Леуметтік алдын-алудың мәні мен мазмұны

Барлық халық, әсіресе жоғары тәуекел тобына жататын адамдар алдын-алу жұмыстарын қажет етеді, соның ішінде жас жеткіншектер, жасөспірімдер, қарт адамдар, сонымен қатар асоциалды өмір салтымен жүретін адамдар және т.б. Бірақ алдын-алу саласындағы әлеуметтік қызметтер бұл адамдар категориясына қажетті тәсілдер мен бағыттар жағымсыз жақтарға емес, жағымды потенциалға сүйене отырып, жұмыс жасауы қажет.

Бұл парадигманы өзгертуге, тек ауруларды емдеуге бағдарланған және халыққа көмек көрсететін бұрынғы медициналық моделден ауытқу тенденциясын білдіреді. Жаңа моделдің ең басты қызметі индивидтің бойындағы ауру себептерін, негативті салдар тудыратын психоло-гиялық және әлеуметтік жарақаттарды іздеуге назар аудару болып табылады.

Алдын-алу биологиялық немесе генетикалық факторларды жоққа шығармайды, бірақ оларды кең психологиялық және мәдени тұрғыда қарастырады.

Орын алып отырған өзгерістер тек емдеу процесінің алдын-алу іс-шараларына қайта бағдарлануға ғана негізделмейді, сонымен бірге, бұл жаңа модель алдын-алуды ұйымдастыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады. «Алдын-алу» деген сөздің өзі қандай да бір жағымсыз жағдайды жоспарланған ескертумен, яғни қандай да бір жағымсыз салдарды тудыратын себептерді жоюмен сипатталады.

Алдын-алу іс-шаралары қажетті нәтижеге жетуге бағытталған, жоспарланған әрекеттер түрінде болуы, сонымен қатар, орын алуы мүмкін негативті құбылыстарды жою барысында жүргізілуі керек.

Алдын-алу іс-шараларын келесілерге бағытталған ғылыми негізделген және уақытында қабылданған әрекеттер арқылы түсіндіруге болады:

- жекелеген мүгедектер мен тәуекел топтарында мүмкін болатын физикалық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени қақтығыстардың алдын-алу;

- адамдардың қалыпты денсаулығы мен өмір деңгейін сақтау, қорғау және қолдау;

- алға қойған мақсаттарына жету мен ішкі мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектесу.

Көп жағдайда бастапқы алдын-алу іс-шаралары кешенді әдістерді қажет етеді, яғни ол мүмкін болатын мәселелерді жоюға немесе қойылған міндеттерді шешуге қабілетті құрылым мен жүйелерді іске қосуы қажет.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды принциптерінің бірі, адамдарға көрсетілетін көмек олардың әлеуметтік және физикалық жағдайын басты назарға алуы болып табылады. Алдын-алу іс-шаралары да осы принцип негізінде қалыптасуы қажет.

Алдын-алу іс-шараларының тәжірибесі үнемі даму үстінде болады, сонымен бірге оның мазмұндық бөлігін қамтитын кейбір негізгі элементтерді бөліп қарастыруға болады.

1. Бүгін немесе ертең орын алатын жағдайды түсіну үшін адамның отбасына, достарына, көршілеріне, тұрғылықты жеріне, жұмысы немесе оқуына, табиғи ортасына қатысты кез-келген маңызды мәселелер.

Күнделікті өмір стрестік факторларға толы, олар байқалмай жинала отырып, кумулятивті (шоғырландырылған) әсерге ие болғанмен, олардың әрқайсысы күрделі әлеуметтік мәселелерге себеп бола алмайды.

Сондықтан да алдын-алу әдістері жүйелі сипатқа ие, яғни, олар адам бойындағы, әлеуметтік және табиғи ортадағы стрестердің шығу көзін түптамырымен жоюға бағытталған.

2. Алдын-алу шаралары - бұл мәселелерге жауап беру емес, олардың пайда болуын жоюға тырысады. Олар өмірлік күйзеліс сәтінде немесе күтпеген оқиғалар нәтижесінде пайда болатын мәселелерді (ата-аналары ажырасқаннан кейін пайда болатын мәселелер) басынан өткізбеген азаматтарға бағытталған.

Клиент пен әлеуметтік қызметкер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде құрылып, олардың әрқайсысы аталған мәселені шешуге өз үлесін қосуы тиіс.

3. Алдын-алу әдістері адамдарды алға қойылған мақсаттарға жету мен денсаулығын сақтауға көмектесетін жаңа дағдыларға үйретуді қамтиды. Сонымен қатар, аталған қызметтер адамның қалыпты өмірлік іс-әрекеттерін қолдап, ынталандырып отыратындай әлеуметтік ортаны өзгертуге бағытталған. Жүйелік бағыт бұл өзара байланысқан факторларды есепке алады. Көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері көп жағдайда алдын-алу жұмыстары үшін де қолданылуы мүмкін. Мысалы, позитивті өмірлік дағды тренингі терапевтік мақсаттар үшін дайындалған, бірақ олар пайдалы әлеуметтік дағдыларды қолдау үшін де кеңінен қолданылады.

4. Алдын-алу іс-шаралары әлі пайда болмаған мәселелерді шешуді көздейді. Сондықтан да, кейбір алдын-алу іс-шаралары мәселелердің пайда болуынан көп бұрын, ал кейбіреулері пайда болу алдында ғана қабылданады.

5. Соңғысы, алдын-алу іс-шаралары қойылған мақсаттарға жетудің қолайлы жолдарын табу, болжанатын мәселелерді жою үшін арналған және бұл алдын-алу іс-шараларының құндылығы мен маңыздылығын көрсетеді.