Леуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Леуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

 

Леуметтік жұмыстың әдістері мен технологиясы» пәні бойынша

Дәрістер

 

Мамандық: 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс

 

Оқу түрі: күндізгі

 

 

Алматы 2014 ж.

Дәріс 1. Әлеуметтік жұмыс технологиясының пәні мен міндеттері

 

ХХ ғ. аяғында барша адамзат алдында, адамдардың өмір сүруіне қауіп төндіретін, дағдарысты құбылыстардың күрделі әлеуметтік мәселелері орын алды. Қатты толғандырғаны ретінде экономикалық және экологиялық жағдай, жер бетінде адам саны өсімінің әркелкілігі, кедейшілік, жұмыссыздық, аурулардың көбейуін атауға болды. Осындай қауіпті тенденциялардан демографтар мен денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ХХІ ғ. ер адамдар мен балалар саны азаятындығын, халықтың көп бөлігін қарттар, жесір әйелдер, күрделі ауру адамдар құрайтындығын айтады. Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 1990 жылдан бері, өзінің табиғи өсімімен емес, яғни жүрек ауруларынан қайтыс болған жұмысқа қабілетті ер адамдардың саны екі есеге дейін көбейген. Қазіргі уақытта ер адамдардың өмір ұзақтығы орта есеппен 63,5 жас, әйелдерде – 73,2 жас мөлшерін көрсетуде.

Елдегі орын алып отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық төңкерістер қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың өсуіне, байлар мен кедейлер табысының арасындағы елеулі айырмашылықтарын, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен әлеуметтік қысымның жоғарылауы мәселелеріне алып келеді. Мұндай жағдайларда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жеткіліксіз болып саналады.

Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс жүйесі қайта жаңартуды, реформалауды талап етті. Бұл дегеніміз әлеуметтік қызмет мамандарын қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсібилігін жоғарылату және іс жүзінде әлеуметтік жұмыстың қазіргі тиімді технологияларын қолдану болып табылады.

 

леуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде

Кез-келген қызмет көрсету саласында технологияны игеру, оны тәжірибеде қолдану кәсіби маманға қойылатын талап болып табылады. Сондықтан да, әлеуметтік қызмет саласында жоғары кәсіби білімді маманды дайындау бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістерін негізгі оқу пәндерінің бірі ретінде қарастырады.

«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтейік.

Технология (грек тілінен techne - өнер, шеберлік, logos - оқу, үйрену) - өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі болып табылады.

Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталған болды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.

Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал әлеуметтік саланы технологизациялау, «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ. 70-ші жылдардың ортасында да әлеуметтік саланы технологизациялау мүмкіндігінің өзі біршама күдік туғызды.

«Әлеуметтік технология» ұғымын алғашқы рет толығымен қарастырған еңбек 1976 ж болгар ғалымы Николь Стефановтың «Қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтік технологиялар» монографиясы болды. Автордың айтуы бойынша әлеуметтік процестер технологизациясы - адамды, іс-әрекеттер құрылымымен, яғни әлеуметтік технологиялардың мәні білімді, тәжірибемен адамның дағдыларын, әлеуметтік қатынастары мен процестерін қайта қалыптастырумен түсіндіріледі деді.

Н.Стефановтың тұжырымдауынан кейін қоғамтанушылар әлеуметтік саланы технологизациялау мәселесін белсенді түрде зерттеуге кірісті.

70-ші жылдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік технологиялармен байланысты мәселелерді ғылыми зерттеу белсенді түрде жалғасуда. Әлеуметтік технология мәселесін ғылыми зерттеу оның мәнін анықтау болып табылады.

Осылайша, әлеуметтік технологияның күрделілігін зерттеудің әртүрлі бағыттары әлеуметтік технологияның мәнін анықтайтын көптеген анықтамалар берді. Олардың ішінде әлеуметтік технология: «басқару, реттеу тәсілі және әлеуметтік процесті жоспарлау» ретінде, «өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін және іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік жобалаудың соңғы өнімі» ретінде, «қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер, тәсілдердің жиынтығы» ретінде, қойылған мақсатқа жету құралы және қоғамдық мәселені шешуге бағытталған тәсілдерін сипаттайтын әлеуметтанулық категория ретінде сияқты тұжырымдарды айтуға болады.