Леуметтік бейімделудің мәні мен мазмұны

Әлеуметтік бейімделу адамның жағдайын ғана көрсетіп қоймай, әлеуметтік ортаның ықпалы мен әсеріне әлеуметтік организмнің тұрақтылық пен тепе-теңдікке ие болу процесін бейнелейді.

Әлеуметтік бейімделу адам өміріндегі өтпелі кезеңдерінде, радикалды экономикалық және әлеуметтік реформалар кезеңінде де көрініс табады.

Қазіргі уақытта бұл мәселені қарастырудағы баса назар аудару адамдардың өмірінің әртүрлі салаларындағы бейімделу процесінің тездетілуімен байланысты, тәжірибелік міндеттерді шешу қажеттілігімен айқындалып отыр, олар кәсіби, тұрмыстық, саяси-құқықтық және т.б.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде бейімделу мәселелері бірнеше бағытта қарастырылады: биологиялық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтанулық, және кибернетикалық. Топтың әлеуметтік бейімделуінің философиялық-әдістемелік аспектісі В.Ю.Верещагиннің, И.Д.Калайковтың, П.И.Царегородцевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектісін А.А.Бодалев, Г.А.Балл, Л.П.Гримак, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн сияқты психологтардың зерттеулерінде көрініс табады. Педагогикалық аспектілерін Н.Н.Березовин, О.Л.Берак, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызин және т.б. ғалымдар қарастырған. Жоғарыда көрсетілген бағыттарын ескере отырып, бейімделу процесінің көптеген анықтамасы мен сипаттамалары бар.

Жинала келе, бұл ғалымдардың еңбектері теориялық және әдістемелік тұрғыда маңызды болып отыр және әлеуметтік жұмыстағы индивид дамуының жетістіктерін көрсетеді. Сонымен бірге, айта кететін жайт халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік бейімделу мәселесін қарастыру әлеуметтік жұмысты технологизациялау контекстінде терең зерттеуді қажет етеді.

Әлеуметтік бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік орта өміріне белсенді түрде қалыптасу процесін айтамыз. Әлеуметтік бейімделу процесінде адам әлеуметтік ортаның ықпал ету объектісі және осы ортаның ықпалына жауап беретін субъектісі болып табылады. Бейімделу процесі бұл әлеуметтік құндылықтарды әлеуметтену арқылы игеру. Адам белсенді субъект ретінде өзінің өмір сүру барысында басқарушылық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық технологиялар мен әдістерді, яғни адамдық өркениет өнімдерін меңгереді және қолданады. Іс жүзінде адамдық мәдениеттің барлық элементтері бейімделу механизмі арқылы тұлғаның қалыптасуына қатысады. Әлеуметтілік – адамның мәнділік жағы, оның сапалық сипаттамасы. Оны басынан өткізбегендерге біз тек қана психологиялық ауруларды немесе бала кезінен бастап әлеуметтену процесінің кезеңдерін өтпегендерді («Маугли эффектсі») жатқызуымызға болады.

Бейімделудің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ оның ішінде бірінші орынға әлеуметтік шығады. Адамның толық әлеуметтік бейімделуі физиологиялық, басқарушылық, экономикалық, педагогикалық, психологиялық және кәсіби бейімделуді қамтиды.

Басқарушылық (ұйымдастырушылық) бейімделу. Басқарусыз - адамға жақсы жағдай жасау (жұмыста немесе тұрмыста), оның әлеуметтік рөлінің жоғарылауының алғышарттарын құру, оған ықпал ету, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтарына жауап беретін іс-әрекетпен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әлеуметтік бейімделу басқарылатын процесс. Оны басқару тек өндірістік, өндірістіктен тыс, өндірістікке дейін, өндірістіктен кейінгі іс-әрекеттерін жүргізу барысында әлеуметтік институттардың тұлғаға ықпал етуімен ғана емес, өзін-өзі басқарумен де жүзеге асырылады. Яғни, адамның өзін-өзі сынауы, өзінің ойлары мен әрекеттеріне жауапты болуын талап етеді.

Экономикалық бейімделу. Субъектілердің, индивидтердің экономикалық қатынастарының принциптері мен жаңа әлеуметтік-экономикалық нормаларын игерудегі күрделі процесс болып табылады. Мұнда әлеуметтік жұмыс технологиясына маңыздысы жұмыссыздық жәрдемақысының көлемі, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейі сияқты нақты әлеуметтік шынайылыққа бейімделуді қамтитын «әлеуметтік блок»болып табылады. Олар адамның тек физиологиялық қажеттіліктеріне ғана емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктеріне де жауап беруі тиіс. Егер адам кедей немесе жоқшылықта, жұмыссыздықта өмір сүретін болса, онда толыққанды әлеуметтік бейімделу болады деп айта алмаймыз.

Педагогикалық бейімделу. Тұлғаның құндылықты бағдарының жүйесін қалыптастыратын оқу мен тәрбиелеу, білім жүйесіндегі бейімделуі. Айта кету керек, адамның бейімделуіне табиғи, мұрагерлік, географиялық факторлардың кешенді ықпал етуі әсер етеді, бірақ соңғысы оның әлеуметтенуінде шешуші рөл атқармайды.