандай амин қышқылдары алмастырылатын деп аталады?

14) Қандай амин қышқылдары алмастырылмайтын деп аталады?

15) Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз белгілі?

16) Қандай амин қышқылдары шартты түрде алмастырылатын деп аталады?

17) Неліктен нәруыздар амфотерлік қасиет көрсетеді?

18) Нәруыздардың амфотерлігі оның құрамындағы қандай функционалдық топтың болуына тәуелді?

19)Нәруыздың қандай күйі изоэлектрлік деп аталады (ИЭК)?

20) Изоэлектрлік нүкте (ИЭН) дегеніміз не?

21) Бейтарап нәруыздың ИЭН-сі неге тең?

22) Нәруыз заряды қандай факторларға тәуелді?

23)Егер нәруыз құрамында МАМҚ басым болса, нәруыз (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

24) Егер нәруыз құрамында МАДҚ басым болса, нәруыз (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

25) Егер нәруыз құрамында ДАМҚ басым болса, нәруыз (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

26) Нәруыз ерітіндісінің тұрақтылық факторларын атаңыз.

27) Жалпы түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

28) Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

тақырып бойынша глоссарий

Қазақ тіліндегі терминдер Ағылшын тіліндегі терминдер Орыс тіліндегі терминдер
Құнды нәруыздарға-құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқыл бар нәруыздар жатады. Fullvalue protein is a protein with all essential aminoacids Полноценный белок – это нәруыз, в составе которого имеются все незаменимые аминокислоты
Құнсыз нәруыз -егер нәруыз құрамында алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі болмаса Unfullvalue protein is a protein, in which there is no even one essential aminoacids Неполноценный белок – это нәруыз, в составе которого нет хотя бы одной незаменимой аминокислоты
Алмастырылмайтын амин қышқылы- бұл амин қышқылы ағзада синтезделмейді . Essential amino acid is an aminoacid which is not synthesized in the body Незаменимая аминокислота – это аминокислота, которая не синтезируется в организме
Алмастырылатын амин қышқылы- бұл амин қышқылдары ағзада синтезделеді.   Non-essential amino acid is an aminoacid which is synthesized in the body Заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в организме
Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылы - бұл амин қышқылы ағзада әсіресе балаларда жеткіліксіз мөлшерде түзіледі Semiessential aminoacid is an aminoacid which is synthesized in the body in small quantity, particularly in childhood Условно-заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в недостаточном количестве, особенно в детском возрасте
Денатурациялаушы агент- бұл фактор, денатурацияны тудырады Denaturating agent is a factor which causes denaturation Денатурирующий агент – это фактор, который вызывает денатурацию
Нәруыздардың денатурациясы– нәруыз молекуласындағы екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарды ұстап тұруға қатысатын байланыстардың бұзылуы. Denaturation of proteins is a process of derangement of bonds supporting secondary, tertiary and quaternary structures of proteins Денатурация белка – это нарушение связей в молекуле белка, поддерживающих вторичную, третичную и четвертичную структуры
Нәруыздардың ренатурациясы– бұл денатурациядан кейін Нәруыздардың құрылымдарының қалпына келуі Renaturation of proteins is a process of restoration of protein molecule after denaturation Ренатурация белка – это восстановление структур белка после денатурации
Тұздалу- бұл бейтарап тұздарды қан сары суына қосу жолымен жай Нәруыздардың (альбуминдер мен глобулиндердің)бір-бірінен бөлу әдісі. Salting-out method is a method of separating of simple proteins (albumins and globulins) by dint of addition of neutral salts to the blood serum Высаливание - это метод разделения простых белков (альбуминов и глобулинов) путем добавления к сыворотке крови нейтральных солей
Электрофорез – бұл қан сары суының Нәруыздарын электр өрісінде бөлу әдісі. Electrophoresis is a method of separating blood serum proteins into fractions in the electric field Электрофорез – это метод разделения белков сыворотки крови в электрическом поле

Сабақ.

1.Тақырыбы: Күрделі нәруыздар:

Глико-, хромопротеиндер. Жіктелуі, құрылысы, өкілдері, маңызы. Зертханалық жұмыстар: 20(б), Молиш және Фелинг реакциялары (25 жұмыс)

Нуклеопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, маңызы. Нуклеин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ, түрлері, құрылысы, құрылымдары, маңызы.. Зертханалық жұмыс №25.

 

2. Мақсаты: Түрлі нәруыздардың атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері және ролі туралы білімдерді оқуғылыми жағдаяттарды және биохимияның жек бөлімдерін меңгеруге қолдануды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

Осы сабақты өткен соң студенттер біледі

1. Күрделі нәруыздардың жеке өкілдерінің құрылысы мен ролін

2. Күрделі нәруыздардың жеке өкілдерінің құрылысы мен ролі туралы білімдерін биохимияның осы бөлімінің басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3. Күрделі нәруыздардың жеке өкілдерінің және олардың простетикалық топтарының медицинада қолдануын түсіну.

4. Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

5. Тақырыптың негізгі терминдерін ғылшын және екінші тілде қолдану арқылы кәсіби коммуникацияға түсу.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы, жеке өкілдері.

2.Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеидтер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, қасиеттері, маңызы.

3.Нуклеопротеиндер, құрамы және қасиеттері.

4.Нуклеин қышқылдарының (ДНҚ, РНҚ) құрылысы және структуралары

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:

Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және екінші тілде

талдау, блиц-сұрау, жазбаша бақылау, тест, шағын топтарда жұмыс, TBL, ми штурмы.

Ауызша сұрау тақырыптың сұрақтары бойынша

Визуальды ұйымдастырушы – Эйлер шеңберін жасау арқылы жүргізілетін шағын топтағы жұмыс:

I топ – гемоглобин мен миоглобиннің ерекшеліктері мен ұқсастықтары;

II топ – нағыз гликопротеиндер мен протеогликандардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары;

III топ – протеогликандардың өкілдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

IV топ – ДНҚ мен РНҚ-ның бір-бірінен ерекшеліктері.

Зертханалық жұмыстарды орындау: Хромопротеиндердің құрамын зерттеу (№20б), көмірсуларға сапалық реакция жасау (№25 - пентозаларға реакция). Топ 4-ке бөлініп, әр топша бір жұмыстан жасайды және кесте толтырады:

 

Күрделі нәруыздар тобы Осы топтың өкілі Берілген нәруызд ың простетикалық тобы Жасалған реакция Реакция нәтижелері Берілген реакция нені дәлелдейді
           

Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жазады.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Нәруыздар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

 

Орыс тілінде:

1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

3. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

4. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

Бақылау

Тесттік тапсырмалар:

1. Күрделі нәруыздардың құрылысы:

А. Бірдей амин қышқылдарынан;

Б. Әр түрлі амин қышқылдарынан;

В. Циклді амин қышқылдарынан;

Г. Жай белоктан және простетикалық топтан;

Д. Простетикалық топтан тұрады.

2. Күрделі нәруыздарға жататындар:

А. Фосфопротеиндер;

Б. Нуклеопротендтер;

В. Гликопротеиндер;

Г. Склеропротеиндер;

Д. Хромопротеиндер.

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

* А - 1,2,3,4

* Б - 1,2,3,5

* В - 1,3,4,6

* Г - 2,3,4,5

* Д - 2,3,4,6

3. Хромопротеиндер-күрделі нәруыздар, простетикалық тобы ретінде болады:

А. Амин қышқылдары;

Б. Фосфор ышқылының қалдығы;

В. Боялған заттар;

Г. Глюкоза;

Д. Кальций.

4. Организмде тыныс алу нәруыздары:

А. протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысады;

Б. оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады;

В. катализдік функция атқарады

Г. АТФ-тің түзілу реакцияларына қатысады

Д. тіректік функция атқарады

5. Гемоглобин молекуласы тұрады:

А. бір гемнен және бір полипептидтік тізбектен

Б. бір гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

В. төрт гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

Г. үш гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

Д. бір гемнен және екі полипептидтік тізбектен

6. Гемоглобин гемінің рационалды аты:

А. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының порфині

Б. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-диэтил, 6,7-дипропион қышқылының порфині

В. 1,2,5,8-тетраметил, 3,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

Г. 1,3,4,8-тетраметил, 2,5-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

Д. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

7. Гемоглобин қатысады:

А. бүйректің қалыпты функциясын сақтауға

Б. газдарды тасымалдауға

В. қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті сақтауға

Г. Минерал заттардың алмасуына

Д. гидролитикалық процестердің жылдамдығын реттеуге

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2

* Б - 2, 3

* В - 3, 4

* Г - 4, 5

* Д - 5, 1

8. Ағзада нағыз гликопротеиндер:

А. гормондардың рецепторлары

Б. май қышқылдарын тасымалдауға қатысады

В. қан тобын анықтайды

Г. қорғаныш функциясын атқарады

Д. энергия көзі болып табылады

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2, 3

* Б - 1, 3, 4

* В - 1, 3, 5

* Г - 2, 3, 4

* Д - 2, 3, 5

9. Нағыз гликопротеиндердің молекуласы шамамен болады:

А. 50% жай белок және 50% простетикалық тобы

Б. 80% жай белок және 20% жүйесіз көмірсулар

В. 20% жай белок және 80% жүйесіз көмірсулар

Г. 100% аминқышқылдардың қалдықтары

Д. 10% белок және 90% белок емес бөлік

10. Нуклеопротеиндер организмде:

А - қорғаныштыққызмет атқарады

Б – жасушалар мен жасушааралық зат аралығында су мен электролиттер алмасуын қамтамасыз етеді

В – жасушалар мен тіндердің құрылысы мен қасиеттерінің арнайылығын қамтамасыз етеді

Г – құрылымдық қызмет атқарады

Д – тасымалдау қызметін атқарады

Сұрақтар:

1)Гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік. Гликопротеиндердің жіктелуі. Нағыз гликопротеиндер мен протеогликандардың айырмашылықтары.

2) Нағыз гликопротеиндердің құрылысы, олардың химиялық қасиеттері, өкілдері.

3) Протеогликандар, құрамы, құрылысы, өкілдері.

4) Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі.

5) Хондроитинсульфаттың құрылысы мен ролі.

6)Гепариннің құрылысы мен ролі.

7)Хромопротеиндер- құрылысының жалпы жоспары, жіктелуі.

8)Гемоглобин-құрылысы мен ролі (ағылшын және орыс тілінде).

9) Гемоглобин гемінің химиялық табиғаты

10)Миоглобин-құрылысы мен ролі.

11)Нуклеопротеиндердің құрамы.

11)Мононуклеотидтердің құрылысы, олардың туындылары, ролі.

13)ДНҚ-ның құрылымдары туралы түсінік.

14) РНҚ-ның түрлері, құрылысы, құрылымдары, ролі.

Ми штурмына арналған сұрақтар:

1) Гемоглобиннің ролі.

2) Миоглобиннің ролі.

3) Гепариннің ролі.

4) Хондроитинсульфаттың ролі.

5) Гиалуронаттың ролі.