Технологиялық процестің мәні мен құрылымы

Процесс – бұл ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен зерттеу пәнінің өзгеруі. Әлеуметтік жұмыста сыртқы фактор ретінде клиенттің өмір сүру ортасы мен әлеуметтік жағдайы қарастырылады, ал ішкі фактор ретінде адамдардың немесе адамдар топтарының адамгершілік-психологиялық, физиологиялық және физикалық ресурстары қарастырылады.

Әлеуметтік жұмыс маманының клиенттің мүддесіне сай ішкі және сыртқы факторларға мақсатты бағытталған ықпалы, олардың белсенділігі әлеуметтік жұмыс технологиясының басты қызметі болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ақпаратты талдауда, тұлғалақ (немесе топтың) мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын дайындау және дайындалған жоспарды тәжірибеде жүзеге асыруға қатысады, яғни клиенттің тіршілік әрекетіндегі ықпал ету технологиясын жасап шығарушы және белсенді қатысушы болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясына процесс ретінде белгілі-бір уақытқа қатысты ұзақтық, мақсат пен міндетті анықтаудан бастап, оны тәжірибеде шешкенге дейінгі уақыт аралығы тән. Бұл ұзақтық әлеуметтік жұмыс ұйымдастырушыларының және олардың клиентпен өзара әрекеттерінің аяқталған циклін білдіреді. Ортақ мақсаттағы іс-әрекеттің мазмұнының тұрақты, қайталанып,тізбекті ауысуы – технологиялық процестің мәнімен сипатталады.

Біріншіден, технологиялық процестің негізін іс-әрекет алгоритмі (операция) құрайды.

Алгоритм – белгілі-бір мәліметтер бойынша операцияның қалай және қандай кезектілігі арқылы міндеттердің нақты шешімін білдіретін бағдарлама. Бұл термин латын сөзінен «algorithmi» шығады. Орта ғасырда Еуропада кеңінен тараған трактат, ІХ жүзжылдықта хорезм математигінің аты латын тілінде аль-Хорезм деп аталды.

Ол кезеңде алгоритм термині есептеу өнері жүйесінде қолданылды. Ал қазіргі уақытта бұл термин электронды есептеу техникасында кеңінен қолданылады және де әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде де жиі қолданылып жүр.

Қазіргі кезеңде «алгоритм» ұғымы сандармен жүргізілетін операциялармен шектелмейді, және логикалық операцияларды, сонымен бірге басқарушылық шешімдерді қабылдауда, мақсат пен міндетті анықтауда, ақпаратты өңдеуде және тағы да басқаларда қолданылады.

Бұл терминнің әлеуметтік жұмыстағы қолданылуы, әлеуметтік жұмыс объектісінің қайта қалыптасуына ықпалдылығымен түсіндіріледі.

Екіншіден, технологиялық процестің маңызды компоненті операция болып табылады.

Операция – бұл саналы түрде мақсатқа жетуге бағытталған қарапайым іс-әрекет. Жалпы мақсатқа біріккен операциялар жиынтығы, технологиялық процесс процедурасын құрайды.

Операцияның маңызды сипаттамасы қойылған мақсатқа оның нәтижесінің сай болу деңгейі болып табылады. Бәрімізге белгілі, іс-әрекеттің нәтижесіне әлеуметтік ортаның ерекшелігіне сай әртүрлі бақыланбайтын факторлар әсер етуі мүмкін. Олардың ішінде, экономикалық жағдайды, әлеуметтік-экономикалық құбылысты, сонымен бірге, тұлға немесе әлеуметтік топ ерекшеліктеріне тән субъективті факторларды атауға болады. Сондықтан да, әрбір операцияның осы технологиялық циклдің нәтижесі, әлеуметтік сала маманының кәсіби сауаттылығына, әлеуметтік қызметті қажет ететін клиент жағдайына әсер ете алу қабілетіне тәуелді.

Үшіншіден, технологиялық процестің маңызды компоненттерінің бірі инструментарий болып табылады.

Инструментарий – тұлғаға немесе әлеуметтік қауымдастыққа ықпал ету арқылы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін құрал. Адам өзінің іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында қоршаған ортамен өзара байланысқа түсе отырып, тұлға ретінде дамиды және қалыптасады, өмір сүреді. Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс клиентті қайта қалыптастырушы, танымдық, құндылықты-бағытталған, коммуникативті іс-әрекеттерге тарту, бұл тұлғаға әсер етудің маңызды құралын пайдалану болып табылады. Мұндай міндеттерді шешу үшін әлеуметтік қызмет маманы көмекші құралдардың толық кешенін және ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және процедуралық сипаттағы тәсілдерді қолданады.

Егер олар нақты технологиялар үшін жалпы маңызды, әдіснамалық сипатқа ие болса, технологиялық процеске кіретін процедуралар мен операциялар оның құрылымдық элементі рөлін атқарады. Нақты технологияларда жеке процедуралар өзіндік технологияға айналуы немесе жеке мәндерге ие технологияларға бөлініп кетуі мүмкін. Мысалы, нақты жағдайдағы клиентпен әлеуметтік жұмыста өзіндік сипатқа ие болатын, толық және жалпыландырылған әлеуметтік технологиялық процестегі мақсатты жобалау поцедурасында операциялардың бірі диагностика болып табылады.