Тақырып 4: Максимальды тазартылған фитопрепараттарды алу. Стандарттау.

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды орындау барысында тақырып бойынша алған білімді бекіту. Сокслет типті қондырғыдан циркуляциялық экстракция арқылы препараттарды алуды үйрену және сығындыларды балласты және қосалқы заттардан толығымен тазартуды жүргізу.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

- жаңа галендік препараттар өндірісінің технологиялық схемасы;

- біріншілік және терең тазарту тәсілдері;

- жаңа галендік препараттарды алуға қолданылатын аппараттар;

- жеке заттардың препараттарының артықшылықтары;

- экстрагенттердің номенклатурасы.

студент істей білуі тиіс:

- сығындыларды біріншілік және терең тазартуды дұрыс жүргізу;

- препаратты стандарттау;

- әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. Сабақ тақырыбы бойынша латын және орыс терминологиясы.

2. Өсімдік шикізатының биохимиялық құрамы.

3. Сығындыларды тазарту. Негізгі тәсілдері.

4. Сорбция, дегидратация, сұйықтықты экстрацияның теориялық негіздері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Экстракциялық препараттар. Жіктелуі. Номенклатурасы.

2. Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау әдістері. Қолданылатын аппараттар.

3. Жаңа галендік препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы.

4. Жаңа галендік препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Экстракциялау тәсілдері, оларды қолдану ерекшеліктері.

5. Жаңа галендік препараттар өндірісінде қолданылатын экстрагенттер.

6. Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды біріншілік тазарту тәсілдері. Фракциялық тұндыру. Оның негізгі тәсілдері. Олардың негізінде жатқан әсер ету механизмі. Қолданылатын аппараттар.

7. Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды терең (толық) тазарту тәсілдері.

8. Сорбция түрлері (адсорбция, адсорбция, хемосорбция).Қолданылатын аппараттар (абсорбер, адсорбер) және қондырғылар. Олардың құрылыстары мен жұмыс істеу принциптері.

9. Диализ және электродиализ. Олардың механизмдері. Қолданылуы. Қолданылатын аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

10. Сұйықтықты экстракция, оның механизмі. Қолданылатын қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

11. Жалынгүл, дигиталис, үлкен жолжелкен, меруертгүл, спорынья, раувольфияның жаңа галендік препараттарының жеке технологиялары.

12. Жаңа галендік препараттарды стандарттау, оларды босату түрлері.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.

Тапсырма N 1.Адонизидтің берілген мөлшерін циркуляциялық экстракциямен алу. Экстрагент: 96% этанол және хлороформ қоспасы (5:95). Ол үшін:

а) бастапқы шикізат пен экстрагенттің мөлшерін есептеу. Өсімдік шикізатын алдын – ала ісіндіріп қою керек.;

б) адонизид өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру;

в) алынған сығындыны біріншілік және толығымен тазарту, стандарттау.

г) әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру.

Тапсырма N 2."Руководства к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм" (Тенцова А.И. - М., 1986 г) оқулығындағы 190-192 беттердегі есептерді шығару.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс.

Дебиеттер

Негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

Қосымша:

1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

2. Лекциялық материалдар.

3. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

 

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Экстракциялық препараттарға анықтама беріңіздер. Қалай жіктеледі? Мысал келтіріңіздер.

2. Экстракциялаудың қандай әдістерін білесіздер? Олар қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі?

3. Жаңа галендік препараттар дегеніміз не? Артықшылықтары мен кемшіліктері. Жіктелуі. Мысал келтіріңіздер.

4. Жаңа галендік препараттарды алудың жалпы схемасы. Олардың өндірісінде экстракциялаудың қандай тәсілдері қолданылады?

5. Біріншілік тазартудың қандай тәсілдерін білесіздер?

6. Спирттік тазартудың, тұздықтаудың, ауыр металдар тұздарымен тұнбаға түсірудің, денатурацияның, еріткішті ауыстырудың механизмі.

7. Сығындыларды толығымен (терең) тазарту тәсілдері.

8. Сұйықтықтық экстракцияның механизмі қандай? Олар қандай жағдайда, қандай аппаратта, қалай жүргізіледі?

9. Сорбцияның қандай түрлерін білесіздер? Сипаттама беріңіздер.

10. Сығындыларды тазарту үшін қандай адсорбенттер қолданылады? Қандай аппараттарда?

11. Хемосорбция дегеніміз не? Сорбенттер ретінде не қолданылады?

12. Тазарту тәсілі ретінде диализдің механаизмі қандай? Сорбент ретінде не қолданылады?

13. Құрамында жүрек гликозидтері бар жаңа галендік препараттарда илік заттар неліктен болмауы керек? Олардан қалай тазартады?

14. Жаңа галендік препараттар өндірісінде қандай экстрагенттер қолданылады? Неліктен?

15. Жаңа галендік препараттар қалай стандартталады? Қалай босатылады?

 

Тест тапсырмалары:

1. Жаңа галендік препараттар – бұл ... .

| экстрагентті толық немесе жартылай аластату арқылы алынған, дәрілік

өсімдік шикізатының концентрлі сығындылары

| қыздырусыз және экстрагентті аластатпай, дәрілік өсімдік шикізатынан

алынатын биологиялық белсенді заттардың спирттік сығындысы

| дәрілік өсімдік шикізатынан алынған, құрамында биологиялық заттары

табиғи күйде болатын, балласты және қосымша ілеспелі заттардан толық

тазартылған сығындылар

| бөліп алынған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда

түзілетін заттардың препараттары

| құрамында биологиялық белсенді заттары табиғи күйде болатын және

жас өсімдік шикізатынан сығу арқылы алынған қою және қою емес

шырындар

1. Жаңа галенді стероидты сапониндер препараттары ... .

| рамнил, раунатин, плантоглюцид

| фламин, эрготал

| адонизид, коргликон, кордигит

| диаспонин, полиспонин

| ависан, гитален, даукарин

2. Диализ механизмі ... аяқталады.

| диффузия жолымен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сығындыны

биополимерлерден босатумен

| бір сұйықтықта еріген әсер етуші заттарды бөліп алу, заттардың әртүрлі

ерігіштігіне байланысты бірінші сұйықтықпен араласпайтын басқа

сұйықтық көмегімен экстракциялаумен

| қатты заттың ерітіндіден бір немесе бірнеше компоненттерді таңдамалы

жұтуымен

| жоғары немесе төмен температура, УК-сәулелер, ультрадыбыс әсерімен

сығындыдағы ақуыздарды және пектиндерді тұндырумен

| күшті электролиттер ерітінділерінің көмегімен гидраттық қабатын бұзу

арқылы сығындыдағы биополимерлерді тұндырумен

3. Сорбция механизмі ... аяқталады.

| қатты заттың - ерітіндіден бір немесе бірнеше компоненттерді

таңдамалы жұтуымен

| бір сұйықтықта еріген әсер етуші заттарды бөліп алу, заттардың әртүрлі

ерігіштігіне байланысты бірінші сұйықтықпен араласпайтын басқа

сұйықтық көмегімен экстракциялаумен

| диффузия жолымен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сығындыны

биополимерден босату

| жоғары немесе төмен температура, УК-сәулелер, ультрадыбыс әсерімен

сығындыдағы ақуыздар мен пектиндерді тұндырумен

| күшті электролиттер ерітінділерінің көмегімен гидраттық қабатын бұзу

арқылы сығындыдағы биополимерлерді тұндырумен

4. Жүрек гликозидтерінің препараттарына ... жатады.

| фламин, даукарин, платаглюцид

| эрготал, раунатин

| диаспонин, полиспонин

| коргликон, дигален-нео, лантозид, кордигит, адонизид

| ависан, рамнил

 

Сабақ № 12

Кредит 4

Тақырып 1: Таблеткалар.Ұнтақтардың және түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу. Түйіршіктердің сапасын бағалау. Түйіршіктеуді қолданып таблеткаларды алу.

Мақсаты: Таблеткамен дәрілік түр ретінде танысу. Түйіршіктеу процесін теория жүзінде негіздеу және түйіршіктерді дайындауға, ұнтақтар мен түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық талдауларын дұрыс жүргізе білуге үйрету. Өздігінше таблеткаларды престеу арқылы алуды үйрену.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

· таблеткалардың дәрілік түр ретінде анықтамасын;

· таблеткаларды дайындау кезінде қолданылатын қосымша заттарды;

· таблеткаларға қойылатын талаптарды;

· түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдерін;

· түйіршіктегіштер мен ысқылағыш машиналарды, кептіргіштерді;

· таблеткаларды алу процесінің технологиялық сатыларын;

· таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын.

 

студент істей білуі тиіс:

· әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;

· түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;

· таблеткалардың сапасын МФ ХІ бас. талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. Фармацевтикалық технологияда қолдануға рұқсат етілген қосымша заттар. Олардың жіктелуі, номенклатурасы және сипаттамасы.

2. Тығыздық. Заттардың көлемдік тығыздығы.

3. Ұнтақ тәріздес заттардың сусымалдылығы.

4. Сусымалы материалдардың гигроскопиялығы туралы түсінік.

5. Кристаллизациялық су және оның ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Таблеткалар, олардың дайын дәрілік түрлер ассортиментінде алатын орны. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Таблеткалардың қолданылу және дайындалу тәсілдері бойынша жіктелуі.

3. Таблеттеудің теориялық негіздері. Ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық және технологиялық қасиеттері, олардың өзара байланысы. Таблеттеу механизмінің теориясы.

4. Таблетка өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары. Дәрілік және қосымша заттарды дайындау.

5. Түйіршіктеу. Түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдері. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Түйіршіктеуге қолданылатын аппараттар.

6. Таблеткаларға МФ ХІ басылымы бойынша қойылатын талаптар.