Тақырып бойынша глоссарий.

Қазақ тілінде терминдер Ағылшын тілінде терминдер Орыс тілінде терминдер
Өт қышқылы - бауырда холестериннің тотығуынан түзілетін, органикалық, циклді қышқыл. Bile acid is an organic, cyclic acid formed from cholesterol in the liver during oxidation of cholesterol Желчная кислота – органическая, циклическая кислота, образуемая из холестерина в печени при его окислении
Біріншілік өт қышқылдары-өт қышқылдары, гепатоциттерде холестериннің тотығуынан түзіледі. Primary bile acids are bile acids which are formed in oxidation of cholesterol in hepatocytes Первичные желчные кислоты – желчные кислоты, которые образуются при окислении холестерина в гепатоцитах
Екіншілік өт қышқылдар—12 - елі ішекте біріншілік өт қышқылдардан гидроксил тобы және глицин мен тауриннің қалдықтары бөлініп шыққанда түзілетін өт қышқылдар (дезоксихоль мен литохоль қышқылдары).. Secondary bile acids are bile acids which are formed from primary bile acids by chipping off OH group and Glycine or taurine residues in duodenum Вторичные желчные кислоты – желчные кислоты, которые образуются из первичных путем отщепления ОН-группы и остатков глицина и таурина в просвете 12-перстной кишки
Жұп өт қышқылдары– өт қышқылдары,глицин ментауриннің қалдығымен байланысқан (өтте түзіледі) Coupled bile acids are bile acids with glycine or taurine residues (they are formed in the bile) Парные желчные кислоты – желчные кислоты, к которым присоединены остатки глицина или таурина (образуются в желчи)
Хиломикрондар -липидтердің тасымалдану формаларына жатады.Ащы ішек қабырғасында түзіледі,құрамы: ТАГ-80%, ХС-11%, ФЛ-7%, Нәруыздар-2% тұрады. Chylomicrones are transport forms of lipids, forming in the wall of small intestine and consisting of triacylglycerols (80%), cholesterol (11%), phospholipids (7%), proteins (2%) Хиломикроны – транспортные формы липидов, образующиеся в стенке тонкого кишечника и состоящие из ТАГ (80%), холестеринра (11%), фосфолипидов (7%), белков (2%)
Липопротеиндер –липидтердің тасымалдану формалары, бауырда түзіледі,құрамы ТАГ, ХС, ФЛ және нәруызтан тұрады. Lipoproteins are transport forms of lipids, forming in the liver and consisting of triacylglycerols, cholesterol, phospholipids and proteins Липопротеины – транспортные формы липидов, образующиеся в печени и состоящие из ТАГ, ХС, ФЛ и белка
ТӨТЛП – тығыздығы өте төмен липопротеин, 50-55%-ТАГ-тан тұрады, ТАГ-ты бауырдан басқа тіндерге тасымалдайды. VLDL – very low density lipoproteins consist of 50-55% of triacylglycerols, transport triacylglycerols from the liver to tissues ЛПОНП – липопротеины очень низкой плотности, состоят из 50-55% ТАГ, транспортируют ТАГ из печени в другие ткани
ТТЛП - тығыздығы төмен липопротеин,50% холестериннен тұрады, холестеринді бауырдан басқа тіндерге тасымалдайды,атерогенді болып табылады. LDL – low density lipoproteins consist of 50% of cholesterol, transport cholesterol from the liver to tissues, they are atherogenic lipoproteins ЛПНП – липопротеины низкой плотности, состоят из 50% холестерина и транспортируют холестерин из печени в другие ткани, являются атерогенными
ТЖЛП- тығыздығы жоғары липопротеин, 50% нәруызтан тұрады, холестеринді тіндерден бауырға(холестериннің кері тасымалдануы) тасымалдайды, антиатерогенді болып табылады. HDL – high density lipoproteins consist of 50% of proteins, transport cholesterol from tissues to the liver (reverse transport of cholesterol), they are antiatherogenic lipoproteins ЛПВП – липопротеины высокой плотности, состоят из 50% белка и траспортируют холестерин из тканей в печень (обратный транспорт холестерина), являются антиатерогенными
Липидтердің эмульгирленуі- ірі май тамшының ұсақ май тамшыларына майдалану процесі. Ол беткі активті заттар- фосфолипидтер, өт қышқылдарының тұздары, сабындар, Нәруыздар және ащы ішектің жиырылуы көмегімен жүреді. Emulsification of lipids is a process of deminishing of lipid droplets by surface-active substances – endogenic phospholipids, salts of bile acids, soap, proteins and peristalsis of small intestine Эмульгирование липидов – процесс дробления липидной капли с помощью поверхностно-активных веществ – эндогенных фосфолипидов, солей желчных кислот, мыл, белков и перистальтики тонкого кишечника

№10 Сабақ

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.Липидтердің аралық алмасуы. БМҚ β-тотығуы, энергетикалық балансы. Глицериннің тотығуы, энергетикалық балансы. Холестерин мен кетон денелерінің химиялық табиғаты, олардың маңызы.

2. Мақсаты:

Ағзадағы липидтер алмасуының бұзылыстарында қанның және зәрдің биохимиялық сараптамасының нәтижесін, сәйкес ұсынысы бар нұсқауларды түсіндіріп беруге үйрету

3. Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1) БМҚ-ң β-тотығуының молекулалық механизмдерін, глицериннің тотығуын, холестерин мен кетон денелерінің химиялық табиғатын, олардың маңызын, атеросклероз кезіндегі биохимиялық көрсеткіштерді білуі.

2) БМҚ-ң β-тотығуының және глицериннің тотығуының энергетикалық балансын есептеу.

3) Осы сабақта алған білімдерін биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді оқығанда қолдану.

4) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

5) Липидтер алмасуының бұзылыстыры кезінде және оларды алдын алу үшін өмір салты мен тамақтану туралы ұсыныстарды негіздеу.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) БМҚ-ң β-тотығуы реакциялары. Энергетикалық балансын есептеу.

2) Глицериннің тотығуы, энергетикалық балансы

3) Холестерин мен кетон денелерінің химиялық табиғаты және олардың маңызы.

4) Қандағы холестерин мен кетон денелерінің мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы.

 

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Бағдарламалық сұрақтар бойынша жазбаша бақылау.

Ауызша сұрау.

Оқытушымен «Атеросклероз» дискуссия түрінде талқылау

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

7. Бақылау

Жаттығулар:

1.Стеарин қышқылы тотыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

2. Май қышқылы тотыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз

3. Қандай липопротеиндер «антиатерогенді липопротеиндер» деп аталады және холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды?

4.Қандай липопротеиндер «атерогенді липопротеиндер» деп аталады және холестериннің тіндерге түсуіне ықпал етеді?

5. β- және α-липопротеиндердің арақатынасы 3 тен көп. Бұл неге алып келуі мүмкін?

 

Тест түріндегі тапсырмалар:

1. БМҚ тотыққанда 148 молекула АТФ түзіледі. Қандай БМҚ тотықты?

а) пальмитин

б) стеарин

в) олеин

г) линоль

д) арахидон

2. Активті май қышықылы қандай заттың көмегімен митохондрияға тасымалданады:

а) диоксиацетон фосфат арқылы

б) фосфоглицерин альдегиді арқылы

в) карнитин арқылы

г) ҚСҚ

д) малат арқылы

3. БМҚ қатысатын реакцияларды атаңыз:

а) тотығып энергия бөледі

б) холестерин, ТАГ, простагландинсинтезі

в) тотығып энергия бөледі, ТАГ, ФЛ, холестеридтер синтезі

г) тотығып энергия бөледі, ТАГ синтезі

4. БМҚ-ның b-тотығуының 1 айналымында тотықсызданады:

а) 1 ФПН және 1 НАДН

б) 1 ФПН және 3 НАДН

в) 2 ФПН және 2 НАДН

г) 3 ФПН

д) 3 НАДН

5. Пальмитин қышқылы тотыққанда қанша АТФ түзіледі?

а) 100; б) 90; в) 150; г) 130; д) 140.

6. Пальмитин қышқылы тотыққанда қанша молекула тотықсызданған НАДН2 түзіледі?

1. 7

2. 8

3. 9

4. 10

5. 12

7. Май қышқылдарының β –тотығуы үшін төмендегі витаминдердің қайсысы қажет?

1. В2

2. В9

3. В6

4. РР

5. А

8. Бос май қышқылдарының β-тотығуы кезінде ацил-КоА ның дегидроацил-КоАға айналуын қандай фермент катализдейді (флавопротеин – ФП)?

1. коферменті ФАД болатын ФП

2. коферменті ФМН болатын ФП

3. еноил-КоА-гидратаза

4. ацилтрансфераза

5. карнитин-ацилтрансфраза

9. Мына реакция: β -кетоацил-КоА + НSКоА→Ацил-КоА+Ацетил-КоА қалай аталады?

1. тиолазды

2. гидратация

3. тотығу

4. тотықсыздану

5. конденсация

10.Төмендегі заттардың қайсысы кетон денелеріне жатады?

1. бетта-гидроксимай қышқылы

2. ацетил-КоА

3. ацетон

4. бетта-кетоацил-КоА

5. ацетосірке қышқылы

№ 11 сабақ

1. Тақырыбы: Жай нәруыздардың алмасуы. Нәруыздардың

қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі Асқазан сөлі: құрамы, және қалыпты жағдайдағы физикалық-химиялық қасиеттері, патологияда өзгеруі.

Зертханалық жұмыстар: асқазан сөлін зерттеу (№85,83,87,20б).

 

2. Мақсаты:

Ағзадағы нәруыздар алмасуының бұзылыстарында қанның, зәрдің және асқазан сөлінің биохимиялық сараптамасының нәтижесін, сәйкес ұсынысы бар нұсқауларды түсіндіріп беруге үйрету

3.Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

 

1)Тағам нәруыздарының рөлі мен қорытылуының молекулалық механизмін, амин қышқылдарының сіңірілуін білу

2)Асқазан сөлінің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері және олардың патологиялық жағдайда ауытқуын білу

3)Асқазан сөлінің қышқылдығының сараптамасы нәтижесінің қорытындысын жасау және есептеу, өлшеу

4) Осы тақырыптан алған білімдерін реквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

5)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

6) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерін пайдалану

7) Тәжірибелік жұмыстарды орындауда операционды дағдыларды меңгеру.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нәруыз алмасуының ерекшеліктері. Азоттық баланс ұғымы.

2. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы.

3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі (ағылшын немесе орыс тілінде)

4. Асқазан сөліндегі қышқылдық түрлері. Қалыптан ауытқуы. Қалыптан ауытқу себептері.

5. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.

6. Қалыпты асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және олардың патология кезіндегі өзгерістері.

7. АІЖ-дағы Нәруыздардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

8. Нәруыздардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Жазбаша сұрау бағдарламлық бақылау билеттері бойынша

Жеке сұрақтарды мен глосарийді ағылшын және екінші тілде қоса ауызша сұрау, кестелерді толтыру.