Тақырыптың негізгі сұрақтары

Сабақ № 7

Кредит 2

Тақырып 3: Тұндырмалар. Оларды алу тәсілдері. Өндірістің технологиялық схемасы. Тұндырмаларды стандарттау. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру. Спиртті рекупирациялау.

Мақсаты: Экстракциялаудың теориялық негіздерін меңгеру. Тұндырмаларды әртүрлі тәсілдермен алу үшін, экстракциялауды экстрактивті заттардың сығындалуының толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып жүргізу үшін жұмыс жазбасын құрастыру және есептеуді үйрену.Өз бетінше тұндырмаларды тазартуды және стандарттауды, толық сығындалынған шикізаттан спиртті рекуперациялауды үйрену, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

- галендік препараттардың номенклатурасы, олардың жіктелуі;

- экстракцияның толық жүруіне және жылдамдығына әсер ететін факторлар;

- кептірілген және жаңа өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшіліктері;

- экстракция процесінің қозғаушы күштері, масса алмасу заңдары, молекулалық және

- конвективтік диффузия;

- экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- экстракцияға қолданылатын технологиялық қондырғылар;

- еріткіштер мен экстрагенттердің номенклатуралары мен жіктелуі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, экстрагентке қойылатын талаптар;

- экстракциялық препараттардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- тұндырмалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы, артықшылықтары мен кемшіліктері;

- тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы, жеке тұндырмалардың технологиясының ерекшеліктері, шикізат пен экстрагенттердің қатынастары, тұндырмаларды стандарттау;

- тұндырмаларды тазарту әдістері;

- тұндырмаларды сақтау шарттары.

 

студент істей білуі тиіс:

- қарапайым және күрделі тұндырмалар алуға лабораториялық регламент жазу;

- зауыт жағдайындағы тұндырмалар өндірісінің технологиялық және аппаратуралық схемаларын теория жүзінде негіздеу;

- экстракциялау әдістерін теорияға негіздеу;

- экстрагент мөлшерін дұрыс есептеу және дұрыс сұйылту;

- тұндырмаларды әртүрлі әдістермен дайындау: мацерация, бөлшекті мацерация, перколяция;

- тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;

- спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:

- а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы

бойынша анықтау;

- б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;

- толық сығындалынған өсімдік шикізатынан спиртті әртүрлі әдістермен рекуперациялау;

- абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

2. Әртүрлі өсімдік шикізаттарындағы экстрактивті заттардың химиялық құрамы.

3. Өсімдік шикізаттарының структуралық механикалық қасиеттері.

4. Өсімдік клеткаларының құрылысы, клеткалардың биофизикасы.

5. Дәріханаларда тұнбалар мен қайнатпалар дайындау. Технологиясының ерекшеліктері.

6. Жылу процестері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Галендік препараттар суммарлы құрамды дәрілік зат ретінде. Галендік препараттардың эволюциясы. Жіктелуі.

2. Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау процесінің мәні. Молекулалық және конвективтік диффузия үшін Фик заңы. Эйнштейн теңдігі. Күрделі масса алмасу.

3. Жаңа және кептірілген өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшеліктері.

4. Заттарды жібіту. Биологиялық активті заттарды еріту.

5. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторлар.

6. Еріткіштердің және экстрагенттердің (су, спирт, хлороформ және т.б.) жіктелуі және қазіргі кездегі ассортименттері. Экстрагенттерге қойылатын талаптар. Сығылған газдардың қолданылу перспективалары.

7. Экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылатын технологиялық қондырғылар. Мацерация, ремацерация (бөлшекті мацерация), перколяция әдістерінің ерекшеліктері.

8. Экстракциялық препараттардың жіктелуі. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

9. Тұндырмалар. Анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы. Қолданылуы.

10. Тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

11. Спирт рекуперациясы. Спиртті рекуперациялау тәсілдері. Қолданылатын аппараттар.